Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 13 Желтоқсан 2017 03:30

АҒАЙЫНДЫ АРДАГЕР ӨНЕРПАЗДАР

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

  

    Шымкент қаласындағы киномеханиктер даярлайтын №38 кә­сіптік-техникалық училищені біті­рісімен, аудандық мәдениет бөлі­мі­не қарасты Арал балықшыларына мәдени қызмет көрсететін "Попов" мәдениет кемесінің киномеха­нигі болып алғашқы еңбек жолын бастаған Байнияздың есімі ә дегеннен-ақ, бүкіл жағалау жұрт­ына, ба­лықшыларға белгілі болды. Ізденім­паздығы мен жастық жі­герінің ар­қасында 1968-1974 жылдары "Мә­де­ниет" кемесінің бастығы болып, барлық мәдени шараларға қатысты. Өзінің ұйымдастырушылық қа­білетін танытты. Арал балықшылары арасында композиторлар Н.Ті­лендиев, Ш.Қалдаяқов, термеші-жыраулар Ә.Құрманов, Ғ.Құрман­ға­лиев, А.Тұяқбаев сынды өнер қай­раткерлері де болды. Теңіз үс­тіндегі ән-думан базары түннің бір уағына дейін айналаны әсем сазға бө­лейтін. Арал теңізіне саяхат жа­сау­­шылар, шығармашылық және бұ­­қаралық ақпарат құралдарының өкіл­дері іссапармен келгенде, мін­детті түрде "Мәдениет кемесімен" бір­ге жүретін. Мәдениет үйі жанынан ұйымдастырылған көр­ке­м­өнерпаздардың мәдени-үгіт бригадаларының репертуарларын заман талабына сай жаңартып, ойын-сауық түрлерін түрлентіп, жұрт­шы­лықтың демалысын мазмұнды да көңілді өткізуге күш сала білді.

    Жыраулық өнердің туын жоғары ұстаған Арал өңірінде хас өнерді қайта тірілту үшін Бекбосын, Хамза, Үмбетәлі, Жанұзақ сынды кө­некөз жыраулардың жыр мақамдарын таспаға жазып алып, оны ке­йінгі жастарға үйретуді де қолға  ал­ды. "Жігітке жеті өнер де аз" дегендей, кезінде актерлік өнерімен де танылған ол М.Әуезовтың "Ең­лік-Кебек", Ғ.Мүсіреповтың "Қозы Көрпеш-Баян сұлу", Ә.Тәжі­баев­тың "Той боларда", Қ.Мұхамеджановтың "Бөлтірік бөрік астында" туындыларында басты рөл­дерді сомдап, көрермендер ықыласына бө­ленді. Театрландырылған көрініс­тер дайындауда өзінің режиссерлік қарымын да көрсетті.

   Байнияздың қолтаңбасы ау­дан­ның мәдени өмірінде сайрап жатыр. Аудандық мәдениет үйінің әдіскері, директоры, мәдениет бөлімінің аға инспекторы, бас маманы баспал­дақ­тарынан өтіп, ау­дан көлеміндегі қадау-қадау іс-шаралардың басы-қасында жүр­ген ол саланың нағыз білгіріне айна­лып, аудан өнерпаздарының ақыл­шысы, жол сілтеу­ші­сі бола білді. Талай таланттардың та­ныл­уына өз үлесін қосты. Олардың көпшілігі бұл күнде тыңдармандарының сүйіктісіне айналған өнерпаздар. Мәдениет бөлімі облыс аудандары арасында сан мәрте топ жарды.

   Байнияз Тілеповтың ансамбль құрудан да жинақтаған тәжірибесі мол. Кезінде "Тамаша" әзіл-сықақ отауын құруға мұрындық болып, ха­лықты күлкіге кенелтті. Мәдениет үйі жанынан бір көшеде тұратын оқушы балаларды топтастырып, "Ақ толқын" ансамблін құ­рып, жас өнерпаздардың өнерлерін ұштады. Одан кейін, мәдениет үйі жанынан "Сәукеле" атты фоль­клорлық қыздар ансамблін ұйымдастырды. Ансамбль облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орын­дарды ие­лен­ді. Бертінде Тілеповтердің отбасылық ансамблін құр­ды. Халқымызда "Атадан бала ту­са игі, ата жолын қуса игі" деген қа­натты сөз бар. Сол айтпақшы, бала­ла­ры да өнерге жақын болып өсті. Ұл-қыздары Арман, Қараман, Еламан, Бақыткүл, Гүлбағым және келіндері Ақтоты мен Жазира бірі домбыра, екіншісі баян, енді бірі жетіген, асатаяқ, шаңқобыз аспаптарында ой­на­ды. Кіші қызы Гүлбағым кезінде облыстық "Бозторғай" байқа­уында бас жүлдені иеленіп, Алматыда өт­кен халықаралық байқауда арнайы дипломмен марапатталған еді. Немерелері Қарақат пен Айқоңыр да өнерге жақын. Өмірлік қосағы Мария болса ансамбль мүшелерінің киім­­дерін дайындауға, әшекейлеу­ге атсалысып келеді. Сонау 1974 жы­­­лы Мәскеуде өткізілген Бүкілодақтық халық жетістіктері көрме­сіндегі өнер байқауына қатысқан Қа­занғап атындағы халық ұлт аспаптар оркестрінің құрамындағы Бәкең осында жиналған сан ұлт өкілдеріне жеке домбырада өнер көр­сеткен болатын.

