Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 12 Қазан 2017 10:49

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ШЫҢҒА ШЫҒАРДЫ Индира Шамшатова – жылдың үздік педагогы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

       Сыр ұстаздарының биік белесі аймақтың білім саласының дамуын даралайды. Төл мерекеде марапат төрінен көрінген ұс­таздарды оқырманға кеңірек таныстыру мақсатында арнайы тоқталуды жөн көрдік. Бұл жолы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж мұғалімі Индира Жақсылыққызымен әңгіме өрбіттік. Газеттің келесі санында марапатталған мұғалімдерге же­ке-жеке тоқталатын боламыз.

    Ұстаздар әулетінде дүниеге кел­ген Индира Жақсылыққызының ұстаздық жолда жүргеніне биыл 25 жыл. Ата-ана ықпалымен ұстаздық ұлы жолды мұрат ет­кен ол мұғалім болатынын ер­те сезінген. "Ұрпақ тәрбиесі ұла­ғат­ты ұстаз арқылы қалыптасады" деген тәмсілді ертеден бой­ға сіңірген Индира Шамшатовамен кездескенде ұстазға тән салмақтылық пен ұстанымды байқа­дық. Ол бізген әңгімесінде тә­лім-тәрбие көрген отбасындағы тәлімін сөз етіп, үйдегі әр­бір баланың сурет салуға бейімі болғанын ашып айтты. Сол себептен де, оны бейнелеу өнеріне деген құ­­марлық, шығармашылыққа жақындық ерте кезден жақын тартқан.

  Талай додаларда бақ сынап, жүлдегер атанған, халықаралық жарыстарға шәкірт баптап, додаға қосқан. Байқаулардағы белестер туралы кейінірек тоқталамыз. Алдымен, ұстаздың өмір жо­лынан сыр шертсек. Қара­­пайым­дылық қағидатымен жү­ретін ол Ақтөбе қаласында дү­ние­ге келіп, сонда білім алған. 1990 жы­лы Ақтөбе педагогикалық  институтының "Бейнелеу өне­рі және сызу" мамандығына түсіп, сәтті аяқтайды. Қызу ең­бекке ерте араласқан жас мұғалім еңбек жолындағы алғашқы қадамын Ақтөбедегі №32 қазақ гим­назия­сынан бастайды. Мұнда 5 жыл қызмет атқарып, жұмыс бабына байланысты Қызылордаға ат басын бұрады. Сыр еліндегі ір­­гелі оқу орны Мәншүк Мәметова атын­дағы Қызылорда гуманитарлық қызметіне шақыру алып, ұстаздық қызметіне кі­рі­седі. Колледж қабырғасында жү­ріп өзін шығармашылық тұрғыда көрсетіп, шәкірт тәрбиелеп, ор­­таға сіңісіп кеткен Индира Шамшатова колледж директоры қызметінде болған Әлима Жа­қып­қызының қамқорлығын ерек­­ше сезінгенін айтып, ағынан жарылды. 

    - Мені қанатына алып, қолдау білдірген жандар аз болмады. Әлбетте, студенттік кезеңде де ұстаздарым болды. Осы қызметімде біздің шығармашылық жұмыстарымызға оң көзін салып, өнер әлемінің ішкі тынысын түсінген Әлима Жақып­қы­зы­­ның қолдауын айрықша айта ала­мын. Әлбетте, тек маған емес, жас студенттердің биікке же­туіне де жәрдемін берді,-дейді ол.

   Шығармашылық адамдар ер­кіндікті ойлайды. Жаңа дүние­ні көз алдына әкелдіріп, сол жол­да еңбек етеді. Бұл кезеңдер­ді өн бойынан өткізген Индира Жақсылыққызы бейнелеу өнері­нің ішкі әлеміне кіріп, шығармашылықпен етене араласып кетеді. Тіпті жұмыс кабинетіндегі әр­бір кескін, әрбір сурет өз ор­ны­мен, жанрларымен реттеліп қо­­йыл­ған. Жұмыс кабинетінің ішкі аурасын жасақтап алған шебер ұстаз өткенді еске алып, есте қалған байқаулардың ішінде IV республикалық "Қанатты әйел" байқауын ерекше атады. Колледж ұсынысымен барған жарыс­та қазақтың қолөнер бұйымдары мен кескіндемеден суреттер салып, өнерімен көпшілікті таң­қалдырған.

