Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 17 Қазан 2018 12:20

Кәсіптік білімнің мазмұнын жаңартқан тәрбие ортасы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Қаншама тарихи жолдан сүрінбей өтіп, еліміздің еңбек шамшырақтарын дая­рлауда биіктерден көрініп жүрген Шиелі индустриалды-аграрлық коллед­жіне биыл - 60 жыл.

    Өткенге көз жіберсек, қаншама өшпес іздер, үлкен ағалардың жарқын істері, тарихи жолдары сайрап жатыр. Замана тол­қынымен өткен, ғасырлар қойнауына еніп кеткен ғажап тарихымызды білу, одан кейінгі кешегі жүріп өткен сан тарау­лы жолымызды зерделеу, бүгінгі жарқын өмірімізді сараптай отырып, алдымыздағы кемел келешегімізді бағамдау ғибраттылық болмақ. Бұл қазіргі және өскелең ұрпағымыз үшін де парыз.

    Бүгінде қанаты қатайып, орнын қа­лыптастырған білім ордасының өткеніне көз жүгіртсек, колледж 1958 жылы қараша айында Бәйгеқұм қыстағында №97 ауыл­шаруашылығын механизацияландыру училищесі (УМСХ) болып құрылған. Бүгінгі таңға дейін қаншама рет атауы да өзгертілді.

   1958 жылы №97 ауылшаруашылығын механизацияландыру училищесі, 1965 жылы №97 селолық кәсіптік техникалық училищесі,1996 жылы №11 кәсіптік техникалық мектеп (КТМ), 2001 жылы №11 кә­сіптік мектеп (КМ), 2009 жылы №11 "Кәсіптік лицей", 2012 жылы Шиелі ин­дус­триалды-аграрлық колледжі болып өзгертілді.

    60 жыл ішінде бұл оқу орнын талай абзал азаматтар басқарды. Айта кететін болсақ, 1958-1962 ж.ж. Нұрмахан Қасымұлы Қасымов, 1962-1963 ж.ж. Шатланбек Бәкірұлы Бакиров, 1964-1971 ж.ж. Ыбырайхан Нәлібайұлы Нәлібаев, 1971-1984 ж.ж. Шымкент Сыздықов, 1984-1987 ж.ж. Дүйсенбек Ермаханов, 1987-2009 ж.ж. Ысқақ Оспанұлы Оспанов, 2009 жылдан қазіргі күнге дейін Мейрамхан Мұсаханұлы Дүйсенов басқарып келеді.

    Алғашында тек 12 ұстаз қызмет еткен оқу орнында білікті де білімді ұрпақ даяр­лау мақсатында аянбай қызмет атқар­ған директордың оқу өндірісі жөніндегі орынбасары Әпи Төлеуов, директордың мәдени-көпшілік жұмыстар жөніндегі кө­мекшісі Б.Қосназаров, өндіріс оқу шебері Ақылбек Қуандықов, ұстаздар: Қ.Қожамжаров, А.Тайымбетов, Ә.Исмайлов, К.Тә­уекелова, Ш.Кадиров, Т.Кабулов, А.Исмайлов, В.Иванчуков, Қ.Өтебаев, О.Ходжабеков, Ш.Сыздықов, Ш.Бакиров, Ә.Палымбетов, Б.Гайназаров, Қ.Мең­лібаев, Ә.Нұрмаханов, А.Аташев, Я.Тәжімбетов, С.Дүйсебаев, П.А.Ревин, Қ.Пайзекеев сынды қайратты да қажырлы, сан қырлы әдіс-тәсілді меңгерген ұс­таз­дар осы жылдары ұядан ұшқан талай жас­өспірімнің үлкен өмірге дұрыс таңдау жасай білуіне ықпал етіп қана қоймай, абыройы асқақтаған ел азаматы болып шығуларына септігін тигізді. Өткеннен алар сабақ көп дегендей, қазіргі колледж ұжымы кезінде қызмет еткен ұлағатты ұс­таз­дарды ұмытпайды. Бүгінгі күнге дейін бұл оқу орнынан 18 мыңға жуық, әрқайсысын мақтан етіп айта алатындай мамандар түлеп ұшты.

    Осы оқу орнының алғашқы түлектері Мұсахан Дүйсенұлы Дүйсенов, Әділхан Досанов, Әлмағанбет Мамбетбаев ағаларымыз бүгінде біздің ортамызда.

    Мұсахан Дүйсенұлы Дүйсенов 1965 жылдан бастап өзі білім алған ұяда 25 жыл үз­діксіз директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін абы­роймен атқарды. Қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырған Мұсахан Дүйсенұлы Бәйгеқұм ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Шиелі ауданының құрметті азаматы.

