Айтарым бар

Жанболат Мелдешев: 

халықаралық бағдарламалар орталығының директоры: 

    Манчестер университеті Малайзияда өз кампусын ашады немесе Малайзияның кейбір университеті әлемдегі үздік университеттің франшизасын сатып алады. Бұндағы оқыту осы университеттің бағдарламасына сәйкес, сол университет мұғалімдерінің қатысуымен жүргізіледі, бірақ құны 10 есе төмен. Сондықтан Малайзияға британдық жоғары оқу орындарының дипломы үшін оқуға түсу бүгінгі таңда кең етек алған, ал Малайзия үшін бұл «білім беру туризмін дамыту» тұрғысынан тиімді. Бізге де сол жолмен жүрсе болады, яғни әлемнің жетекші университеттері үшін Қазақстанда оқу орындарын ашу мүмкіндігін беру. Соның нәтижесінде Үндістан, Қытай, Өзбекстан, Иран және басқа елдерден келген студенттерді Қазақстанда оқытыпОрталық Азиядағы ірі білім беру орталығына айналар едік. 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Білім

Білім (253)

Сәрсенбі, 18 Сәуір 2018 13:27

ТЕҢІЗ ТЕКТЕС ТАЛАНТ

| Автор: 

      Аралдың ауыр ахуалы әлемді алаңдатқан тұста теңіздің табаны көрініп, суы құрғағалы бері аймақ­тың ақын-жазушылары көркем әдебиет арқылы базынасын жеткізуде. Сон­­дай қаламгерлердің бірі, Арал тағдырын, эко­логиялық мәселесін алғаш көтерген Сайлаубай Жұба­тыров болатын.

   Сол себепті де Арал­дың арда азаматы елдің жүрегінен орын алған. Жақында А.Тоқма­ғам­бетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда қала­лық мәдениет және тілдер­ді дамыту бөлімінің бас­тамасымен, қалалық мә­де­ниет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар мемлекеттік кәсіпорны және қалалық кітапхана­лар жүйесі қызметкер­лерінің ұйымдастыруымен эколог-жазушы, публи­цист, "Парасат" орденінің иегері С.Жұбатырұлының 70 жылдық мерейтойына арналған "Теңіз тебіренткен қаламгер" атты шығарма­шылық кеші өткізіліп, "Арал тағдырының ақбе­рені" атанған Сыр елінің қарымды қаламгеріне құрмет көрсетілді.

   

   Соңғы кездері "жастар есеппен жүреді" деген көз­қарас қалыптасты. Келе­шектің үмітін жалғайтын жастардың нарықтық заманда өз орнын, ла­йық­ты қызметін таңдауына ең әуелі алған білімі мен таң­даған мамандығы әсер ете­ді. Ал, біздің елде ма­ман­дық таңдау машақатымен бірталай түлек бас қаты­рып жүр. Себебі бұрынғы­дай емес, екпіні қатты ақ­параттық тасқында бүгін бар мамандықтың ертеңгі күні қажеті болмай қала­ты­ны жастарды ойландыр­май қоймайды. Сол себеп­тен де мектеп партасында отырған әрбір оқушы бола­шағын әріден ойлайды. Әрине, ата-ана бағыты­нан, орта әсерінен шыға ал­май жүрген оқушылар­дың да бар екені жасырын емес. Бірақ, бір байқаға­ны­мыз, қазіргі 11-сынып оқушылары осыдан 5-10 жыл бұрын мектеп бітір­ген түлектерге қарағанда қандай да бір мақсатқа талпынуы жоғары. Сен­бе­сеңіз, биыл мектепті тәмам­дайтын оқушылармен тіл­десіп, келешекке деген жос­парларын тыңдап көр­сеңіз, байқай аласыз. Бұл әрине, болашаққа нық қа­дам басқан сауатты әрі на­рық өміріне төтеп бере алатын ұрпақтың қалып­тасып келе жатқанының белгісі. Десе де, қоғамда мамандық таңдау мәселесі әлі де өзекті. Себебі бағы­ты­нан шатасып жүргендер аз емес. Бүгін біз маман­дық­тың жаңа әлеміне аяқ басатын, жүректері алып ұшып тұрған жастардың қандай маман иесі болуды көздейтіндерін саралап көрдік.

