Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 17 Шілде 2018 13:28

КЕЛЕШЕКТІҢ МАМАНДЫҚТАРЫ: ҚАЙ БАҒЫТҚА СҰРАНЫС КӨП?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    2030 жылға қарай бүгін бар мамандықтардың бірқатары сұранысқа жауап бере алмайды. Анығында, жұмысшы мамандығының уақыт өте келе еңбек нарығынан қол үзіп қалатынын сарапшылар жасырмай айтуға кірісті. Демек, 10-15 жылда артқа тастап, адамзат жаңа мамандықтарды мең­геруге кірісуі қажет. Ал, ол үшін ғалымдар мен экономис­тердің зерттеуінде айтылып жүрген келешектің мамандық­тарына осы кезден бой үйретіп, жаңа мамандықтар турасында ақпарат алмасу қажет. Осыған орай газеттің өткен санында болашақтың мамандықтарын бірқатарын оқырманға ұсындық. Ресей сарапшыларының көп жылдық зерттеуін негізге алдық. Ендеше, басылымның осы санында да жаңа технология мен ІТ саламен сабақтасатын мамандықтар жа­йында әңгімелейміз.

    Робототехника. Бұрындары әрбір идея қоғамда фан­тас­тика болып көрінетін. Қа­зір сол ғылымдағы жаңалықтар мен жаңа идеялар өнді­ріс­ке тікелей еніп, адамзаттың өмірін жақсартуда. Ал, со­ның бастауында робототехника тұр. "Cisco" халықаралық зерттеу агенттігінің есебінше, әрбір 9 ай сайын үй қызметін атқаратын роботтардың саны артуда. Жүріп-тұруы қиын зейнеткерлердің үйін жинап, дәрі-дәрмегін қамтамасыз ететін ақылды роботтар пайда болуда. Робототехниканың қарқын алуымен үйдегі тұрмыстық техниканың да жаңаратын уақыты туа­ды. Мәселен, ақылды үс­тел­дер, мобильді гардероб, электронды бала бесігі сынды жаңа дүниелер өмірге енеді. Демек, келешекте роботехника бағытындағы мамандықтар сұраныстан түспек емес.

 

 Инженер-композитші. 2020 жылы пайда болады. Робототехника элементтерін шы­ға­руда композитті материалдарды пайдаланатын маман. Маман келешекте көп қолданылатын 3Д принтер шығаруға еңбек етеді.

   Үй роботын жобалаушы. Үй роботтарының қызметін бағдарлаушы әрі жобалаушы маман. Мысалы, робот-күту­ші, робот-бақташы, робот еден жуушы сынды үй шаруасын ретке келтіретін роботтардың бағдарламасын құрастырады. Қарапайым тілмен айтқанда, роботтарды басқаратын маман. Егер де роботтарыңыз іс­тен шықса, осы маманға хабар­ласып мәселені шешуге болады.

    Мәдениет және өнер саласы.

   Өнер өркениет басталмаған кезден бастап адамзаттың бойын жарып шыққан құді­ретті күш. Тума таланттар арқылы жер әлемде классикалық өнер үлгісі қалыптасты. Енді уақыт өте келе ұлы өнер­дің өнерпаздары технологияның дамуына орай жаңа бағыт­қа мойын бұруда. Сонысымен де мәдениет саласына жа­ңа маман иелері шығуда.

   Арт-бағалаушы. Өнердің жаңа форматын бағалайтын маман. Әртүрлі жанрларды біріктіретін мамандық иесі.

   Скайнс-суретші. Шығармашылық тәжірибесіне ғылымдағы жаңалықтар мен білімді қолданатын мамандық. Жеке суретші ретінде де немесе ірі оқу орындарының ғылым орталықтарында қызмет атқаратын маман.

  Шығармашыл-куратор. Шы­ғармашылық жобаларды жасау үшін музыкалық арт-груп­паларды біріктіретін маман. Бұл арт-группада әртүрлі профилдегі суретшілер, ға­лымдар, программистер, инженерлер де болады.

   Медиа және ойын бағыты.

   Медиа саласы күн сайын жа­ңа ақпараттармен толығуда. Ақпараттық технологияға негізделген заманда қоғамда медиа саласының мамандары пайда болуда.

  Виртуалды әлем дизайнері. Виртуалды әлемде концептуалды шешім қабылдайтын мамандық. Философия, табиғат пен қоғам заңдылығы, ландшафт, архитектура сынды бағыттарда қолайлы орта жасайды.

   Ойын практигі. Виртуалды және шынайы ойын-сауық бағ­дарламасын ұйымдастырушы, жасаушы маман. Бұл маман иесі жабық аймақтарда қы­зықты ойын өткізіп, көңіл көтеруге жағдай жасайтын адам.

