Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 19 Қаңтар 2018 11:32

АҚЫН ҰСТАЗ РУХЫН ҰЛАҒАТТАДЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

  Бағзыдан ән-жырға төрін берген халықпыз. Ақынын ардақтап, әншісін қастер тұтқан жұртпыз. Қазіргі таңда да Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының аясында ұлттың қаймағы болып табылатын зиялыларымызға жер-жерде құрмет көрсетіліп жатыр. Ол да болса елдігіміздің, береке-бірлігіміздің жемісі.

   "Солдат өлсе орнын толтыруға болады, ақын өлсе орны қалай толмақ?" деген француздың даңқты қолбасшысы Наполеонның қанатты сөзі бар. Оны біздің бабаларымыз "Аққу - көл­дің, ақын - елдің иесі" деп айтып кеткен.

     Осы орайда, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде белгілі ақын, ұлағатты ұстаз "Ы.Алтынсарин", "Абай аманаты" төсбелгілерінің иегері Абдолла Сапарды еске алуға арналған поэзия кеші өтті.  

   Тағы бір айта кететін жайт, марқұм Абдолла ақын Қазалы топырағында өтетін қандай бір әдеби-мәдени шара болмасын, белсене араласып жүретін шығармашыл азамат еді. Аз сөйлесе де саз сөйлейтін ақынның университеттегі курстасы, Қазақстан Жазушылар Одағының бұрынғы кеңесшісі, белгілі ақын Саят Қамшыгер Сыр бойынан бар­ған адамдардан Абдолла досының хал-ахуалын ұдайы сұрастырып, сырттай тілекші болып жүретін.

    Абдолланың адами қасиеті кіші­пейіл, қарапайымдылығында еді. Өзін-өзі жарнамалау оған жат болатын. Соған қарамастан оның ел ішінде елеусіз­деу жүріп жазған жырлары саф алтынның сынығындай, кәусар бұлақтың тұнығындай әсерге бөлейтін жыр құмар көпшілікті. Таулар алыстаған сайын ас­қақтай түспек. Абдолла ақынның екін­ші өмірі - өлеңдерінің бұл кеш бастауы боларына бек сенімдіміз.

   Өнердегі, өлеңдегі жас өнерпаз шәкірттерінің ұйымдастыруымен өткен шарада көптеген республикалық жыр мүшәйраларында Сыр елінің атын шығарған шайырдың өлеңдері мен оған арналған арнау жырлар оқылды.

     Мәселен, ақын ізбасарлары - "Сыр үміті" жастар сыйлығының иегері Ұлан Қалиев, облыстық, республикалық жыр бәйгелерінің жеңімпаздары Ақтілеу Қалдыбай, Бақытжан Қаһар, Назерке Бурхан, Елнұр Өмірзақ, Ақсұңқар Әлмахан, Рамазан Әбілдос, Динара Нұрлыбаева, Нұрбол Шыныбай, Айдос Мейірхан секілді жас ақындар өз өнерлерін ортаға салды. Ал, Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектептің 8-сынып оқу­шысы Нұрболат Төлеш ақынның образын сомдап, шын ақынның өл­мей­тінін, жырлары да мәңгі жасай бе­ретінін танытқандай болды.

   Мұнымен қатар, республикалық жас айтыскерлердің арасында жүлдегер атанып жүрген майдакөлдік ақын Мұхаммед-Шархан Қанапия мен Ғ.Мұратбаев ауылының тумасы Елнұр Нұрқасымның арасында тамаша айтыс болып өтті. Олардың жұрттың делебесін қоздырған шаппа-шап айтысы Қазалы ауданында кенжелеп келе жатқан бұл өнердің тамырына қан жүгірткендей болды.

     Сондай-ақ, шара барысында ақынның өлең өлкесіндегі достары республикалық "Алтын домбыра" айтысының екі мәрте бас жүлдегері Мұхтар Ниязовтың, республикалық жыр додаларының жүлдегері Саят Қамшыгердің, Абдолла Рахметоллаұлының адамгершілік болмысына, азаматтық қырына тоқталған видеоестеліктері көрсетілді.

     "Құрмет" орденінің иегері, зейнеткер ұстаз Күләш Мергенбаева жуырда ғана Абдолла Сапардың есімі "Лицейлік жүз есім" кітабына енгендігі жөнінде айғақтайтын куәлікті ақынның анасына тапсырды. Мұнымен қо­са, өмірден ерте кеткен ақынның сый­лас ағасы Құдайберген Есекеев те өзінің жүрекжарды өлеңін оқыды.

      Еске алу кешінің соңы ақынның сөзіне жазылған "Лицей маршы" әнімен қорытындыланды.

Есет ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы ауданы

Оқылды: 159 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C