Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018 13:27

ТҮЛЕКТЕР ТАБАН ТІРЕДІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

       Білімге ден қойып жүр­ген жастар Ресей гран­тымен білім алып қайтқан студенттердің өміріне қызығады. Екі ел арасындағы келісімнің нәтижесінде Ресейдің маңдайалды оқу орында­рында білім жинауға мүмкіндік алған студент­тер­дің алғашқы қарлы­ғаш­тары елге оралуда. Бүгінгі күні алғашқы 74 түлек диплом алып, олар­дың 43-і магистратураға түсті. Бұл жайында  аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алған алғашқы қызылордалық түлектер­мен кездесуі барысында айтты.

   2014 жылдан бастап Мәскеу мен Санкт-Петербургтің озық оқу орындарында 452 қызыл­ор­далық студент Ресей Федерациясы үкіметінің гранты есебінен білім алуға көшкен. 74 түлектің 43-і білімін қайта жалғас­тыруды құп көрсе, 14-і ай­мақтың ірі кәсіпорын­дары - "СКЗ-У" ЖШС, "Қы­зылорда жарығы" ЖШС, "Ансар Сервис" ЖШС, "Теплотехник" ЖШС, мамандан­дырыл­ған мемлекеттік мекеме­ле­ріне қызметке орналас­ты. Сондай-ақ, индус­триал­ды-иннова­ция­лық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқар­ма­лары мен жастар ресурс­тық орталығына және өзге де мекемелерде ең­бек жолын бастамақ. Себебі осы уақытқа дейін жауаптылар "Ресей гран­тымен білім алып келген жастардың жұмыс орны дайын" деген ақпаратты алға тартқан. Себебі әрбір кадр аймақ үшін қажетті мамандықтарды оқып кел­ген. Мұны жиында облыс әкімі де салмақтай кетті.

  - Ата-бабамыз "Туған жерге туыңды тік" деп бекер айтпаған, Елбасымыз да "Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауы­лыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен баста­лады" деп айтып келеді. Мен де өз кезегінде "Туған жер­ге тағзым ету - пары­зым, туған жерге қызмет ету - қарызым" деген ұран­ды ұстанамын. Білім алып, белгілі бір мамандық иесі атанып, туған жеріңе орал­ған қадамдарың оң бол­сын,- деп жастарға сенім білдірді аймақ басшысы.

    Сапалы біліммен қатар жайлы жұмыс орнына қо­лы жеткеннің Ресей мемле­кетінің стипендиясына ие болған Еламан Меңдіқұл оқи жүріп, түрлі қызметке шақыру ала бастағанын мақтанышпен жеткізді.

   - Өзгелер Мәскеу мен Петербургте оқып жүрге­німізде Сыр бойы жастары­ның оқуына қамқорлыққа, оларды материалдық және рухани қолдауға қызыға қарайтын. Қазір облыстан Мәскеуге арзан әуе рейс­тері ұйымдастырылған. Сондай-ақ, оқып жүрген кездің өзінде "Аралтұз", "Байкен-U", "Қызылорда жарығы", "Абзал и К" сияқты ірі компаниялар жұмыс ұсына бастады. Мен "Қызылорда жарығы" ЖШС-де жұмыс жасай­мын. Ата-анам мен облыс басшылығының үмітін ақтап, алған білімімді ту­ған жердің игілігіне жарат­сам деймін",-деді Еламан Меңдіқұл.

   Кездесуде түлектер об­лыс әкіміне "Орда" жастар қоғамдық бірлестігінің куәлігін табыстады. Бұл ұйым ағымдағы жылдың тамыз айында сырбойы­лық жастардың мәселе­ле­рін шешуге және ресейлік жоғары оқу орында­рын­дағы студенттер мен түлек­терді біріктіруге арналып құрылды.

   Облыс әкімінің баспа­сөз қызметінің ақпаратын сүйенсек, биыл 60-тан астам мектеп түлегі Мәс­кеу ұлттық технологиялық зерттеулер университетіне, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграр­лық университетіне, Санкт-Петербург мем­лекеттік индустриалды технологиялар және ди­зайн университетіне, Ин­нополис университетіне және Мәскеу энергетика институтына түскен.

   Сондай-ақ,  Ақпарат­тандыру мен технология­ларды енгізу бойынша Татарстан Республи­ка­сындағы Иннополис уни­вер­ситетінде түлектердің білім алуына келісім жа­сал­ған.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Оқылды: 391 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

"Халық таңдауы" айдарының бұл жолғы санында сусындарды сараптаймыз. Cіз қай сусынды көп тұтынасыз?

Coca-Cola - 28.6%
Fanta - 34.7%
Sprite - 16.3%
Pepsi - 20.4%
Holiday - 0%

Total votes: 49
The voting for this poll has ended on: 17 Қаз 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C