Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 12:49

Мұғалімдер қағаз тасуға міндетті емес

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

   Өткен аптада министр Ерлан Сағадиев ел ұс­таз­дарының алдында тамыз конференциясын өткізді. Сонда біраз мәселенің мән-жайын ашық айтты. Мінберде тұрып мұғалім мәселесіне арнайы тоқтады. Сондағысы - қағазбастылықтан құтылу.

    - Менің блогыма, жеке кездесулерде мұғалім­дер­ден сұрақтар өте көп түседі. Соның басым көпшілігі - мұғалімдерді басқа жұмыстарға тарту. Оны шешу үшін, былтырдан бері үй аралауды алып тастадық. Бірақ осы уақытқа дейін мұғалімдерді бөгде жұмысқа тарту облыстардың практикасында әлі сақталуда. Оны білеміз. Бүгін  облыс әкім­де­рінің орын­басарлары білім басқармаларының бас­шыларымен бірге осы тәжірибені жүйелі түрде тоқ­тату қажет,-дейді Сағадиев.

  Бас педагогтың айтуына сүйенсек, мұғалімдер толтыруға тиіс құжаттардың тізбесі бекітілген. Ол 5 құжатты ғана құрайды. Яғни тексеруші органдар осыны ескеруі қажет.

   Министр жыл басында да осы әңгімені құлағдар еткен-ді.

   "Мұғалім бүгінгі таңда министрлік, әкімдік, өрт сөндіру, СЭС, полиция, денсаулық сақтау, еңбек жә­не әлеуметтік қорғау салаларының тағы да басқа мекемелерге 100-ден аса есеп толтырады екен.  Ол есеп­­­тер түрленіп, қайта-қайта көшіріледі. Ми­нист­рлік тек үш жүйені ғана қалдыруды мақсат етіп отыр: Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰББДҚ), электронды журнал ("Күнделік") және бухгалтерлік есеп. Мектептер бұлардан басқа ешқандай есеп тол­тырмаулары керек. ҰББДҚ жылына екі рет қана толтырылады, Күнделік - ағымдағы үлгерім үшін қа­жет, ал бухгалтерлік есеп ол есепшілер үшін ғана".

   Бас ұстаз мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге шын­дап кіріскен сыңайлы. Себебі тамыз жиынында мұ­ғалімдерді ұлттық тестілеуден босату туралы баста­маны көтерді. Яғни осы жылдан бастап ұлттық тест бойынша рейтинг жүрмейді. Яғни баға немесе орын үшін талас деген болмайды.

   Ал, ең көңіл қуантатыны, министр "Мұғалім мәр­те­бесі" туралы арнайы заң қабылдауға ұсыныстың жолдағанын сүйіншілетті. Жасырып жабатыны жоқ, ұстаздардың да өзара бірігіп айтып жүргені осы мәр­тебені анықтайтын арнайы заңның керектігі. Мұнда мұғалім құқығы, міндеті, жалақысы, әлеуметтік жағ­да­йы жан-жақты сарапқа салынса мұғалімдердің қо­ғам алдындағы беделі артпақ. Әрине, әзірге бұл тек ұсы­ныс. Нақты қабылданатын күн алыс емес деп сенейік.

А.ҚАРАКЕСЕК

Оқылды: 145 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C