Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 12:45

100-ДЕН АСА МАМАНДЫҚ ҚЫСҚАРДЫ кәсіптік салада нендей мәселе бар?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

   "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастардың қызығушылығын арттыру керек". Бұл Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың кезекті бір отырысында жауаптыларға қарата айтылған сөзі. Премьер тек сөзбен түйреп өткен жоқ, нақты мәліметтерді де келтірді. Айтуынша, мемлекеттік тапсырыс 75 мыңнан 100 мың орынға дейін ұлғайған. Алайда 14-24 жас аралығындағы жастарды техникалық және бейінді біліммен қамту деңгейі бар болғаны 17 процентті құраған. Ең төменгі көрсеткіш Алматы облысында - 10%, Түркістан облысында - 13,9%, Солтүстік Қазақстан облысында - 14,4% және Жамбыл облысында - 14,5%.

   Екі апта бұрын осылай деп мәлімдеген Бақытжан Сағынтаев мәселеге тереңірек мән беру керектігін айта келе, Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен, сондай-ақ, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, жұмыссыз жүрген жастарды кәсіптік біліммен қысқа мерзімде, формалды емес және қосымша біліммен қамту бойынша жүйелі шаралар қабылдасын деген тапсырмасын берген еді.

  Ел премьері мамандықтарды бағытына қарай бөлуді тапсыр­ған-ды. Себебі оқу орындарында игерілетін мамандықтар кейде нарық қажеттіліктеріне сай келмей қалады. Ал, таңдау жасап қойған түлектер сұранысты ескерместен маман иесі атана береді. Осы олқылықтың орнын толтыруда жаңа тетік еңгізіп, қажетсіз мамандықтарды тізімнен алып тастау ұсынылған.

  Айтып ауыз жиған жоқ, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тамыз мәслихатында осы мәселенің ұштығын көтере кетті. Бас педагог бұдан былай колледждердің рейтингі жүргізілетінін және колледж мұғалімдерінің табыс көлемі де өзгеше болатынын мәлімдеді. Айтуынша, келер жылдан бастап әрбір колледждердің оқу бағдарламасы да, мемлекеттік тапсырыстың көлемі де өзгеретін болады. Аталған рейтинг колледж түлектерінің жұмысқа тұру көрсеткішіне негізделеді. Егер төмен болса, маман даярлау тоқтатылмақ.

   - Қазірдің өзінде кәсіби-техникалық білім саласында бір-бірін қайталайтын және ешбір сұранысы жоқ 109 мамандық қысқартылды. Соның нәтижесінде 66 колледждің салалық бағыты өзгерді. Ал 20 оқу орны бір-біріне қосылды. Осы саладағы жұмыс жалғаса береді. Біз жас мамандардың жұмысқа тұ­ру көрсеткішіне назар аударамыз,-дейді Ерлан Сағадиев.

  Рас, министр мәселенің қайда жатқанын жақсы біледі. Соңғы жылдары маман даярлау ісінде қайталама мамандықтардың бар екенін және жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ се­кілді қаптап кеткен колледждердің сападан гөрі санға көңіл бөлетінін ешкім ұмыта қойған жоқ. Ақысын берсең, дипломын ұстата салатын оқу орындарын қысқарту, реттеу керектігі мінбелерден көтеріліп те жүр. Оның үстіне Елбасының тегін техникалық білім беру бағытында жастардың бос жүр­меуі керектігі, жұмысшы мамандығын игертіп шығару тапсырмасы бар. Мұның бәрі кәсіптік білім саласындағы кей­бір мәселелердің басын ашып береді.

   Бір анығы, колледждердің 95 пайызы жергілікті әкімдердің құзыретінде. Тиісінше аймақтың бюджетіне қарай бала дайындайды. Тек республикалық бюджеттен ірі республикалық санаулы колледждер ғана қаржыландырылады. Бұл министрлік жанындағы Техникалық және кәсіптік білім департаменті мамандарының телефон арқылы бізге айт­қан ақпараты. Демек, мәселенің анығын жергілікті Білім басқармасы арқылы біле аламыз. Қызыл­орда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Шынтасов жұ­мысшы мамандығын даярлауда баланың аздығы аймақта проблемалық деңгейде емес дейді. Себебі облыс бойынша 30 техникалық-кәсіптік білім беретін оқу орындарында 97 мамандық 167 білік­тілік бойынша 22480 студент білім алады. Өткен жылы жұмысшы мамандығы бойынша республикалық бюджеттен 1515 орын, жергілікті бюджеттен 3088 орын мемлекеттік тапсырыс бөлінгенін де қоса кетті.

