Министрліктің атын пайдаланған орталықт...

2017-01-20 09:25:49

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әу...

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік с...

2018-08-23 12:45:07

       "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастард...

13 мың шетелдік білім алып жүр...

2018-01-11 03:46:07

   Қазақ жастары құрлық асып, шетел көріп жатса, отандық білімге бет бұрған шетелдік студенттер де а...

123
Қырқ 19, 2018 454

Үйден оқитын балаларға ерекше жағдай керек

Қоғамда қимыл-қозғалысы қиын, бойында кінәраты бар балалардың лайықты білім алуына…
Қырқ 19, 2018 368

ТҮЛЕКТЕР ТАБАН ТІРЕДІ

Білімге ден қойып жүр­ген жастар Ресей гран­тымен білім алып қайтқан студенттердің…
Қырқ 19, 2018 384

БАЛА БОЙЫНДАҒЫ КҮЙЗЕЛІСТІҢ САЛДАРЫ

Отбасы ішін­дегі қарым-қатынастардың балаға айрықша әсер ете­тіні белгілі. Сүйіспеншілік…
Қырқ 12, 2018 394

ҚАЙ ОҚУ ОРНЫН ТАҢДАДЫҢ, ТАЛАПКЕР: ҚМУ ӘЛДЕ БОЛАШАҚ?

Белді оқу орнының түлегі болу - әр­бір оқушы үшін арман. Өмірінің бір бөлігін өткізетін…

Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:

 

   Қоғамда қимыл-қозғалысы қиын, бойында кінәраты бар балалардың лайықты білім алуына кедергі болмауы керек. Бұл білім саласындағы ең өзекті мәселенің бірі. Себебі өмірдің ағысына қарсы жүзген балалардың білім стан­дарт­тарынан қалып қоймауын қадаға­лау білім ордасына тікелей байланыс­ты. Мұны педагогика тілінде инклю­зивті білім беру деп атайды.

   Инклюзивті білім алатын балалар арнайы жағдайда оқиды. Яғни дәрі­гердің диагнозы арқылы балаға қолай­лы орта жасау үшін мектептерде инк­лю­зивті сыныптар ашылуда. Ал, кейбір сыныптарда мұғалімдер баланың үйіне барып оқытады. Бұл жеке сабақ түсін­діру, баланың қабылдау деңгейіне ауыр болмайтын тақырыптарды түсін­діруде педагогтар әрбір балаға арнайы бағдар­лама жасайды.

   Инклюзивті жағдайда білім алатын жастарға тәлім беретін ұстаздар әрбір ба­­лаға кемінде 2-3 сағат ғана уақыт бөлу керектігін айтады. Себебі бала бел­гі­ленген уақытқа жетпей шаршап, не ден­саулығына кері әсерін тигізуі мүм­кін. Мұндайда педагог ата-анамен ты­ғыз қарым-қатынас жасайтынын жасыр­майды.

  Расында, қоғамның бел ортасында жүріп, денсаулығында кінәраты бар мүм­кіндігі шектеулі балалардың өз дә­режесінде білім алуына жағдай жасау мә­селесі білім саласының мінберінен аз айтылып жүрген жоқ. Тіпті бюд­жет­тен қаржы бөлініп, оқулықтар са­тып алынуда. Қазіргі таңда барлық әлем жұрт­шылығының назарын ауда­рып отыр­ған мәселе балалардың жеке сұ­раныстары мен ерекшеліктеріне ор­та­ның, отбасының қатысуымен білім бе­ру үрдісіне толық қосуды қарас­тырады.

Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018 13:27

ТҮЛЕКТЕР ТАБАН ТІРЕДІ

| Автор: 

       Білімге ден қойып жүр­ген жастар Ресей гран­тымен білім алып қайтқан студенттердің өміріне қызығады. Екі ел арасындағы келісімнің нәтижесінде Ресейдің маңдайалды оқу орында­рында білім жинауға мүмкіндік алған студент­тер­дің алғашқы қарлы­ғаш­тары елге оралуда. Бүгінгі күні алғашқы 74 түлек диплом алып, олар­дың 43-і магистратураға түсті. Бұл жайында  аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алған алғашқы қызылордалық түлектер­мен кездесуі барысында айтты.

