Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 17 Шілде 2018 14:02

ӘРІПТЕСІМІЗ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Республикалық қоғамдық-әлеуметтік, ғылыми-көпшілік «Ұстаз мәртебесі» газетінің жауапты хатшысы Абай Тағыберген Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымдарының 10 жылдығына орай өткен республикалық журналистер байқауында лауреат атанды.

   ХХІ ғасырдағы қазақстандық мектептерге ақпараттық қолдау көрсету, үздік отандық және халықаралық тәжірибені біріктіретін инновациялық мектептер құру, қазақ мектептерін әлемдік білім кеңістігіне біріктіру – журналистік конкурстың басты мақсаты.

  Байқауда журналистер білім саласының жаңашыл жүйесіне қатысты талдамалы мақалалар жазған. «Жаңа заманның жаңғырған мектебі» тақырыбын арқау еткен конкурсқа жалпы елдің әрбір аймағынан 50-ге жуық журналист бақ сынасқан.

  Сөз бәйгесінде өзгелерден оқ бойы озық шығып, қаламының қарымды екенін дәлелдеген Абай Тағыберген үздіктердің қатарынан көрініп, марапатқа лайық деп танылды. Айта кету керек, үздік жүлделі үш орынмен қатар 5 аймақтың журналистері арнайы лауреат дәрежесін еншілеген. Соның ішінде Абай Тағыберген Қызылордадан қатысып, үздіктер қатарына іліккен өңірдегі жалғыз журналист.

  Байқау қатысушылары «Жаңа заманның жаңғырған мектебі» шығармашылық конкурсын жыл сайын өткізіп тұруға ұсыныс білдірді. Олар білім беру саласында мамандандырылған журналистерге, соның ішінде кәсіби сайыстар мен тақырыптық тренингтерге арналған бәсекелестік ортаны құру қажеттілігін атап өтті.

   Астанадан жеткен Құрмет грамотасы мен бағалы сыйлықты Қызылорда облысындағы Назарбаев зият­керлік мектебі директорының оқу жөніндегі орынбасары Қалман Бейімбетов пен қаржы жөніндегі орынбасары Шолпан Оразбай табыстап, басылым тілшісіне ұйымдастырушылар тарапынан шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тіледі.

   

А.Тағыберген - төрт жылдан бері көзі ашық оқырман қауымға есімі танылып келе жатқан, болашағынан көп үміт күттіретін жас журналист. Оның білім мен экономика бағытында жазған өзекті мақалалары мен сұхбаттары саланың алға басуына, оқырманмен байланыс орнатудың тәсілін меңгергенін айқындайды. Жас журналистің қоғамдық-әлеуметтік тақырыптарда қозғаған мақалаларындағы түйінді пікірі, толымды көзқарасы оқырманға ой тастайтынын байқайсың. Еркін бағыттағы материалдарындағы ұтымды ұсыныс­тары көзіқарақты азаматтардың назарына ілініп жүр. Сондықтан отандық журналистикаға жаңа қарқынмен келген Абай Тағыбергеннің журналистика саласында бағыты бөлек, ұстанымы айқын. Облыста өткізіліп  жатқан түрлі байқаулардың жеңімпазы атанып жүргені өз алдына, былтырдан бері өңір журналистикасында табыстарға қол жеткізіп келеді. Облыс әкімінің "Жас дарын", қала әкімінің "Ұшқыр қалам" номинациясын иеленген Абай биыл Қазақстан Республикасы Журна­лис­тер одағының мүшелігіне қабылданды.

  Абай Тағыберген бүгінгі идеялар дәуірінде қоғамдық салаларда, журналистиканың салалық басылымында қолтаңбасын қалыптастырып үлгерді. "Ұстаз мәртебесі" газетіне келгелі бері білім саласының тақырыптарына дендеп енді. Тұрақты оқырмандарымызға белгілі, өзге басылымдар мәселеге тісі бата алмай, қаламы жүрмей, қиналып жатқанда, Абай министрден бастап орта мектептегі мұғалімнің айтар ойын оқырманға түсінікті тілмен жеткізеді, мәселені шемішкедей шағып тастайды. Әлеуметтік саланың ой-шұңқыры да Абайға белгілі: жұмыс­сыздық деңгейін пайызбен шығарып, мүгедек­тер­ге қарастырылған жеңілдіктерді зейініңе құйып бере­ді; жаңадан туылған сәбидің жөргекпұлынан бастап зей­нет­ақыңды шотқа салып, есептеп жібереді. Әрбір мәлі­мет­ке жауапкершілікпен қарап, көз жеткізу үшін Аста­надан хат-хабар алысып, министрлік маманымен ақпа­рат алмасып отырады.

  Байқасаңыз, Абай газеттің соңғы нөмірінде келешек мамандықтарға шолу жасады. Мемлекетіміздің дамудың даңғыл жолына бет бұрған тұсында болатын өзгерістерге ойлы көзбен қарады. Өңірде бұл бағытта ешкімнің қала­мы әлі жүре қойған жоқ. Оны біздің газеттің журналисті тақырыбына арқау етті. Тың мақала арқылы болашақ мамандық таңдайтын жастардың қаперіне салды.

  "Ұстаз мәртебесі" газетінің жарық көргеніне жеті жылдан асып барады. Осы уақыт аралығында басылым оқырмандарына қалтқысыз қызмет етіп келеді. Әрбір ақпарат, әрбір мақала, әрбір сұхбат жауапкершілікпен ұсынылады. Газеттегі қызметін тілшіліктен бастаған, қазірде жауапты хатшы Абай Тағыбергеннің осы жан­кеш­тілігі облыстық білім басқармасы басшысы тарапы­нан да жоғары бағаланды. Журналистердің төл мерекесі қар­саңында басқарма басшысы Майра Мелдебекова Алғыспен марапаттап, құрмет көрсетті.

  Қазірде облысымызда 92 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, медиа нарыққа бейімделгендер жұмыс жасап келеді. Әрқайсысының өз ұстанымдары, өз бағыттары бар. Біздің газеттің бағыты айқын, қоғамның талабына сай жұмыс жасауда. Газет апта сайын жарық көріп, оқырмандарды ақпаратпен қамтамасыз етуде әрі қоғамдық пікір тудыруда өз рөлін атқарып тұрса, жеке сайты еліміздің түкпір-түкпірінде интернет желісі арқылы үздіксіз қызмет етеді. Ал, газет қызметкерлері әр кез шабытпен жұмыс жасайды, шығармашылық тұрғыда жетілген, кәсіби маманданған тілшілер. Солардың басында Абай Тағыберген тұр.

Н.Меңдібай

Оқылды: 16 рет Соңғы рет өзгертілді: Сейсенбі, 17 Шілде 2018 14:08

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C