Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 13 Желтоқсан 2017 03:48

Мектептегі патриоттар акциясы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

          Білекпен емес, білім­нің күшімен биікті бағындыратын қоғамда бей-жай жүруге болмайды. Егемен еліміздің ертеңі еркін ойлай білетін, білімі мен қабі­леті жоғары жас ұрпақтың қолында болатыны анық. Ал, болашақтың тізгінін ұс­тайтын өрендерге өнеге мен тәлім-тәрбие беру ұла­ғатты ұстаздар мен ата-ананың, жалпы қоғамның басты міндеті. Осы орайда №187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінде қа­лалық білім бөлімінің ұйым­дастыруымен "Мәң­гілік ел - зайырлы мемлекет және жоғары руха­ният" тақырыбында пат­риот­тар акциясы болып өтті. Акцияның негізгі мақ­­саты - жас ұрпақтың бо­йына ұлттық рухымызды сіңіре отырып, сана-сезімін, азаматтық, пат­рио­тизм, заңдылық пен құ­қық тәртібін құрметтеу­ге, ішкі еркіндік және өз қа­дір-қасиеті сезімдерін қалыптастыруға тәрбиелеу.

     Патриоттар акциясында мектеп директоры, тарих ғылымдарының кандидаты А.Мұсабаева Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын жас ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Шараның ал­­ғы сөзін сөйлеген қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары М.Сұл­­­танбекқызы Елбасы мақаласының аясында қа­ла, аудан көлемінде түрлі іс-шаралар басталып, кең кө­лемде насихатталып жат­­­­қандығына тоқтала ке­ле №187 М.Шоқай атын­да­ғы қазақ орта мектебінде өткізіліп жатқан акцияға сәттілік тіледі. Акция барысында оқушылар үш тілде еркін сөйлеп, өлең шумақтарын көпшілікке арнады. Іс-шара барысында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу және құқық бұ­зушылықтың алдын алу мақ­сатында жүргізіліп жат­қан "Қозғалыстың жас инс­пекторы", "Салауатты өмір салты", "Дене шынықтыру жә­не спорт", "Адал ұрпақ", "Жас ұлан", "Жас қыран" ұйым­дарының жұ­мыстарымен мектеп директорының тәрбие ісі жө­ніндегі орынбасары С.Егіз­баева таныстырды. Сондай-ақ, бі­­лім алушыларды "Жас ұлан" ұйымының мү­шелігіне қабылдау рәсімі акция қонақтарының қа­тысуымен өтті. Шара соңы әсем әнмен жалғасты.

       Мұнан кейін қалалық семинарға келген қонақтар "Жетістіктер галереясы" көрмесімен танысты. Көрмеде мектеп ұжымының жеткен жетістіктері мен тәуелсіз еліміздің тарихи сәттері топтастырылған. Оқушылардың қолөнер туындылары да көрменің көркін келтіріп тұрды.

    "Заңды құрметтеу - "Мәңгілік Ел" жастарының негізгі құндылығы" та­қы-рыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Атал­ған шараға қалалық прокуратура қызметкерлері, ҚІІБ ЖПҚ ЮПб-нің полиция аға лейтенанты А.Умирбеков, дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы О.Жаппас-баев, "Жас Отан" жастар қа­наты қалалық филиалының басшысы Т.Тілес, Қор­қыт ата атындағы ҚМУ "Педагогика және пси­хология" кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. А.Аяғанова және ата-аналар қатысты. Дөңгелек үстел барысында қоғамда­ғы келеңсіз жағдайларға тоқ­талып, жасөспірімдер ара­сындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық әрекеттердің өршіп тұр­ған­дығы ата-ана мен ұс­таздарға түсіндірілді. Мұ­нан бөлек мектеп формасының маңыздылығы мен жас жеткіншектердің сабаққа қатысуы жөнінде сөз болды. Ата-ана жауапкершілігі мен ұстаздың оқушыға көңіл бөлуі, қадағалауы сынды тақырыптар дөңгелек үстелге арқау етілді. "Рухани жаңғыру - жан дүниенің айнасы" тақырыбында ата-аналардың қатысуымен тренинг өтті. Ал, "Туған жерге тағ­зым - мектебіме тағзым" атты бағдарлама ая­сында мектеп түлектері ақпараттық-насихат жұ­мыс­та­рын жүргізді. Мектеп тү­лектері ұлағатты ұс­таз­дарына алғыстарын ай­тып, сағыныштарын сөз­бен жеткізе білді.

    Облыстық нарко­­ло­гия­лық диспансері ма­ман­дары келіп, "Ұрпақ са­улығы - ұлт саулығы" та­­қырыбында 7-9 сынып оқушыларының қаты­с­уымен ток-шоу өткізді. Ма­мандар жасөспірімдердің салауатты өмір сал­тын ұстануға деген бел­­сенділігін арттыру жолында сұрақтар қойып, пі­кір алмасып, ақ­па­рат­тар­мен таныстырды.

    Қоғамның дертіне айналған мәселенің бірі - сыбайлас жемқорлық. Осы қоғамдық дерттің жойылуына қанша күрес жүр­гізсе де, нәтижесі мар­­дымсыз болып тұр. Осындай қоғамдағы келеңсіз жайттарды сынға алып, ой алмасу үшін "Бо­лашақ ұрпақ - жем­қор­лықсыз қоғам үшін" атты 6-7 сынып оқушылары ара­сында ой-көк­пар ұйым­дастырылды. ҚР МҚСЖҚА Қызылорда облысы бойынша мем­лекеттік қызмет істе­рі департаменті мамандары арнайы ке­ліп,  білім алушылармен кез­десті. Одан бөлек қалалық ЖІІБ мамандарының қатысуымен үш тілде кі­ріктірілген танымдық са­бақ өтсе, қалалық "Жас Отан" жастар қанаты белсенділерімен бір­лесіп, "Білімді болу - та­бысты болу" атты тренинг флешмоб өз жалғасын тапты.

Жұлдызай Қалиева

Оқылды: 225 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C