   2014 жылдан бастап Мәскеу мен Санкт-Петербургтің озық оқу орындарында 452 қызыл­ор­далық студент Ресей Федерациясы үкіметінің гранты есебінен білім алуға көшкен. 74 түлектің 43-і білімін қайта жалғас­тыруды құп көрсе, 14-і ай­мақтың ірі кәсіпорын­дары - "СКЗ-У" ЖШС, "Қы­зылорда жарығы" ЖШС, "Ансар Сервис" ЖШС, "Теплотехник" ЖШС, мамандан­дырыл­ған мемлекеттік мекеме­ле­ріне қызметке орналас­ты. Сондай-ақ, индус­триал­ды-иннова­ция­лық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқар­ма­лары мен жастар ресурс­тық орталығына және өзге де мекемелерде ең­бек жолын бастамақ. Себебі осы уақытқа дейін жауаптылар "Ресей гран­тымен білім алып келген жастардың жұмыс орны дайын" деген ақпаратты алға тартқан. Себебі әрбір кадр аймақ үшін қажетті мамандықтарды оқып кел­ген. Мұны жиында облыс әкімі де салмақтай кетті.

Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018 13:26

Өндіріс орындарының қарқыны

| Автор: 

  Экономиканы әртараптандыру үшін ел ішінде көптеген өндіріс нысандары болуы керек. Сыртқы, ішкі нарықты жергілікті өніммен қамтуды көздейтін зауыттар мен фаб­рикалар экономиканың тұрақ­ты­лығын сақтап қала алады. Әрі жа­ңа жұмыс көздерін ашып, халықты еңбекпен қамтуға жол ашады. Сыр еліндегі соңғы жылдары салынған өндіріс орындары да эко­но­миканы әртараптандырып, тұ­рақты өсімді қалыптастыруға күш салып келеді. Оның үстіне Қызыл­орда облысы сырттан инвестиция тарту ісінде аймақтар арасында көш басында келеді. Ең ірі жоба­лардың бірі ретінде өңір экономикасына қозғаушы күш болатын шыны зауытының құрылысы да биыл толықтай аяқталмақ.

Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018 13:24

Жастайынан жарқыраған жүйріктер

| Автор: 

    Сіз жиырма жасыңызда не істей алдыңыз? Бұл сұраққа ойланып көрдіңіз бе? Жауапты бірден табу қиын. Алайда дүние дидарында дүйім елді жастайынан дүркіреткен жастардың қатары жетерлік. Әдетте шығармашылық не спортқа қызығатын балалардың балалық шағы болашағына бейімделумен өтеді. Сөйтіп тез ержетіп, есейеді. Соның арқасында көп ішінен топ жарып, ізіне қара ілестірмей қатарластарынан озып шығады. Бұл күн-түні тынбай жасалған жаттығулар мен дайындықтардың нәтижесі. Мұндай дарынды жастар Қазақстанда да жоқ емес. Біз солардың үлгі боларлықтай қасиеттерін, жастайынан жарқ етіп, өзгеден озып шыққан сәттерін тілге тиек етпекпіз.

   Балалардың балдыр­ған кезінде әртүрлі спорт түріне қызығушылықтары болатыны анық. Алайда, әрі қарай жетік меңгеріп, дөңгелете әкету көптің қолынан келе бермейді. Ал бұл жастар балалық көңілден алыстап, осы үдеден шығып, биіктерді бағындыра білген.

   Аталған тақырыпты көтергенде ойға сөзсіз Илья Ильин түседі. Жас­­-тайынан жарқыраған жерлесіміз жақында 102 кг-да өнер көрсетіп, жұл­қа көтеруден 172 кг, серпе көтеруде 208 кг зіл темірді бағындырып, Қазақстан чемпионы атағына ие болды. Екі жылдан кейін спортқа қайта оралған Ильин­нің жігерімен, қазақ хал­қына алғыс білдіріп жатқанын көріп, кеудемізді мақтаныш сезі­мі кернеді. Ильяның осы спорт түрінен Қа­зақстанды әлемге танытып, көк туымызды көк­ке желбіретіп жүргені кімді болмасын қуа­ныш­қа бөлейді. Ауыр атлетшімен кездесудің орайы келмесе де, ең әуелі әлеуметтік желіні шолып, Ильиннің осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерін қарап шық­тық. Зіл темір көтеруді сегіз жасынан бастаған баланың 20 жасында Бейжіңде өткен олим­пиа­да да алғаш рет әлем чемпионы атанғанын ес­ке түсірейік. Қандай қуа­нышты сәт десеңізші. Одан бөлек ауыз толтырып айтатын жетістіктері де жетерлік. Илья алдағы уақыттарда да өмір бойы жиған тәжірибесін елі үшін жұмсайтынын, жеңіс тұғырынан көріне беретінін айтты.

Page 1 of 204

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Қай сүт өнімдерін жиі пайдаланасыз?

Милоко - 27.9%
Моё - 37.2%
Петропавлское - 11.6%
Айналайын - 23.3%
Дәмді - 0%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 14 Қырқ 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C