Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 12:36

Тамыз мәслихаты: Білімнің даму қарқыны қай деңгейде?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

   Оқу жылы басталды. Алда міндеттер мен жаңа жұмыстар тұр. Еңбек де­малысынан оралған ұс­таздар жыл сайын тамыз мәсли­хатында бас қо­сады. Өткенді саралап, кет­кен кемшіліктерді са­раптап, алдыға қойған міндеттерді орындауға кіріседі. Биылғы тамыз жиынында басымдық адами капиталға бағыт­талды. Асқар Тоқма­ғамбетов атындағы мә­дениет үйінде өткен мәс­лихат білімдегі бір­қатар мәселелер мен жетіс­тік­терді ортаға сал­ды.

   Тамыз конферен­ция­сына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыстық мәс­лихат хатшысы Наурыз­бай Байқадамов, облыс­тық білім басқарма­сының басшысы Майра Мелдебекова, қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов пен ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен ба­лабақша меңгерушілері түгел қатысты.

   Бұрындары Білім бас­қармасын басқарған об­лыстық мәслихат хат­шысы Наурызбай Байқадамов білім сала­сындағы жауапкершілік ең әуелі мұғалімнің мой­нында екенін және соңғы кездегі қағазбас­тылық, ата-аналардың шектен тыс шағымы білім сала­сы­на көлең­кесін түсіре­тінін ашық айтты. Мұнан өзге мұға­лімдердің жаңа білімді игеруге шақырды. 100 оқулық аясында шыққан 18 кітаптың ішкі мазмұны мен айтар ойын бүгінгі педагог­тар толық білуі керек. Себебі адами капитал­дың дамуына иек артқан уақытта балаға қажетті жаңа білімді меңгерту қажет деп есеп­тейді.

  Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелде­бекова: "Интел­лек­туал­дық капитал, адами ре­сурс мәсе­леніне мән бе­ре­тін уақыт жетті. Бұл тұр­ғыда ұстаздардың білім сапасы жоғары бо­луы керек" деді. Сондай-ақ, аймақтың білім бәсе­кесіндегі орны мен қол жеткізген табыстарды тізбеледі.

   Ал, қалалық білім бө­лімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов жыл бойына атқарған істерге тоқта­лып, жаңа оқу жылында нендей өзгерістер бола­тынын тілге тиек етті.

    Сонымен, биылдан бастап оқушылардың өз жері туралы танымдық түсінігі артпақ. Оқу жылына "Өлкетану" пәні енгізіледі. Жергілікті тарихшы мұғалімдердің авторлығымен шыққан оқулықтар бүгінде оқушының қолына тиеді. Мұнан басқа 3-сыныптан бастап информатика пәні жүреді. Ал, келер жылдан пәнді 1-2-сынып оқушылары оқиды.

    Жиында қаузалған тақырыптың бірі - кадр сапасы. Мұғалімнің білім деңгейі­не қатысты қоғамда сұрақ көп. Әрі жаңартылған білім беру мазмұнымен білімін қайта жетілдірген ұстаздардың да айлық жалақысы артуы тиіс. Ақарыс Дүйсенбайұлының айтуынша, 1 қаңтардан бері 1,2,5,7-сыныпқа сабақ беретін 4003 мұғалімнің жалақысы көбейген.  Ал, 3,6,8 сыныптарға сабақ беретін 1545 мұғалімнің жалақысы 30 пайызға артатын болады.

  - 2018 жылдан бастап педагог кадрларды аттестациялаудың жаңа жүйесі енгізіліп, аттестаттаудың бірінші кезеңі бойынша Ұлттық біліктілік тестілеуіне 672 педагог қызметкер қатысып, оның 507-і тестілеуден оң нәтиже алды. Ал, екінші кезеңнің қорытындысымен 240 педагог-модератор, 157 педагог-сарапшы, 103 педагог-зерттеуші біліктілік санаттары расталған мұғалімдерге қыр­күйектен бастап қосымша 30 пайыздан 50 пайызға дейін ақы төленетін болады,-дейді Ақарыс Нұрсейітов.

    Біліктілік дегенде басшыларды да қоса айту керек. Осы жылдан бастап мектеп директорларын тағайындау тәр­тібі де өзгеше болмақ. Бос лауазым орнына кез келген азамат қатыса алады және директорларды таңдауда мектеп ішіндегі Қамқоршылық кеңестерінің рөлі артады. Бұл дегеніңіз ата-аналардың да пікірлері ескеріледі деген сөз. Ең қуантарлығы, ендігіде мектеп директорларының резерві құрылады. Бұл бос тұрған директор орнына сырттан емес, алдын ала іріктеліп алынған кадрлар тартылмақ.

   Бала оқытып отырған әрбір ата-ана үшін оқушының қауіпсіздігі басты мәселе. Білім бөлімінің басшысы мектебі жоқ ел­ді мекендерден қатынайтын оқушыларды арнайы бекітілген автобустармен тасымалдау жүйелі жолға қойылды деп мәлімдеді.

   Бүгінде 641 бала мектепке тасылмаданбақ. Айталық, №176 мектепке "Саябақ", "Сабалақ" саяжайларынан, ПМПК-66 елді мекенінен, №172 орта мектепке "Сабалақ" елді мекенінен, №215 орта мектепке "Кубас", "Төрттам", "Тоғай" елді мекендерінен, №264 мектеп-лицейге "Сабалақ", "Эдельвейс" саяжайларынан, №39 орта мектепке "Арғын" елді мекенінен, №138 орта мектепке "Сиыр фермасынан", №178 орта мектепке "Геолог" саяжайынан, №264 мектеп-лицейі мен №176 орта мектепке оқушылар тасымалы автобус және газель көлігімен тасымалданбақ. 

   Қауіпсіздік дегеннен шығады. Жауапты мамандар мен мектеп ұстаздары бала қауіпсіздігін алдын алуда жаңа тетікті мек­тепке енгізуге мүдделі. Қазір қаладағы №264 мектеп-лицейде сынақ ретін­де таңдалынып алынған. Жаңадан "Мен қайдамын" (Где я) қосымшасы арқылы мүмкін болмақ. Мақсат - балалардың жан-жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың және келеңсіз жағдайлардың алдын алу.

    Жоба баланың кез келген мезетте баланың орналасқан орнын анықтауға болады. Баланың қандай бір обьектіге кіргені не шыққаны жөнінде сынып жетекші немесе ата-ананың ұялы телефонына тікелей дауыс хабарламасы арқылы жолданады. Баланы ғаламтор жүйесінде отырғанда баланы қадағалау бағдарламасы да қосылады. Яғни балаңызға ғаламторда тыйым салынған сайттарға шектеу орнату мүмкіндігі бар. Оқушының ұялы телефонының қуаты таусылса немесе сөніп қалса тікелей ата-анаға дабыл дыбысы келеді. Демек, бала ұрлығына тосқауыл бола алатын бағдарлама ептеп мектептерге ұсыныс ретінде енгізілмек.

    Тамыз жиынында бөлім басшысы мектепке дейінгі білім беру, жалпы орта білім, ұлттық бірыңғай тестілеудегі меже, оқушылардың ғылыми жобаларындағы жетістіктері, оқушылардың ыстық тамақпен қамту, цифрландыру ісіндегі жұмыс­тардың орындалу барысын тәтпіштеп түсіндірді.

   Сөз соңында жастардың ІТ саласындағы аяқ алысы жайында қалалық қо­сымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының робототехника үйірмесінің жетекшісі Раушанбек Сариев технологияның мүмкіндіктері арқылы жаңа жобалардың өмірге келіп жатқанын мақтанышпен жеткізді.

   Екі сағаттан аса ұстаздардың басын қосқан тамыз жиынында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білімдегі бастамалар­ға оң баға бере отырып, әлі де маңыз беріп қарайтын мәселелердің барын жасырып қалмады. Жеке балабақшалардағы кадр сапасының төмендігі, цифрландыру енгенімен қағазбастылықтан айырыла алмай отырған мектептерді азайту, қосымша білім берумен қамту өз деңгейінде еместігі қала әкімінің назарына ілінді. Сондай-ақ, құқық бұзушылықты азайтуда жүйелі жұмысты жандандыру керектігі де айтылып қалды. Себебі өткен жылы 8 бала, осы жылдың 6 айында 4 бала құқық бұзушылық бағытында жа­уап­қа тартылған. Осы проблемаларды болдырмау үшін кешенді жоба әзірлеп, әлеуметтік педагогтарды арттыру керектігі баса айтылды.

   Тамыз жиында жыл бойына жемісті қызмет атқарған ұстаздарға қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ноутбук сыйлады. Шара соңында ұстаздар өз ұсыныстарын жеткізді.

   10 күннен кейін жаңа оқу жылы басталмақ. Білім мамандары дайындықтың өз деңгейінде екеніне сендіріп отыр. Жаңа нысандар мен қатар жаңа талаптар да ұстаздар мен мектеп оқушыларын білімін тағы сарапқа салмақ. Сыналар сәттен сыр бермеу Сыр педагогтарына сын болмақ.

 

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Оқылды: 78 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C