    Училищеге директор болып Ыбырайхан Нәлібайұлы Нәлібаев келгеннен кейін қабілет-қарымы мықты басшы тың ізденістерге ден қойды. Оқушыларды те­рең білім нәрімен сусындатып қана қоймай, барлық жағдайларын жасауға тырыс­ты. Осы мақсатта Ыбырайхан Нәлібай­ұлы­ның бастауымен және училище ұжы­мы­ның қостауымен 100 орындықты клуб, 25 адамдық монша салынып, оқушылардың игілігіне берілді.

    Ыбырайхан Нәлібаев келген жылдары оқу орнының даңқы Одаққа (СССР-ге) тарады. Механизатор-тракторшы мамандығын, шопырлық куәлік алу үшін Одақтың түкпір-түкпірінен - Украина, Белоруссия, Татарстан, Башқұртстан, Чувашия Республикасынан жастар ағылып, келіп жатты. Училище ұлттар достығының мектебіне айналды. Оларға арнайы форма киімдер беріліп (қара күпәйке), оқушылар ар­на­йы жатақханаларда тегін жатып, тегін тамақтанды.

    Ыбырайхан ағаның игі істерінің бірі екі дүркін Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Дала Академигі, ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың еңбегін аудан, облыс деңгейінде дә­ріп­теп, өнегелі істерін кейінгі ұрпаққа на­си­хаттап отырды. Ы.Жақаев жастарға өз ең­бек жолын баяндап, жастарды ел, халық үшін ерінбей еңбек етуге шақырып, дәріс бе­ріп отырды. Қазақстанның жас егіншілеріне "Жастар, сендерді ақ күрішті ал­қап­тар күтуде" деген үндеу тастады. Бұдан ке­йін республикада жақаевшылар қозғалысы кеңінен өрістеді. Жақаевтың қаншама із­басарлары біздің училищеде тәлім алды. Социалистік Еңбек Ерлері, батыр анала­ры­мыз Ұлбала Алтайбаева, Заhира Ержанова, Шырынкүл Қазанбаева, Жадыра Таспамбетовалардың, Ленин орденді және Еңбек Қызыл Ту орденді Рысбай Мәуленов, Аманжол Сейдахметов, Мырзалы Каденов, Бақыт Төребаев, Еңбек Даңқы орденді Дайрабай Әлтаев, Қуандық Жосанов, Амангелді Жаленов, Мырзалы Каденов, Айжамал Ибраева, Әлімбет Жолымбетов, Пернеш Масантаев, Еркінкүл Бер­ді­бекова, Құрмет белгісі орденді Сұлтан Айтасов, Әсет Есқұлов, Әділхан Жұманазаров, Патыма Жақсыбаева, Байтас Палжанов, Күланда Секерова сияқты аға-апаларымыздың училище түлектері екендігін мақтанышпен айта аламыз.  

    4 Социалистік Еңбек Ері, 1 Ленин орденінің иегері, 7 "Құрмет белгісі" орденінің иегері, 9 "Еңбек Даңқы" орденінің иегері, 4 "Еңбек Қызыл Ту" ордені, 10 "Ерен еңбегі үшін" медалі, 1 "Еңбектегі ерлігі үшін"медалі, 3 "Айрықша еңбегі үшін" ордені, 1 КСРО "Құрметті теміржолшысы" төсбел­гі­сі, 1 КСРО кәсіптік білім беру ісінің үз­дігі, 5 Қазақ ССР кәсіптік білім беру ісінің үздігі, 1 ҚР кәсіптік-техникалық білім беру саласының үздігі, 1 ҚР білім беру ісінің үз­дігі - өз еңбектерінің жемісін көрген ауданымыздың өнегелі тұлғалары.

   Осы жылдары Бәйгеқұмдағы училищеде спорт пен өнерге үлкен мән беріліп отырды. Нәтижесінде оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізулеріне мүмкіндік туды және олардың арасынан ауданға, облысқа, республикаға танымал спортшылар шықты. Солардың бірі Александр Туманов 1972 жылы жеңіл атлетикадан республика чемпионы болды. Ыбырайхан ағамыз бас­қарған жылдары училище екі мәрте 1965 және 1971 жылдары Бүкілодақтық социалистік жарыста жеңімпаз атанып, ауыспалы Қызыл Туды жеңіп алды.