  Медиаполицей. Ақпарат саласын қадағалайтын мамандық. Медиа ресурстар мен әлеу­меттік бағдарламалар арқылы түрлі заң бұзушылықтарды қарастырады. Бұл бүгінгі ақпараттың шабуылшылары, яғни киберқауіпсіздікті алдын алуға мүмкіндік береді. Қазір­дің өзінде Ресейдің екі ірі ком­панияларында осы мамандыққа сұраныс бар.

   Медиабағдарламашы. Психолог, лингвист және инженерлермен тікелей қызмет істейтін маман. Бұл мамандыққа мойын бұрған адам интернетке ақпараттарды жүктеу оны таратуға еңбек етеді. Яғни ин­тернет кеңістігіне іздеуге қа­жетті функцияларды енгізеді.

    Инфостилист. Белгілі бір адамның қажетіне орай ақпарат пен соған сай стильді тауып беретін мамандық. Әлеуметтік желілердегі таргетингті пайдалануды осы мамандардың көмегімен жүзеге асады.

  Білім саласы. Білімнің құн­ды­лығы өзгеруде. Ақпарат алға шыққан уақытта ақпаратпен жұ­мыс жүргізуде аналитикалық және шығармашылық шешімдер қабылдауды қажет етеді. Әсіресе, білімге енді қа­дам басқан студенттер үшін бо­лашақта оқи жүріп, қызмет атқаруға мүмкіндік туады. Бұл ретте жаңа әлемді жаңа мамандықтар күтіп тұр.

   Ойын педагогы. Ойын тә­сіл­деріне сүйеніп білім бағдарламасын жасайтын маман. Мектептерде мұғалімнің орнын ба­­сады. Көршілес елдерде мек­­­­тептерде ойын арқылы оқы­тудың әдістері дамуда. Бі­рақ, қазірде оқу орындарында ойын элементтерін ендіру заңнамамен шектелуде. Дегенмен де таяу болашақта бұл мамандыққа сұраныс арта түседі.

   Майнд-фитнес оқытушы. Адамның жеке дағдылары (ес­те сақтау, концентрация, оқу жылдамдығы мен ауызша есептеу) дамытуға арналған бағдарламаны ойлап табатын маман. Мұндай мамандар Еуропада бүгінгі күнде де бар. Мәселен, Вирджиниядағы Mind Fitness Training институты 7 күндік танымдық дағдыларды дамытуға күш салуда. Ал, Lumosity когнитивті дағдыларды дамыту үшін 40-тан астам онлайн ойындарын әзірлеуде. Демек, майнд-фитнес оқытушы ептеп білім бағдарламасына еңбек.

   Тьютор. Білім саласындағы тапсырмаларды зерттейтін жә­не оқушылардың жеке дам­уын қадағалайтын мұғалім. 2020 жылы пайда болатын мамандық әзірге тек жоғары оқу орындарында бар. Келешекте бі­лім саласының барлық тар­ма­ғына дендеп енеді деген бол­жам жоқ емес.

  Модератор. Жұмыс практикасында ұжымдық шығармашылық немесе жаңа материалды игеруде кездесетін проблемалардың оң шешім табуына жағдай жасайтын маман. Көбі­несе, әлеуметтану, маркетинг­тік психология бағыттарының жетілуіне жол ашады. Американың белгілі корпорациясы модератор мамандарының қыз­метіне жүгінеді. Ал, Ресей жұрты модератор мамандығын оқытуға қаржы бөлуде.

  Стартап-ментор. Стратегиялық жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар, стартап топтарды бақылайтын, кәсіпкер­лік­ті жүргізетін кәсіби маман. Ба­­тыста тәлімгердің қызметі әл­деқайда жолға қойылғандықтан, мұнда бизнесте маркетингтік қадамдар жасайтын ментор мамандығы белгілі мамандық ретінде орнықты. Алайда, Орта Азия елдерінде менторлар тек танымалдыққа ғана ие, яғни әлі мамандық ретінде қалыптаса қойған жоқ.

    Әлеуметтік сала. Қоғамдық формацияның өзгеруі әлеу­меттік саланың ашық әрі қолжетімді болуына жағдай жасайды. Ендігі әрбір адам кез келген мәселені сұрауда қоғамдық онлайн кеңістікке бағыт алатын деңгейге жетеді. Мәселен, көшеде жарықтың болмауы, немесе тозығы жеткен жолдар туралы мәселені көтеру тек сіздің ғана емес жалпы онлайн кеңістікте отырған әр­бір адамға жетеді. Яғни атқарылған жұмыстың барысын бақылап, тиісті пікірлер қабылдай аласыз. Мұның түк жаңалығы жоқ, себебі осы мәселені бүгінде әлеуметтік желілер шешіп отыр деуіңіз мүмкін. Әйткенмен ғалымдар әлеуметтік сала күтпеген өзгерістер орын алады деп сендіруде. Соған сәйкес қоғамда жаңа мамандықтар қалыптасады. Со­ның бірнешеуіне тоқталайық.

    Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті арттыратын маман. Әлеуметтік саладағы мемлекеттік функцияларды ұйым­дас­тыратын мемлекет пен жеке адамның байланысына жұмыс жасайтын маман. Мысалы, осы саланың маманы үй-жайды тазалау, су, жылумен қамту, ғимараттарды жөңдеу сынды проблемаларды әлеуметтік тиімді бағыттар арқылы шешуге ықпал етеді.

   Әлеуметтік түйткіл медиаторы. Медиатор деген сөзден бел­гілі, түрлі әлеуметтік шие­ле­ністерді бітімгершілікке әкеліп, екі жаққа да тиімді жағдай жасайтын маман. Діни, ұлттық мәселелермен қатар жекеленген әлеуметтік топтардың ішкі проблемасын дау-дамайсыз реттейтін мамандық.

   Мигранттарды бейімдейтін маман. Онлайн платформалар арқылы сырттан келген мамандарды ортаға бейімдеп, олардың қажеттілігіне жауап беретін мамандық иесі. Осы уа­қыттан бері түрлі елдерде мигранттардың балаларына арналған мектептер салынуда. Бұл дегеніңіз аталған мамандар мигранттарды тек сырт елдің жұмысшы емес, олардың қо­ғам­да еркін сүруіне ықпал етеді.

  Краудсорсинг маманы. Халықты толғандырған мәселелерді жинап отырып, ділгір мә­селелерді сараптай отырып краудсорсинг компанияларын басқаратын мамандар мен үкіметтік емес ұйымдардың бас­шыларына сұраным жіберетін маман. Кез келген мәселенің оң шешім табуына және мәселелердің аяқсыз қалмауына күш салады. қысқасы, әлеуметтің жанынан табылап, проблемаларына құлақ түретін мамандық.

  Меморгандармен байланыс модераторы. Бұл мамандық ие­лері мемлекеттік органдағы қыз­метшілер мен қоғам белсенділерін бір арнаға тоғыстырып, онлайн және офлайн бай­ланыстыратын мамандар. Басты мақсаты - түрлі саладағы проблемалардың мемлекеттік органдармен бірлескен ше­шім­дер қабылдайды.

   ІТ сектор. Бүгінде жер әлем ІТ технологияға байлаулы. Жылт еткен жаңалық пен транц­формацияланған технологиялардың жетістігі өмірге ІТ саласын алып келді. Бұрындары "өлмейтін" мамандық деп мұғалім мен дәрігерді атаса, за­ман сұранысы ІТ саланың өкілдерін тұрақты мамандық қатарына қосып отыр.

  Нейроинтерфейс-жобалаушы. Адамның психологиясы мен физиологиясын таразыға сала отырып роботтарды адамның жүйке-жүйесімен үйле­сім­ді ететін маман иелері. Бү­гінде нейроинтерфейс тек кө­ңіл көтеру мақсатына ғана жарайды.

  Киберіздеуші. Киберқылмыспен ұдайы күресетін маман. Сот сараптамасы негі­зін­де тергеу, тексеру, іздестіру, зер­ттеу, күдіктілердің веб-ақ­параттарын зерттеу жүргізеді. Ақпараттық кибер қылмыстың қарқыны тым ұлғаюына байланысты бұл маман иелерінің дәурені жүреді.

   ІТ-аудитор. Деректерді өң­деп және тәуекел шешімдерді қабылдайтын мамандар. ІТ жүйелердің дамуын қадағалайды және соған жауап береді.

  Цифрлық-лингвист. Адам мен компьютер арасында байланыс интерфейсін дамытады. Мәтіндегі ақпараттарды өң­дейді және интернеттегі се­ман­тикаларын және интернеттің іздеу тетіктерін қалыптастыратын мамандық түрі.

  Желілік заңгер. Интернет желісінде нормативтік-құ­қық­тық актілерді өзара қалыптастырады.

  Түйін. Біз тізбелеген мамандықтардың бәрі де жаңа қоғамның дамуына жол ашады. Батыс елдеріне ене бастаған жаңа мамандықтардың игілігін уақыт көрсетеді. Ал, дәл осы кезде бізге қандай мамандар қат? Нендей саланың тамыр соғысы баяулап тұр? Оның жауабын ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзінше зерттеп көріпті. Ресми мәліметке иек артсақ, Қазақстанда 2021 жылға дейін дипломды аса қажет етпейтін мамандықтар сұранысқа ие екен. Ауыл шаруашылығы саласында тракторшы, дәнекерлеуші мамандары аса қажет. Техникалық мамандықтарға грант бағыттап, кәсіптік саланың жандандыру арқылы бұл мәселені 5-10 жылда шешуге болады. Ал, ІТ технологияға арқа сүйейтін уақытта жаңа мамандықты меңгеру уақыт талғап отыруды қажет етпейді.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Оқылды: 14 рет Соңғы рет өзгертілді: Сейсенбі, 17 Шілде 2018 13:39

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C