  Қос өнерпаздың кішісі - Сайлау. Кешқұрым құм төбенің басына жиналған ауыл адамдарының ал­дында домбырасынан күй төгіл­т­кенде, там­санбайтын жан қалмайтын. Ол Шымкент қаласындағы му­зыка учи­лищесінде оқыған жыл­да­ры есім­­дері елге танымал тарландардан дәріс алды. 1972 жылы ау­дандық мә­дениет үйі жанындағы Қазанғап атын­­дағы халық ұлт-аспаптар оркестрінің дирижері, әрі көркемдік жетекшісі болып таға­йын­дал­ған­нан-ақ, өнер ұжымының өрлеу ке­зеңі басталды. Өмірін өнер жолына бағыштаған сегіз қырлы, бір сырлы азаматтың есімі облыс, қала берді рес­публикадағы өнер сүйер қауымға ете­не таныс. Сиқырлы таяқшаны қо­лына ұстағалы ұлт аспаптар ор­кес­трі талай жетістіктерге жетті. 1974 жылы оркестр Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде өткен Бүкілодақтық байқауға қатысып, екінші орынды иеленді. Келер жы­лы Қарақалпақстанда өт­кен дос­тық апталығына ат басын ті­реп, заманында қуғын-сүргінге ұшы­рап, жер асып, ел асып осында өсіп-өніп жат­қан қазақтар қауымы оркестр­дің орындауындағы ағыл-тегіл тө­гілген күйлерді беріле тыңдап көз­деріне сағыныштан жас ал­ған еді. 1977 жылы республикалық бай­қау­ға қатысқан Сайлау бас жүл­дені қанжығасына байласа, 1985 жылы Жеңістің 40 жылдық мерекесінде республикалық фестивальдің лауреаты атанды. Ал, 1987 жылы Алматы қаласындағы республикалық халық шаруашылығы  жетістіктері көрмесінде өнер көрсетіп, 1990 жы­лы Алматы орталық концерт залында өткен Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Мұрат Сыдықовтың "Арал шақырады" атты шығармашылық кешіне қатысып, Қазақ теледидарының алтын қорына жазылды. Оркестрдің сүйемелдеуімен Роза Бағланова, Мәдина Ералиева, Нұрғали Нүсіпжанов сынды әйгілі әншілердің асқақтата салған әндері халықтың әлі күнге есінде.

   Тағы бір ерекшелігі, оркестр репертуарында Батыс, Шығыс, орыс тағы басқа ұлт өкілдерінің шығармалары, аты әлемге әйгілі композиторлардың туындылары орнықты орын алған. Ж.Бизеннің "Кармен" операсынан увертюра, Чайковскийдің "Аққу көлі" балетінен үзінді, И.Штраустың "Парсы маршы", С.Мұхамеджановтың "Шаттық Отаны" симфониялық поэмаларымен бірге қазақтың құдіретті күйші-сазгерлері Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттім­бет, Дина, Қазанғап, Сүгір, Нұрғисаның күйлерін көрермендер жүре­гіне жеткізумен келді.

    Сайлау Тілепов шебер дирижер, арқалы күйші ғана емес, ойлы да ойнақы әндер жазып келе жатқан сазгер. Оның нотаға түскен "Жан достарым", "Аяулым", "Аралдың ару қыздары" әндерін жергілікті әнші­лер тамылжыта шырқауда. Ұзақ жыл­дар бойы Қазанғап атындағы халық-ұлт аспаптар оркестрінің дирижерлық жұмысын тұрақты жүр­гізген оның шығармашылық концерт қойылымдары әрқашанда республика, облыс көрермендеріне белгілі. Соның нәтижесінде КСРО, Қазақстан Респуб­ли­касы Мәдениет министрлігінің Құр­мет Грамотасымен Мәскеу ха­лық шаруашылығы жетістіктері көр­месінің күміс медалімен және 2003 жылы Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Құр­мет Грамотасымен, облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.

    Өнер әлемінде құлаштарын кеңге жайып, өмірлерінің қырық жылдан астам кезеңін мәдениет саласына арнаған ағайынды қос өнерпаз осылайша халықтық өнердің дамуына зор үлестерін қоса білді. Ұзақ жыл­дар бойғы еңбектері еленіп, "Қазақстан Республикасының мә­де­ниет қайраткері" атағын да бірдей иеленді. Мәдени шаралардан қалмай, кейінгі жас буынға ақыл-ке­ңес­терін жалықпай айтып отырады. Ағайынды ардагер өнерпаздардың бірі - Арал аудандық мәдениет Үйі жа­нындағы Қазанғап атындағы ха­лық аспаптар оркестрінің бұрын­ғы көркемдік жетекшісі, танымал дирижер Сайлау Тілепов осыдан екі-үш ай бұрын 67 жасында бақилық са­пар­ға аттанды. Өнермен күл­лі өмірі қамшының өріміндей өле-өлгенше бірге өрілген белгілі өнер иесі көзден кеткенмен көңілден кеткен жоқ. Қаршадайынан хас өнерді жанына серік еткен Сайлау есімі қарт Қаратау мен айдынды Аралдың ара­сында­ғы ақ күріштен қырман тасыт­қан диқандар мен теңіз төсінде су маржанын сүзген балықшылар­ға, қарапайым ауыл адамдарына кезінде жақсы танымал болатын.

Толыбай Абылаев

Оқылды: 137 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

"Халық таңдауы" айдарының бұл жолғы санында сусындарды сараптаймыз. Cіз қай сусынды көп тұтынасыз?

Coca-Cola - 28.6%
Fanta - 34.7%
Sprite - 16.3%
Pepsi - 20.4%
Holiday - 0%

Total votes: 49
The voting for this poll has ended on: 17 Қаз 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C