   Индира Шамшатова әуелгі кезде кесінкіндемеге баса ден қо­йып, майлы бояулар арқылы қия­лынан туған түрлі суреттерді бейнелеп, туындыларды жарыққа шы­­ғарған. Кейін келе, қолөнерге ығысып, осы бағытты дамытуға күш салып еңбек етеді. Қазір де осы қолөнердің қамымен ізденіп жүрген көрінеді. Мұнысы түрлі жетістіктерге алып келді. Өнер бәйгесіндегі халықаралық, республикалық байқауларда бақ сынап, шығармашылық жұмыстарын таразыға салып көреді.  Жыл сайын ұйымдастырылатын ха­лық­аралық "Шабыт" шығармашыл жастар фестиваліне шәкірт апарып, жүлдемен оралады. Мұ­нан бөлек, Индира әр жылдарда суретшілердің басқосуында болып тәжірибе алмасу курстарына қатысып, білімін жетілдіреді, түр­лі көрмелер ұйымдастырады. Айталық, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Норвегия PRK қоры бірлескен колледж базасында сәндік-қолданбалы өнер бұ­йымдарынан шығармашылық жұмыстар көрмесінде, Мәскеу қа­ласының №5 педагогикалық колледжімен бірлескен  конференция аясында "Достық күші - өнерде" тақырыбындағы қолөнер бұйымдарының көрмесінде, республика деңгейіндегі ірі көрмелерге қатысып, көзге көрінеді. Мұ­­нан бөлек, ІІ Республикалық "Қол­­өнер - сырлы өнер" атты қол­­өнер шеберлерінің көрме - жәрмеңкесі, "Ақмоншақ" номинациясы бойынша ІІІ орын ие­ленген. Аймақ ішіндегі бай­қау­ларда да өзін көрсете біліп, ма­рапат мінберінен көрінді. Оған облыстық "Жыл ұстазы - 2014" номинациясы, "Қанатты әйел - 4" идеялар мен тауарлар жәр­мең­кесінің дипломанты атануы дә­лел бола алады. Бұған қоса әр­түр­лі деңгейдегі республикалық, об­лыс­тық байқауларда шәкірттері­мен қатысып, жеңіс тұғырынан кө­­­рін­ген. Шәкірт тәрбиелеу демекші, ке­зінде ұс­таздың тәлімін кө­ріп, шекпенінен шыққан студенттері бүгінде аймақ­қа аты танылып, тіпті жеке шы­ғар­ма­шы­лық есептерін беріп жүр. 

    Ұстаздың ұстанымы болмаса, іс алға баспайды. Индира Шам­ша­това баланың дара қасиетін, қабілетін ашу үшін күш жұмсайды. Сонымен бірге, туындыны қол­ға алғанда оның тереңірек мә­­ніне басымдық беруді құп көреді.

   - Шығармашылық адамға ең әуелі шыдамдылық қажет. Тал­ғампаздық, жұрт көрмеген дүние­ні көре білетін қасиет болуы шарт. Әдемілік пен әсемдік қа­сиеттер де бойынан табылуы тиіс. Әлбетте, болдым-толдым деп айта алмаймын. Әлі де ізденістер қажет. Шәкіртке бағыт-бағдар беру үшін өзіңді де қайрап отыруың керек. Үнемі Суретшілер Одағының мүшелерімен, өңірге белгілі суретшілермен кез­­десіп, кеңестерін алып тұрамын. Бір қалыпта қалып қоюға бол­майды. Дамыту жолына түсу үшін зерттеу жүргіземіз. Қуаныш Ембергенов, Аманкелді Кененбаев секілді алдыңғы толқын аға­ла­рымыздан ақыл-кеңес алып тұ­ра­мын,- деді И.Жақсылыққызы.

   Ұстаз еңбегі іргелі ізденісті қа­жет етеді. Индира Жақсылық­қы­зы білім алушыларға бағыт беретін, әдістемелік көмек көрсете­тін авторлық әдістемелік кө­мек­ші құралдарды жазып шыққан.

Сөзбен емес, іспен дәлелдегенді ұнататын ұстаз жылдың үз­дік ұстазы атануым талай жыл­ғы еңбектің жемісі, әрі шығарма­шы­лық өрлеу жолына апаратын сенімді күш деп есептейді. Мара­патты министр қолынан алған сәт­тегі толқынысы, Сыр ұстаздарының сенімін, мәртебесін көтеретін салмақты сыйдың иегері атанғанына қуанғаны көз жанарынан байқалып тұрды. Аймақтағы колледж ұстаздары арасынан суырылып шығып, үздік атану кімге де болмасын бойға қуат береді дейді.

   Индира ұстаздық жолда да, отбасында да тара­зы басын тең ұстайды. Бойжеткен қызды тәр­биелеп келе жат­қан ол өзін бақытты аналардың бі­рімін деп есептейді. Әр істі қа­бырғасымен ойласып, үйде де шы­ғармашы­лық істермен айналысады екен.

  Үздік ұстаз атанған Индира Жақсылыққызымен болған екеу­а­ра сұхбат ішінде ұстаздың ұлт­тық өнерге деген жанашырлығы, шә­кіртке деген адалдығы мен ұжым арасындағы беделін байқа­ғандай болдық. Ішкі әлемі­не енген сәтте ашылып сұхбат бер­ген ұстаздың бұл марапатқа лайықты екенін сезініп қайттық. Шығармашылығы шыңға шығарған ұстазға қызметте табыс, ісіне береке тілейміз.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Оқылды: 268 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 12 Қазан 2017 13:07

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер