Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 13 Желтоқсан 2017 04:45

Мектепте қазақ әдебиетін қалай оқытып жүрміз?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

       Қай қазақ болса да бі­рауыздан "оқытамыз", "оқиды" дейтіні анық. Әри­не, атауы сондай оқу­лықты оқитыны рас. 1,4-сыныпта жаңартыл­ған білім мазмұнына де­йін "Ана тілі" деген пән оқы­тылды, аптасына бір-екі сағат өлең, әңгіме, ертегіден үзінді оқыған балалар ақыл-ойын же­тіл­ді­ріп, тәрбиеден үлгі алды. Мазмұндауға, жү­гіріп оқу­ға дағдыланды.

   5,7,8-сыныпта "Әдебиет" деп аталатын оқу­лықты әр аптада 2 сағат оқытамыз. Бұл оқулықтың да мазмұны баста­уыштың жалғасы, бала автордың өмірінен деректерді және бір-екі шығарманы талдайды, жаттайды, кейіпкерлеріне, өлең­нің, поэманың көр­кемдік жағына талдау жасайды.

   9,10,11-сыныпта "Қа­зақ әдебиеті" деген оқулық әңгіме, хикаяттан бастап, аты шулы романдар, диалогия, трилогияларды, драмалық жанрларды, поэма, дастандарды, жырлар мен айтыстарды түгел қамтиды. Былай қарағанда, бәрі дұрыс сияқты, бірақ осы пәнді оқыту үрдісі мектептегі оқушының сөздік қо­рын дамытуға қаншалықты үлес қосады?! Отыз жыл сабақ берсем де, өзегімді өртейтін бір өкініш бар. Оқушыларым сол көркем шығарманың өзін, түп негізін оқымайды. "Отыз жыл сабақ беріп, енді неге оқыта алмай отырсың?" деген сұрақ көкейлеріңізде тұрғанын білемін. Ары бармай-ақ, мынаған көз жү­гіртейік. 1980 жылдары 5-сы­ныпта тіл мен әдебиетті аптасына 8 сағат оқытатынбыз. Ал қазір 5-сыныпта 5 сағат оқытылады, оның 3 сағаты қазақ тілі, 2 сағаты әдебиет. Сол 2 сағатта көркем әдебиетті емес, әде­биеттің теориясы мен тарихын оқытып кеттік. "Әдебиет" дейтін ғылымның көркем әдебиет, әдебиет теориясы, әдебиет та­рихы, әдебиет сыны деген салаларын түгел осы 2 сағатта қамтитын болдық та, көркем әдебиет ысы­рылып шетте қалды. Әр аптадағы қазіргі 80 минут оқушыға не береді?! Қазіргі баланың өздігінен көркем шы­­ғарма оқы­майтыны бә­рімізге белгілі. Әр жыл сайын қа­зақ балаларының туған әде­биеттің нә­ріне қанатын уақытын не­­ге қыс­қар­тып жатырмыз?! Балаға таза көркем туынды оқы­татын уақытты мектеп бағдарламасына енгізетін күн туа ма?! Бұрын­ғы 80-жыл­дардағы 8 сағаттың бәрін орыс тілі мен ағылшын тіліне үлес­тір­дік. 8 са­ғатты қысқартып, өзге пәндерге бердік. Сабақтан кейін түрлі спорт­тық үйірмеден шық­пай­тын балаларға дене қимылы қажет деп, тағы осы пән­дер­дің есебінен сағат үлес­­тірдік. Себебі ағылшын тіліне, орыс ті­ліне, де­­не шынықтыру пән­де­рі­нің сағаты көбейтілгені­мен, оқу жоспарына ар­тық сағат қосылған жоқ. Қосылған сағаттар қазақ тілі мен әдебиетінің бұ­рын­ғы 8 сағаттық апталық сағаттарды қысқарту есебінен жүрді. Бү­гінгі ба­ла ру­хани жүдеу­лікке ұшы­ра­ды десем ар­тық айт­паймын. Енді аздан соң, ақыл-ойынан тоналғандарды отызында бесікке таңып отыр­­масақ жарады. Осы келеңсіз­дікті жою үшін мектеп бағ­­дар­ламасын қайта қа­рап, оқу жоспарына "Көр­кем әдебиет" пә­нін енгі­зіп, бағдарлама жасау керек-ақ.

Мейрамгүл Барқазатқызы,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

kazbilim.kz

Оқылды: 354 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C