    Жастар бос уақыттарында спортпен шұғылданып, өнерлерін ортаға салып жатты. Сол тұста училищенің өнерпаз ұстазы Мырахмет Ахметов ұйымдастырған көр­кем­өнерпаздар үйірмесі облыстық байқауларда үш мәрте жеңімпаз атанды. Домбырашы-күйші, мандолина аспабын шебер орындайтын Мырахмет ағамыз жетек­ші­лік жасаған оркестр ауданның мақтаны­шы­на айналды. Көркемөнерпаздар үйір­месі кейіннен "Жас қанат" ұлт аспаптар оркестрі аталып, оны талантты өнер иесі, әнші-күйші Бектай Әлімбаев басқарып, құрамында отыз екі өнерпазы бар оркестр жүлдені ешкімге бермеді. 1990 жылы қазан айында кәсіптік-техникалық училищелердің құрылғанына 50 жыл толу мерекесіне орай, Алматыға арнайы шақыртылып, республикалық халық жетістіктері көрмесінде өтетін дүбірлі шараны, сол кездегі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевтың құттықтау сөзінен кейін оркестрмен ашу құрметіне ие болады. Нә­ти­жесінде, 1992 жылы "Жас қанат" оркес­т­рі "халықтық" атаққа ұсынылды.

   Ел экономикасы артып, ауылшаруашылығының өркендеуіне және училище түлектеріне мамандықпен қоса орта білім берілуіне байланысты 1980 жылы училище Шиелі кентінде жаңадан салынған, жаңа типтегі оқу орнына көшірілді.

   1987 жылдың наурыз айынан бастап тәуелсіздік жылдары оқу орнында 22 жыл директор болып қызмет атқарған Ысқақ Оспанов училищенің өсіп-өркендеуіне зор үлесін қосты. Ал, 2009 жылдың қазан айы­нан бастап №11 кәсіптік лицей директоры қызметіне келген Мейрамхан Мұсаханұлы Дүйсенов жаңа заманға бейімделіп, Елбасы салып берген сара жолмен жүру бұл уақыт талабы екенін жақсы түсініп, ұжымды да жаңашыл талаппен жұмыс жасауға жұмылдыра білді.

    2012 жылы оқу орны Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі болып өзгертіліп, бүгінде өңіріміздің өркендеуіне, экономикамыздың дамуына өз үлесін қосып келеді. Алғашында тек ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын училище болып ашылған оқу орнында, енді заман талабына сай, аудан көлемінде ашылып жатқан өндіріс орындарына мамандар даярлау үшін жаңадан мамандықтар ашыла бастады.

   Колледж нарықтық қатынастарға сай әлеуметтік мекемелермен қауымдаса іс-әрекет жасай бастады. Білікті маман болып шығу, колледжде алған теориялық білімін әрі қарай жетілдіру мақсатында өндірістік тәжірибеден өтуді аудан көлеміндегі әлеу­меттік серіктестіктер мен ірі кәсіпорындар "Марсель Петролеум" компаниясы, "КазАтомПром" ҰАҚ, КРЭК Шиелі электр тораптарын тарату мекемелерімен ты­ғыз байланыс жасай отырып, келісім-шарт негізінде арнайы пән мұғалімдері мен оқу-өндіріс шеберлерінің біліктілігін арттыру мақсатында тағылымдамадан және білім алушылар өндірістік тәжірибеден өтуде. Тек тәжірибеден өтіп қана қоймай, әлеуметтік серіктестіктер колледжімізге өз қол ұштарын да беріп отырады. Соның бірі де бірегейі - "Марсель-Grup" компаниясының демеушілігі. Елбасының кәсіптік-техникалық білімді көтеру туралы ойын жүзеге асыру барысында "Марсель Петролеум" ЖШС колледждің материалдық-техникалық базасын жақсартуға оқу орнына 20 млн. теңге көлемінде демеу­ші­лік жасады. Бұл қаражатқа ұстаздар мен өндірістік оқу шеберлері өз білімдерін көтеріп, еліміз бен шет елдердің оқу орындарындағы оқыту әдістерінің жаңалықтарымен танысып, оны күнделікті оқу процесінде пайдалануына мүмкіншілік туғызу мақсатында "Ыбырайхан Нәлібаев атындағы" оқу-әдістемелік кабинеті пайдалануға беріліп, компьютерлермен толықтырылып, интерактивті тақталар қолданысқа берілді. Колледждің спорт залының есік-терезелерін күрделі жөндеуден өткізіп, жаңа пластикалық есік-терезелермен ауыстырды және спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті, аспазшы мамандығына арнап білімін практикамен толықтыра түсу мақсатында, оқу асханасы қайта жабдықталды.

    "Адам ұрпағымен мың жасайды" дегендей, әкелер сабақтастығын жалғаған Мах­муд Ыбырайханұлы Нәлібаев өзінің көрегендігін көрсетті. Сонымен қатар, 2016 жылдан бастап Махмуд Ыбырайханұлы білім алушылар арасында қоғамдық жұмыстар мен мәдени іс-шаралардың бел­сенді мүшелеріне "Кеңес Одағының Батыры, ҚР-ның алғашқы қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов" қоры атынан және "Марсель-GRUP" ком­паниясының атынан шәкіртақы тағайындап отырады. Кәсіптік білім мен әлеуметтік серіктестіктер ынтымақтастығын дамытып, демеушілік танытып келе жат­қан "МарсельGrup" ЖШС компаниясының президенті Нәлібаев Махмуд Ыбырайханұлына ұжымның айтар алғысы шексіз.

