Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 17 Шілде 2018 13:39

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БҮГІНГІ БЕТ-БЕЙНЕСІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Қазіргі кезеңде білім мазмұнын жаңартудың түпкі мақсаты бағаны жақсарту емес, мұғалімдер мен оқушы­лардың қызметін философиялық тұрғыда өзгерту. 2011 жылы басталған мұғалімдердің біліктілігін арттыру курс­тарының тұжырымдамасына сай мұғалім - бұл оқушының танымдық ізденісіндегі көмекшісі, ал оқушы болса өз дүниетанымының конструкторы болуы керек. Осынау өзгермелі де қайшылыққа толы әлемде баланың орнына ешкім де ақиқатты тауып бере алмайды, ол тек баланың ғана қолынан келеді. Сөйтіп, мұғалім мен бала қарым-қатынасы "субъект-объект" жүйесінен "субъект-субъект" жүйесіне өзгеріп, қайта құрылады. Жаңа бағдарлама­лармен оқудың алғашқы нәтижелері оқушыларымыздың өздерін еркін сезінетінін, өз ойларын ашық, бүкпей жеткізетінін және ортақ мақсатқа жету үшін командада жұмыс істей алатынын анық растап отыр.

  Балғын балалықтан кейінгі БҰҰ белгілеген екінші шешуші жас - бозбалалық болатын. Сарапшылар бұл кезеңде "өмірлік әлеуетті мектептер мен колледждердегі сапалы білім алуға қолжетімділік, жұмысқа тұру мүмкіндігі, зорлық-зомбылық пен кикілжің сынды жағдайларды болдырмау арқылы көтеруге болады" деп есептейді екен. Осы тұста айта кететін жайт, біз - орта білімнің толық циклін қамтамасыз ететін санаулы елдер­дің біріміз. АҚШ-тың Әлемдік саясатты талдау орталығы бізді осындай 14 елдің қатарына жатқызады екен. Білім беру мен қамту жағынан проблема болмаса да, сапа жағынан әжептеуір мәселелер бар. Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сүйенсек, жағдай барысы осындай.

 

Бозбалалар мен бойжеткендердің еңбек нарығына шығуына мүмкіндік беретін ұйым - колледж. Бұл білім беру ұйымдарына қатысты министрліктің позициясы мынадай. Мамандарды даярлаудың техникалық және кәсіптік дайындығының кеңінен тараған халықаралық стандарттары бар. Бұл стандарттарды көптеген шетелдер қолдана отырып, жақсы көрсеткіштерге жетуде.

  Бірнеше жыл қатарынан қа­зақс­тандық колледж студенттері WorldSkills әлемдік конкурсына қа­тысқан. Бұл байқау кәсіптік да­йындық пен біліктіліктің мәр­тебесі мен стандарттарын арттыруға бағытталған, оған 70-тен астам елдер тартылады. 2016 жыл­дан бастап техникалық және кәсіптік білім берудің бағдарламаларын WorldSkills талаптарына сәй­кестендірілуде. Үстіміздегі жылы бұл жұмыс аяқталуға тиіс. Бұдан бас­қа, шетелдік оқулықтарды қа­зақ және орыс тілдеріне аудармалар жасалынады. Осы жылы 2 мыңнан астам оқулықты аударып бітіру жоспары тұр.

  Ал, өткен жылы жұмысшы кә­сіпті тегін оқыту жобасы басталды. Мемлекет оқу кезінде шәкіртақы төлеуді, жолпұлы мен бір жолғы тамақтану шығыстарын өтеуді өз мойнына алды. 2021 жылға дейін жұмысшы кәсібін алу мүмкіндігі 700 мыңнан астам қа­зақстандыққа беріледі деп жоспарлануда.

  Адам өміріндегі үшінші кезең - есею шағы. Бұл өмірлік әлеуетті ішінара болса да көтеруге болатын соңғы шешуші кезең. БҰҰ сарапшылары мұндағы маңызды фактор деп кәсіптік еңбектің жә­не әлеуметтік қорғаудың сапасын атайды. Бұл адамның есею ша­ғына қандай капиталмен келгеніне байланысты.