  Алдымен, мемлекет мек­теп оқушыларын кәсіби мамандандыру бағытында нендей жағдай жасай­ты­нына тоқталайық. Әрине, "мамандықтың бәрі жақсы, бейіміне қарай таңдауы" деген түсінік бар. Десе де, мектеп партасында отырған оқушыға, әсіресе 11-сы­нып оқушыларына қан­дай мамандықтың өзекті әрі сұранысы мол, табысы жақсы екенін анық­тай­тын статистикалық есеп­тер керек. Бұл тұрғыда ұстаздар мамандыққа мониторинг жүргізіп, ба­ғыт-бағдар береді. Қызыл­орда қалалық білім бөлімі­нің бас маманы Ғани Сардарбеков қаладағы 54 мектептегі түлектердің білім деңгейі мен қабіле­тіне қарай кәсіби бағдар беріліп, қай деңгейде, қан­дай оқу орнында кәсіби білім алуға мүмкіндігі бар екендігі жөнінде түсіндіру әрі талдау жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Сәрсенбі, 18 Сәуір 2018 12:37

Әлеуметтік дамудың бес тетігі

| Автор: 

       Пре­зидент Нұрсұлтан Назар­баев наурыз айы­ның басында халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға арнал­ған бес әлеуметтік баста­масын жариялады. Елбасы­ның бес әлеуметтік баста­ма­сының әрбірі қазақстан­дықтардың әлеуметтік, тұр­мыстық жағдайын жақсар­туға бағытталған. Бұл бас­тамалар аясында ұсынылған бағдар­ламалар елдің еңсесін көтерері сөзсіз. Елбасы Үн­деудегі бастама­ла­рын әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерінен бас­тады. Сонымен бірге еліне өз үлесін қосу үшін еңбек етіп жүрген білімді жастар бар­шылық. Мені осы жастар­дың жалдамалы пәтер жаға­лап жүретін­дігі қынжыл­тады. Алдағы уақытта Президентіміз атап өткен "7-20-25" бағдарламасы арқылы қолжетімді баспанамен қам­тамасыз етілген бақытты отбасылар саны бірнеше есе өседі деп үміттенемін. Бұл жұмыс істейтін жастарға үлкен көмек.

Сәрсенбі, 18 Сәуір 2018 12:35

Инновациялық оқыту уақыт талабы

| Автор: 

    "Өрлеу" БАҰО" АҚ фи­лиалы Қы­зылорда облысы бойынша педагоги­ка­лық қыз­меткерлердің біліктілігін арт­тыру институтында оқу-әдістемелік жұ­мыстар педа­гогтердің қазіргі талап­тар­ды іске асыруға, педаго­гика­лық қыз­мет­керлердің білік­ті­лік­терін арттыру үшін ақ­па­рат­тық-әдістемелік қам­та­ма­сыз етуге бағытталған. Институт әкім­шілігі қала­лық және ау­дан­дық білім бө­лімдері мен Қызылорда қаласындағы хи­мия-биоло­гиялық бағыттағы "Назар­баев Зияткерлік мек­тебі" ДББҰ, инновациялық мек­тептермен тығыз байла­ныста қызмет атқаруда.

    Бұқаралық ақпарат құ­ралдарында мұғалімнің қо­ғамдағы орны, үздік педа­го­ги­калық тәжірибелер мен же­тіс­тік­терді ақпарат құ­ралдарында белсенді түрде насихаттайды. Филиалдың про­фессор - оқытушылар құ­­­рамы респуб­ли­ка­лық ба­сы­лымдарға өзекті мақала­лар жариялап отырады. Инс­титут ба­за­сында үздік жаңа­шыл мұға­лім­дердің конкурс­та­ры, ше­берлік сыныптары, семинар­лар мен конферен­циялар, дөң­­гелек үстелдер т.б. іс-ша­ралар ұйым­дас­тыру жолға қойылған.

         Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу - ке­зек күттірмейтін мәселелердің бірі. Сондықтан жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету - бүгінгі мектеп алдына қойылып отырған басты міндет.

   Ұрпақ мәселесіне келгенде аса қатты жауапкершілік таныту кез келген азаматтың борышы, өмірлік мәні ретінде қалыптасуы тиіс деп білемін. Патриоттық құндылықтар - тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар шынайы әрі адамға тәуелді емес, дегенмен ол адам санасында орын алады. Құн­дылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әре­кет етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ана тілі мен ұлттық дәстүрді құрметтейтін, дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы қалыптасқан, мақсат қоя алатын, сол мақсатқа жету жолында жауапкершілігі мол, мінез-құлқы, айналадағы адамдарға қарым-қатынас мәдениеті жоғары, отанын сүйетін, күрделі жағдайда нақ­ты шешім қабылдай алатын, салауатты тұлға. Ал, осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқаратын жұмысының орны ерекше.

        Жұмысшы мамандығына талпынып түскен студенттердің қабі­ле­тін арттыруда жыл сайын "WorldSkills Qazaqhstan" чемпионаты ұйымдастырылады. Мақсат - техникалық оның ішінде жұмысшы кәсіптеріне жастардың қызығушылығын арттыру, түрлі кәсіп­тер арасынан үздіктерді анықтау.

   Аймақта 4 рет ұйымдастырылған байқау өткен аптада бірқатар колледж базаларында өткізіліп, жас жұмысшы мамандардың өне­рін саралады. 2015 жылы 4 құзыреттілік бойынша аймақтық ірік­теу байқауы өткізіліп, "тас қалаушы" кәсібі бойынша республикалық чемпионаттан ІІІ орын иеленген. 2016 жылы 8 кәсіп бойынша аймақтық іріктеу байқауы өткізі­ліп, республикалық чемпионатқа 7 кәсіп бойынша қатысқан-ды. 2017 жылы 11 құзыреттілік бойынша облыстық іріктеу өткізіліп 8 мамандық бойынша жеңімпазы республикаға барып қайтты.

   Ал, биылғы 2018 жылы 18 құзыреттілік бойынша облыстық іріктеу байқауына техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарынан 89 білім алушы қатысуда.

          Қазір жоғарғы оқу орын­­дарына түсу үшін кемінде 1,5 миллион теңге ке­рек. Әр жылдың оқу ақы­­сын 300-400 мың теңге аралығында деп есептей­тін болсақ, бұл қаржы үйін­де қоры бар ата-ана­лар үшін аса бір проблема болмауы мүмкін. Алайда, үш баладан жоғары бала асырап отырған отбасылар үшін балаға білім беру, қа­лаған жоғары оқу орнына түсіру білімдегі басты мә­селе. Ал, мектеп бі­тір­ген ба­ланы оқудан айы­ру бо­ла­шағына балта шабу­­мен тең. Қалаған ма­ман­дығы мен таңдаған оқу орны, жатар орны мен оқу ақы­сы, әрі киім-кешегі, қыс­қасы баланың сту­денттік кездегі шығын­да­рын есеп­ке салсақ, әжеп­теуір ақша­ны құрайды. Алайда, 11-сы­нып бітіріп, болашаққа көз тігіп отыр­ған әрбір бала бұл кезеңнен айналып өте алмайды.