   - 2017-2018 оқу жылында облысымыздағы 30 колледжде білім алып жатқан 22480 студенттің арасында 6600 студент, оның ішінде күндізгі бөлім бойынша 4505 бітіруші оқуды аяқтады. Олардың арасында кешенді тест тапсыру арқылы жоғары оқу орындарына түсіп, жұмысқа орналасқандары бар. Ал, 2016-2017 оқу жылын аяқтаған 6183 сту­дент­тің (4736 күндізгі) оның ішін­де мемлекеттік тапсырыспен бі­тір­ген 3898 студенттің 2872-і жұ­мыс­қа орналасып, 73,7 пайыз бол­­ды,-дейді Жасұлан Қанибайұлы.

   Ал, биылғы оқу жылында Үкімет басшысы шүйліккен техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 3108 мемлекеттік тапсырыс қаралып қойған. Ал, жұмысшы мамандығын алуға 500 орын мемлекеттік тапсырыс бөлінген.

   Кәсіптік салада тек мамандықтар класификациясы ғана емес, өзге де мәселелер аяқтан тар­тып тұр. Соның бірі оқулықтың аздығы. Жұмысшы мамандығында білім алатын студенттер орыс тілді оқулықтармен оқуға мәжбүр. Қазақ тілінде кітаптардың өзі санаулы. Бұл өз кезегінде Кеңес үкі­метінде бағдарламалық кітаптарды отандық оқулықтар алмастыратын кезең туғанын білдіріп отыр. Әрине, басқарма арнайы әдістемелік орталық мамандарымен бірлесіп жұмысшы мамандығына қажетті оқулықтарды шығару ісімен айналысуда. Дегенмен, бұл әлі де аздық етеді.

   - Қазіргі таңда, жұмысшы мамандықтары бойынша қазақ тіліндегі жаңа оқулықтардың аз екендігі проблемалық мәселе. Бірақ, соңғы жылдары қазақ тіліндегі оқулықтарды әзірлеп, жа­рыққа шығару жүзеге асырылып келеді. Мәселен, "Жылу техникалары мен жабдықтарын жөн­деу және пайдалану" жұмысшы мамандығы, "Тігінші, пішу­ші, модельер" жұмысшы мамандығы бойынша оқулықтар әзір­леніп, кәсіптік білім беру жүйесінде пайдалануда,-дейді Жасұлан Шынтасов.

   Кәсіптік білім саласындағы аяқтан шалатын проблеманың бірі жатақхананың жетімсіздігі. Қазірдің өзінде Қызылорда облысында  3 жоғары оқу орны (1 мемлекеттік, 2 жеке), 30 колледж (16 мемлекеттік, 14 жеке) тіркелген. Оларда 33252 студент, оның 22480-і колледжде, 10772-і  жо­ғар­ғы оқу орнында білім алуда.  Мемлекеттік 16 колледждің 5-де жатақхана жоқ, 1-не қосымша жа­тақхана құрылысын салу қа­жет етіледі. Бұл сала мамандарының есебі.

   Жатақхананың жоқтығы білімнің сапасына да әсер етеді. Әсіресе жекеменшік колледждердің бұл ретте мәселені уақы­тынан бұрын шеше алмайтын белгілі. Мәселен, аймақтағы 14 жеке колледждің 6-да жатақхана жоқ. Ал, қажеттілік 1525 орынды құрап отыр дейді мамандар.

  Биліктің өз жауабы болғанымен де жатақхана жағдайы реттелеуі керек. Ұсынылған ақпараттарға сүйенсек, аймақтағы Арал көпсалалы колледжі - 0,5 га, Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі - 1,6 га, М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі - 2,3 га, С. Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі - 5 га, Қазалы аграрлы-техникалық колледжі - 0,5 га жер учаскерлері белгіленіп қойған. Қазір заң негізінде құжаттамалық жұмыстар жүруде.

   Ал, Қызылорда медициналық колледжінің жатақхана мә­селесі "Сүйеніш" ЖК-ның ғи­маратын колледжге жатақхана ретінде алу бойынша келіссөздер арқылы мүмкін болмақ. Мұнан өзге жеке Қызылорда инженерлі-техникалық колледжі, Қызылорда көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжі, Қазалы гуманитарлы-техникалық колледждеріне жер учаскелері белгіленіп қойған. Қалған 3 колледжге жер беру мәселесі әлі толық шешіле қоймаған.

  Бұрынғыдай емес, қазір кол­ледждерге деген талап қатал. Әрі өңірлердегі мемлекеттік колледждердің өзі статусына қарай маман даярлайды. Аймақта бүгіннің өзінде 3 колледж жоғары колледж мәртебесін алған. Маман даярлаудағы тапсырыстың да сұрауы болады. Қажетті мамандық даярлау мін­деті жастардың жұмысқа тұру көрсеткіштерімен бағаланбақ. Демек, нарық нендей мамандық қажет деген сауал оқу орын­дарын екі есе ойландыруы керек. Себебі бұл сауалға тек министрлік ғана емес, Үкімет басшысы да жауап береді.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Оқылды: 5826 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C