  Ересек адамның зияткерлік капиталының бірден бір көзі - ол жоғары білім. Білімнің бұл деңгейі де жаһанданып келеді. Қазір үз­дік жоғары оқу орындарының са­пасын онда оқитын шетелдік сту­денттер үлесімен есептейді. Мысал үшін, АҚШ-та 2016 жылдың қорытындысы бойынша шетелдік студенттерден келген табыс көлемі экспорттың 5-ші маңызды көзіне айналған (32,8 млрд. доллар). Бұған студенттердің демалыс уақытындағы шығындайтын ақшасы мен елдің туристік тартымдылығының өсуін қосар болсаңыз, қомақты инвестиция түсетінін аңғару қиын емес. Бүгінде жоғары білімді мықты экспорт көзіне АҚШ-тан басқа Ұлыбритания, Аустралия, Жаңа Зеландия, Франция, Ресей  айналып отыр.

  Қазіргі кезде Қазақстан шекарасынан асатын 6 студенттің орнына 1 шетелдік студент қана келеді. Әзірбайжан мен Тәжікстанда бұл арақатынас 10:1, Өзбекстанда 38:1. Сыртқы миграция мәселесін зерттеп, соңғы үш жылда қазақстандықтардың көп бөлігі шетелге оқу үшін емес, басқа мақсатпен кететіндігі жа­сырын емес. Эмиграция негі­зі­нен тарихи Отанымен қауышқысы келетін немесе жұмыс табуды көз­дейтін ересектер арасында басым.

  Жоғары білім мен оның сапасына оралсақ. Қазақстандық жоғары оқу орындарын қалайша тартымды, бәсекеге қабілетті етсек болады?

  Министрліктің өкілдері ЖОО-лардың жұмыс тиімділігін арттырудың ең бір маңызды жолы - олардың дербестігін арттыру екенін бір­неше рет мәлімдеген болатын. Бұл да жеке адамдардың пікірі емес, прак­тикаға негізделген үздік тәжі­рибе. ЖОО-лардың дербестігін арттыру жөніндегі пікірталастар мен зерттеулер елімізде 10 жылдан астам уақыттан бері жүріп жатыр.

  Сол кезден бері көп нәрсе зерде­ленді, енгізілгені де аз емес. Бү­гінде 113 азаматтық ЖОО-лардың 92-сінде корпоративтік басқару органдары - байқау кеңестері мен қам­қор­шылық кеңестер қызмет етеді. Оларға тиісті рәсіммен ұлттық және мемлекеттік ЖОО ректорларын сайлау құқығы берілді. 19 ректор корпоративті органдардың қаты­с­уы­мен сайланып үлгерді. Бұл қадам орталықтандыру дәрежесінің көп­тігі, жариялылықтың жеткіліксіздігі мен жемқорлыққа тәуекелділік сынды проблемаларды айтарлықтай шешуге мүмкіндік бермек.

  Ендігі міндет - жоғары оқу орындарының академиялық және бас­қарушылық дербестігін шектейтін құқықтық тосқауылдарды алып тас­тау. Мұны істемейінше олар "еңбек нарығының мұқтаждықтарына жә­не бәсекелестерінің талаптарына уақытылы әрі тиісінше жауап бере алмайтын болады" деп есептейді Білім және ғылым министрлігі.

  Министрлік білім берудің әрбір деңгейі Қазақстан азаматтарының адами капиталына сүбелі үлес қо­суы үшін барынша күш-жігер жұм­сау­да. Білім - адамның өмірлік әлеуетін арттырудың басты ресурсы. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының өз қызмет бағытын анықтауына, білім алушылардың қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру жолында батыл шешім қабылдауына бөгет жасайтын тосқауылдардың көпшілігін алып тастау керек. Дербестік қабылданатын ше­шім үшін жауапкершілікті де арттыратыны сөзсіз. Айдыны алып, құ­рығы ұзын білім теңізінің бір бөлігіне ғана ой жүгірттік. Күн сайын құбылып жатқан жаһандық дәуір­де мемлекеттің басты қаруы білім екені даусыз.

А.Әділжанұлы

Оқылды: 11 рет Соңғы рет өзгертілді: Сейсенбі, 17 Шілде 2018 13:42

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C