   Екі айдан кейін 11-сы­нып оқушылары мектеп­пен қоштасады. Алдағы үл­кен сынақты тапсырып, мамандық таңдайды. Білі­міне сенетіндер мемле­кет­тік грантқа, тіл біліп ізде­ніске ұмтылғандары оқу орындарының гранттарына тегін түседі, ал қалғандары ақылы оқудың амалына кі­ріседі. Мұндайда ата-ана­ның ізінен қалмай, бала­ның назарын өзіне бұрып әкететін жеке оқу орын­дары қаптап кетеді. Баға­лары да мемлекеттік оқу орындарынан кем түспей­ді. Қалтасына әрі геогра­фиялық жағдайына қарай ата-ана да, бала да бірігіп, ортақ шешімге келеді. Мұ­нан кейін әрбір ата-ана жы­лына төлейтін 300-400 мың теңгені табудың жол­дарын іздейді. Бірі соңғы сиырын базарға жетек­тесе, бірі жалақыдан жы­рып береді, ендігі бірі қа­рызға ақша алады. Бас­ты­сы, баланың білімі үзілмеуі керек. Мемлекет те құр қа­рап отырған жоқ. 13 жыл­дан бері білімге несие рәсімдеп, жеткілікті дең­гейде банктер арқылы бі­лімді рәсімдейтін білім беру несиелері бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бі­рақ, шындығы сол, білім несиелерін жалпы жұрт біле бермейді, содан болар көп жұрт білім несиесіне енді мойын бұра баста­ған­дай. Санап берер қолда қар­жысы жоқ көпбалалы ата-ана үшін бұл таптыр­мас мүмкіндік. Осы себеп­ті де біз "Тілші түйіні" ай­да­рында білім беру кре­дит­тері тақырыбына тоқтал­дық.

        Ұстаз ұғымының ма­ғынасы өте тереңде жатыр. Мысалы, жер бетіндегі адамзаттың бірінші ұстазы деп Аристотельді, екінші ұстазы деп біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабиді атайды. Ал, қазақ тарихында даныш­пан Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерді, одан бері­ректе өмір сүрген даныш­пан Абайды, ұлы ағарту­шы Ыбырай Алтын­са­ринді, оқымысты-ғалым Шоқанды ұлы ұстаздар деп санаймыз. Ұстаз - барлық мамандық иесін тәрбиелейтін абзал жандар қатарына жатады. Ұстаз­дың берген білімі мен тәр­биесі әрбір адамның өмі­ріне жол сілтер шамшы­рағы. Ұстаз еңбегін қадір­лей білген халық - мұға­лімді "Бала жанының бағ­баны" деп атайды. Бұдан артық мұғалім еңбегін лайықты бағалау термині жоқ деп санаймын. Өйт­кені, еліне ерекше еңбегі сіңген мемлекет және қо­ғам қайраткерлері, оқы­мысты-ғалым, талантты ақын-жазушы, қарапайым еңбек адамдары өзінің ұстазы болып саналатын мұғалімдерден тағылымды тәрбие-білім  алып, өмірге қанат қағады. Ұстаз болған мұғалімнің жақсы қасиет­терін бойына сіңіріп, келе­шегіне бағыт-бағдар алады.

    "Сыр - Алаштың анасы" деп Елбасымыз айтқандай, еліміздің тарихында Сыр өңірінен шыққан талантты тұлғалар аз емес. Біз көбі­несе сол талантты тұлғалар жайлы көбірек жазамыз. Ол дұрыс та шығар. Ал, қасы­мызда күнде көріп жүрген бүкіл саналы ғұмырын ұр­пақ тәрбиесіне арнаған, еліне қалтқысыз қызмет ат­қарып жүрген қара­па­йым еңбек адамдарын елей бермейміз. Біздің ендігі әңгімеміз Қызыл­орда қаласының білім са­ласындағы 55 мектептің "ста­ростасы" атанған, Серәлі Лапин атындағы №261 орта мектептің директоры, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, Білім беру ісінің үздігі Алтын­сары Әлекеұлы Шүренов жайлы болмақ.