    Металлургия бағыты бойынша мамандар дайындау сенімі артылуына байланысты қазіргі уақытта колледж әкім­ші­лі­гі ұзақ жылдардан бері металлургия саласына мамандар даярлайтын  Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, Павлодар түсті металлургия колледжі, Қарағанды политехникалық кол­леджі, Семей геологиялық барлау колледждерімен тығыз байланыс жасап, колледж сала басшылары мен инженер-педагог қызметкерлері осы оқу орындарының оқу барысымен танысып, тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізуде.

    Білім саласы - күрделі процесс. Үнемі дамуды, жаңаша деңгейді талап етеді. Себебі, бүгінгі білім алған түлек, ертеңгі маман. Теориялық біліммен қаруланған жас­тардың еңбек майданында еркін кө­сілуі осы колледж қабырғасынан қаланады. Қазіргі таңда колледжде 10 мамандық бойынша 439 білім алушы дәріс алуда. Тек білім беріп ғана қоймай, білім алушының тәрбиесіне де ден қойып, мамандар оқы­та­тын колледж ұжымында бүгінде 66 педагог-ұстаз, оның ішінде 1 "Ы.Алтынсарин" төсбелгісінің иегері, 1 "Білім беру ісі­нің үздігі" төсбелгісі, 2 "Үздік педагог" ата­ғы­­ның иегері, 5 халықаралық ұстаздар қа­уым­дастығының мүшесі, 5 магистр еңбек етеді. Жақында ғана, 5 қазанда жариялан­ған Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауы да ұс­таз­дар­ға үлкен күш беріп, жаңа идеяларға ұм­тыл­уына, саяси-экономикалық дамуы мен рухани кемелденуіне серпін бермек.

    Қазіргі колледж ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбсаттар Арыстанұлы Арыстанов зейнеткерлікке шыққанға дейін жас жеткіншектерді Отансүйгіштікке, ұлт­жан­дылыққа тәрбиелеу мақсатында "Жас қыран" әскери-патриоттық клубын жасақтаған еді. Тәрбиелік мәні зор бұл клуб­ты қазір оның ізбасары Дастан Тұр­ған­бай­ұлы Полатов жалғастырып келеді. №2019 әскери бөлімінің "Ұзынқұдық" зас­­тавасымен "Жас қыран" патриоттық клубы бірігіп, "Ұзынқұдық" заставасында ал­­ғаш­қы әскери дайындық жетекшіле­рі­нің ұйымдастыруымен оқу топтары білім алушыларымен әскери сабақтар өт­кізіп, әс­кери бөлімнің тыныс-тіршілігі, он­да­ғы әскери тәртіп, қару-жарақ түр­ле­рі, киім үлгілері мен әскери шерулерді үй­ренуде.

   Қос тойын қабат болсын демекші, 60 жылдық торқалы тойымызбен тұспа-тұс келген Шиелі ауданының 90 жылдығы және Елбасымыздың "Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру" атты мақаласына орай колледжімізде бірқатар іс-шаралар өткі­зі­луде. Солардың біріне тоқтала кететін болсақ, биылғы жылы "Туған жерге тағзым перзенттік парызым"  атты ауданымыздан шыққан ел ағаларымен кездесу кеші өткізілді. Шиелі ауданының әкімі Ә.Оразбекұлы, ҚР Парламент сенатының депутаты М.Бахтиярұлы, Қызылорда облыстық мәслихат депутаттары Т.Әлім­құлов, С.Алшынбаев, ауылшаруашылық ғы­лымдарының докторы, "Маржан" кү­ріш сортының авторы Қ.Бәкіров, аудандық мәслихат хатшысы Б.Сыздықовтар колледж ұжымында қонақта болып, зор табыстар тіледі.

    Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі - алпыс жыл тарихы бар іргелі оқу ор­ны. Атқарған абыройлы да қарымды істерімен егемен еліміздің баянды болашағын, Қазақстанның экономикасын дамыту жолында сапалы кәсіп иелерін, іскер маман дайындау үшін сүбелі үлестерін қосып келе жатқан ұжым. Келешекте колледж - мақсаты айқын, қадамы нық, бі­лімді де білікті, бәсекелестікке төтеп бе­ре­тін мамандар дайындау жолында аянбай қызмет етіп, кәсіптік білімнің мазмұнын жаңарта білетін тәрбие ортасы болып қала береді.

Мейрамхан Дүйсенов,

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі директоры

Оқылды: 458 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 17 Қазан 2018 12:53

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C