Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 09 Қаңтар 2018 09:44

2017 білімдегі реформалар жылы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

     

     2018 жылға да аяқ бастық. Алдағы күндерге бажайлап, жаңа жылдан жақсылық күтетініміз рас. Әйтсе де, "жыл иесі тауық жы­лында нендей жетістікке жете алдық, қандай ірі оқиғалар өтті?" деген жылжабар сұраққа жауап беруге тиіспіз. Тарих қойнауына енген 2017 жыл ел үшін түрлі бастамалар мен реформалар, халық­аралық деңгейдегі ірі шаралармен есте қалды. Жаһандық саясатта да аумалы-төкпелі кезеңдер мен қырғи-қабақ қақтығыстар, саяси шиеленістер аз болмады. Саясаткерлер мен сарапшылар өткен жылдың айшықты оқиғасы ретінде ЭКСПО көрмесі, "Рухани жаң­ғыру" идеясы, қоғам қайшылығын туғызған латын графикасы, жер митингісі, қара алтынның құбылмалы саясаты, жанармай бағасының тұрақсыздығын алға тартып отыр. Санамалап айтыл­ған ірі жағдайлардың қалай болғаны, нендей нәтиже бергені ел ішінде айтылып келді. Сондықтан бұл тақырыптарға қайта оралуды мақсат тұтпадық. Біздің нысана - білімдегі 1 жыл. Расын айтқанда, 2017 жыл білім беру саласы үшін жаңа реформаларды іске асыру жылына арналғандай. Ендеше, рет-ретімен баяндалық.

   Білімдегі басты жаңалық - жаңартылған білім беру мазмұны. Расында, 2,5,7-сыныптарға енгізілген реформа білім саясатының жаңа бетбұрысын байқатады. Өзгерісті кезең-кезеңімен жүргіз­ген министрлік тарапынан білім мазмұнын оқу процесіне енгізген сәттен бастап реформаға қатысты түрлі пікірлер айтылды. Баланың функционалдық сауаттылығын көтеруге бағытталған жаңа маз­мұн­ды мектеп оқушылары мен ұстаздар әп-сәтте қабылдай алмады. Бірі "асығыс қабылданған шешім" десе, бірі "реформаға оқу­шы мен ұстаз дайын емес" деп жар салды. Әрине, министрлік бұл ішкі қарсылықтарға дайын еді. Себебі жаңартылған білім беру мазмұнын ел ішінде насихаттау, оның тиім­ді­лігін дер кезінде анықтау мүмкін емес-ті. Бұл бағытта мұғалімдер жаңа бағдарлама бойынша оқыту курсынан өтіп, қайта даярланды. Мұнымен қоса, базалық оқулықтар жаңартылды. 2,5,7-сыныптарға арналған жаңа оқу­лықтар да оқушылардың қолына тиді. Дәл осы оқулық мәселесінен де олқылық шықты. Мұны газетімізде "Оқулық оңалмай, оқу оңбайды", "Оқулық оқушыны неге ойландырады?", "Оқулық жазу қателіктерді кешірмейді" тақырыптарында арнайы тоқталдық.

    Қазбалай берсең, тақырып көп. Бес күн­дік оқыту, үштілділікке ауысу, жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту, критериалды бағалау жүйесі, "Сауат ашу" оқулықтары, электронды "Күн­делік" жобалары да ел аузында күні кешеге дейін айтылып келді. Мұнан басқа, 2017 жылы республиканың барлық айма­ғында жаппай ата-аналар жиналысы бол­ды. Ата-ана мен мектеп арасын жа­қын­­датуға бағытталған бастама да ел есінде қалды. Жауапкершілікті сезініп, мектепке барған ата-аналар да, "баланың білімі - мұғалімнің мойнында" деген көз­қа­расты ұстанып, жиналысқа келмей қалған ата-аналар да табылды. Жұмысты сылтау ететіндей негіз жоқ, себебі министрлік жиналыс болатын күні әрбір ата-ананың жұмыс орнына ресми сұраныс жіберіп, бір сағатқа сұрануға мүм­кіндік алып берді. Демек, ұлт тәрбиесі, бала білімі тек мектептің ғана емес, ата-аналардың да жауапкершілігін таразылап берді.

   Білім саласы тек орта білім берумен шектелмейді. Өткен 2017 жыл кәсіптік саланың тамырына қан жүгіріп, сала жанданды. Себебі Елбасының баршаға арналған тегін білім беру туралы бастамасы дәл осы жылы жүзеге асты. Талап - еңбек нарығына қажетті, сұранысқа керек мамандықтар оқыту, яғни салаландыру. Бағдарламаға бірінші кезекте 9-11 сынып бітірушілері, оқуын жалғастыра алмағандар, жұмыссыз, кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар тартылды. Оқуға тартылғандардың білімге құштарлығы қаншалықты оянып, партада отырғандығы бөлек әңгіме, бастысы, тегін білім алады. Мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жүргізген колледждермен қатар жекеменшік колледждер да маман даярлаудың технологиясын өзгертті. Бұл өз кезегінде кәсіптік салаға деген қатып қал­ған ескі стреотиптерден арылуға жол ашты. Десе де, сала мамандары "Кәсіптік білім беру" туралы арнайы заңның қажеттігін айтып келді. Себебі, жұмысшы мамандығы кабинетте отырып, теориямен жүргізе беретін мамандық емес. Қайнаған еңбек нарығында шыңдалу үшін жас маманға практикалық алаң қа­жет. Бұл ретте жеке кәсіпкерлермен екі­жақты келісімдер жүргізіліп жатыр. Әйткенмен, жұмыс алаңын ұсынған кә­сіпкерлер студенттердің барлығын бір­дей қабылдай алмайды. Ал, мұндай жағдайды тек "Кәсіптік білім беру туралы" заңы арқылы реттей алуға болады. Мамандар пікірі осындай. Қысқа қайыр­ғанда, кәсіптік білім саласы кәсіпкер мен оқу орнын байланыстыратын арнайы заңды қажет етеді.

    ҚР Білім және ғылым министрлігі жо­­ғары оқу бағытында да біршама бастамалармен ел есінде қалды. Соңғы уа­қытта жоғары оқу орындарын академия­лық басқару түріне жіберу, қаржылық ер­кіндікке жол ашты. Мұнымен қоса мем­лекеттік жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындаудың тәртібі өз­гер­ді. Менеджменттік қадамдарға көш­­ті. Бір жыл ішінде жүзеге асқан бас­та­ма­ның нәтижелі болу-болмауы оқу жы­лы­ның жылдық қорытындысына тіреледі.

    Қалай десек те, 2017 жылы білімнің үш тағаны мектеп, колледж, университет дәрежесіндегі білім беру мазмұны жа­ңарды. Күнтізбе тарихына енген 2017 жылдағы білімдегі бастамалардың негіз­гілері осы болды. Төрімізді аттаған 2018 жыл білім саласын қай арнада дами­ты­нын алдағы уақыт көрсетеді.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Оқылды: 397 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C