       Балаларға қатысты әділ заңдар жүйе­сін дамыту тәжірибесін зерттеу үшін, сон­дай-ақ отбасындағы балаларға қатысты зор­лық-зомбылықтың алдын алу мақса­тында БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қызылорда қаласында медиа тур ұйымдастырыпты. Бұл жөнінде өткен аптада болған брифинг барысында талқыланды. Баспасөз отырысына БҰҰ Балалар қорының Қызылорда облысын­дағы үйлестірушісі Анар Ізден, жасөспі­рім­дер істері жөніндегі арнайы мамандан­дырылған ауданаралық сотының судьясы Қайратбек Бержанов, облыстық денсау­лық сақтау басқармасының бөлім басшы­сы Бибізада Дүйсенбаева және "Сыр ұлан­дары" ҚҚ атқарушы директоры Сәуле Әбіл­даева қатысты.

    Қызылордада "Балалар үшін әділ сот төрелігі жүйесін нығайту мен олардың құ­қықтарын қорғау" атты Еуропалық Одақ пен ЮНИСЕФ-тің бірлескен бағдар­ла­масы аясында балалар арасындағы құ­қықбұзушылықтың алдын алуы бойынша пилоттық жоба іске асқанынан хабары­мыз бар. Еліміздегі балаларға қатысты әділ сот төрелігі жүйесін қалыптастыруға ар­нал­ған орталық үш облыста ашылған еді. Бірі Қызылорда болса, қалған екі ор­та­лық Маңғыстау мен Шығыс Қазақс­тан об­лыс­тарында жұмыс жасаған.

Жұма, 13 Сәуір 2018 05:25

ҒЫЛЫМИ ЖОБАДА КӨШ БАСТАДЫ

| Автор: 

    Жақында Алматы қаласында Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы мен М.Тыныш­баев атындағы Қа­зақ көлік жә­не коммуникациялар академиясының ұйымдастыруымен "Білім берудің жаңа сапасы-рухани жаңғырудың негізі" атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференция аясында мектеп оқушыларының республикалық ғылыми жобалар сайысын өткізуі жоспарланған. Осыған орай, Қызылорда қаласында 2017 жылдың 25 қарашасында өткізілген "ORDA JUNIOR-2017" ІІ облыстық ғылыми жобалар сайысында ерекше көзге түсіп, жүлделі І орын ие­ленген Белкөл кентіндегі №189 орта мектебінің 4"А" сынып оқушысы Бағдат Омаров "Төрт түліктің төресі түйе өнімінің пайдасы" тақырыбындағы ғылыми жобасымен жолдама алған болатын. Ғылымға ден қойған жас ұрпақты қолдау мақсатында өткізілген "Жас ғалым - 2018" республикалық мектеп оқушылары арасындағы ғылыми жоба байқауында ерекше қабілетімен танылып, жүлделі I орынды марапатталды.

  Ғылыми жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Шырын Бекмағанбетова ғылым мен білімнің жаңғыруына заман талабына сай зерделі, жеке тұлғаның шығармашылығын арттырудағы еңбегі орасан зор. "Шәкіртіміздің жаңғыру жолындағы жар­қын белесі жоғарыдан көрінді. Бағдаттың бойында алғырлық, зеректік, ұғымталдық, әрбір жаңа іске қызығушылық танытатын жақсы қасиеттері көп. Бағдаттың болашақта елінің абыройын көтеретініне сеніміміз мол",- дейді жетекшісі.

     Бұл марапат мектебіміздің абыройын асқақтатты.

Гүлнар АМАНЖОЛОВА,

№189 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Page 1 of 19

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Наурызды қандай киіммен тойлағанды құп көресіз?

Дәстүрлі киім - 29.3%
Басқа ұлт өкілдерінің дәстүрлі киімі - 36.6%
Мейрамға арнап тапсырыспен тіктірілген киім - 9.8%
Классикалық киімде - 24.4%
Өз таңдауыңмен киіну - 0%

Total votes: 41
The voting for this poll has ended on: 30 Нау 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C