Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018 13:31

Үйден оқитын балаларға ерекше жағдай керек

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

 

   Қоғамда қимыл-қозғалысы қиын, бойында кінәраты бар балалардың лайықты білім алуына кедергі болмауы керек. Бұл білім саласындағы ең өзекті мәселенің бірі. Себебі өмірдің ағысына қарсы жүзген балалардың білім стан­дарт­тарынан қалып қоймауын қадаға­лау білім ордасына тікелей байланыс­ты. Мұны педагогика тілінде инклю­зивті білім беру деп атайды.

   Инклюзивті білім алатын балалар арнайы жағдайда оқиды. Яғни дәрі­гердің диагнозы арқылы балаға қолай­лы орта жасау үшін мектептерде инк­лю­зивті сыныптар ашылуда. Ал, кейбір сыныптарда мұғалімдер баланың үйіне барып оқытады. Бұл жеке сабақ түсін­діру, баланың қабылдау деңгейіне ауыр болмайтын тақырыптарды түсін­діруде педагогтар әрбір балаға арнайы бағдар­лама жасайды.

   Инклюзивті жағдайда білім алатын жастарға тәлім беретін ұстаздар әрбір ба­­лаға кемінде 2-3 сағат ғана уақыт бөлу керектігін айтады. Себебі бала бел­гі­ленген уақытқа жетпей шаршап, не ден­саулығына кері әсерін тигізуі мүм­кін. Мұндайда педагог ата-анамен ты­ғыз қарым-қатынас жасайтынын жасыр­майды.

  Расында, қоғамның бел ортасында жүріп, денсаулығында кінәраты бар мүм­кіндігі шектеулі балалардың өз дә­режесінде білім алуына жағдай жасау мә­селесі білім саласының мінберінен аз айтылып жүрген жоқ. Тіпті бюд­жет­тен қаржы бөлініп, оқулықтар са­тып алынуда. Қазіргі таңда барлық әлем жұрт­шылығының назарын ауда­рып отыр­ған мәселе балалардың жеке сұ­раныстары мен ерекшеліктеріне ор­та­ның, отбасының қатысуымен білім бе­ру үрдісіне толық қосуды қарас­тырады.

  Қызылорда қаласында 2017-2018 оқу жылында 54 мектепте 2717 мүм­кіндігі шектеулі балалар білім алады. Өткен жылы 2717 баланы құраған. Оның ішінде 600 мүмкіндігі шектеулі балалар психологиялық, медицина­лық, педагогикалық консультация-лардың қорытындысы негізінде үйден оқытылады.

   Қалалық білім бөлімінің баспасөз хат­шысы Бақыт Бектібайқызының айт­уы­на қарағанда, ерекше мұқтаждықтары бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үр­дісін сипаттау, яғни инклюзивті тәрбие­леу жұмыстары жүйелі жолға қойылған дейді.

  - Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін "Мұрагер" №№4,7,211,222 мектептер жанынан 5 логопедтік пункт және "Сыр жұлдызы" балабақшасы жанынан мүге­дек балалар үшін арнайы инклюзивті топ­тар ашылса, даму мүмкіндігі шектеулі бала­лардың жалпы білім беру бағдарла­ма­ларына сәйкес білім алуларын қамта­ма­сыз ету мақсатында №264 мектеп-лицейінде инклюзивті сыныптар жұмыс жа­сауда,-дейді Б.Бектібай­қызы.

   Мамандардың сөзіне сенсек, қалада №5 балабақшада көзі нашар көретін бала­ларға арналған 3 топ, №50 балабақшада тіл мүкістігі бар балаларға арналған 1 топ, "Сыр жұлдызы" балабақшасында құлағы нашар еститін балаларға арналған топтар жұмыс жасайды. Сондай-ақ, "Шағбан" жеке меншік мүмкіндігі шектеулі бала­ларға арналған мектепке дейінгі меке­меде 175 бала тәрбиеленуде.

   Инклюзивті жағдайда білім алатын балаларды қоғамнан оқшау ұстау қажет емес. Бұл лайықты, тең дәрежеде білім алу­ға құқылы әрбір азаматтың консти­ту­циялық құқығы. Педагогтар мұндай мә­се­леге қоғамның оң ықпалы керек дегенді алға тартып отыр. Демек, білім алудың қай сатысында болмасын, үйден оқытыла­тын балалардың біліміне педагог, ата-ана та­­рапынан қолдау, билік тара­пынан жағ­дай жасалуы керек. Себебі мүм­кіндігі шек­теу­лі балаларға кедергісіз бола­шақ жасау мемлекеттің міндеті.

А.ҚАРАКЕСЕК

Оқылды: 473 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

"Халық таңдауы" айдарының бұл жолғы санында сусындарды сараптаймыз. Cіз қай сусынды көп тұтынасыз?

Coca-Cola - 28.6%
Fanta - 34.7%
Sprite - 16.3%
Pepsi - 20.4%
Holiday - 0%

Total votes: 49
The voting for this poll has ended on: 17 Қаз 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C