Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 17 Қазан 2018 12:33

Білім саласында экономиканың беталысы неге ескерілмейді?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

         Маман даярлау ісінен неліктен мән кетті? Жоғары оқу орындарының білім сапасына қатысты неге сын көп? Мамандық оқытудың жүйесін өзгертетін уақыт келді ме?

    Бұл төте сауалдар қоғамда сан мәрте айтылып келді. Тіпті биылғы Елбасы Жолдауында да жоғары білім сапасы ашық айтылды. Бәсекеге қабілетсіз оқу орындарын қысқарту, қайталама маман иелерін оқытуды доғару сынды тапсырмалар бүгінгі білім беру ісін аяқтан тартып тұр. Мұны осы саланың басы-қасында жүрген кәнігі мамандар да мойындайды.

   Демек, проблема бар. Кеңестік кезеңнің жүйесі мен жаңа заманғы талаптар білім жүйесіне түбегейлі өзгеріс керек екенін дәлелдеп тұр. Себебі цифрландыру ісінің қарқынды жүруі мамандықтар категориясын қайта қарап шығуды талап етеді. Осы мәселе төңірегінде ой қозғаған бұрынғы білім министрі Қырымбек Көшербаев: «Білім саласы болашақтың экономикасына бейімделгені дұрыс. Біз кадрларымызды қазіргі күнгі экономикаға емес, болашақта құратын экономикамызға бейімдеп, дайын­дауға тиіспіз. Алға озу үшін біз тұрақты негізде және ұзақ мерзімді перспективаға жұмыс жүргізуіміз қажет» деген ойды ортаға салды Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында.

   Білім саласының бү­гінгі беталысын бағамдау үшін сұранысты ескеру керек. Яғни сұраныс өлше­мін есепке алмай жасалған қадамның арты жастардың жұмыссыз қалуына әкеліп соғады. Мұның нақты проблемаларын Қырымбек Елеуұлы былайша сабақтайды. 

   - Бүгінде жасөспірімдердің көбісі қандай мамандық алғысы келетіні туралы нақты жауап бере алмайды. Міне, сондықтан да бакалавриатты бі­тіргеннен кейін балалардың көбінде психологиялық дағдарыс басталады: олар ата-аналарының талабымен немесе өзге де жағ­дайлар себебімен өз­дерінің қалауынан тыс, бас­қа жаққа бағыт ұстағанын түсінеді. Сол себепті өзінің мүддесін, өмірлік стратегиясын өзгертеді.

    Кеңестік кезеңде мектеп оқушылары түрлі мамандықтар туралы оқу пәндері шеңберінде түсі­нік алатын. Бірақ одан бері жаңа мамандықтар пайда болды, және олар туралы мектепте ешқандай ақпарат айтылмайды. Меніңше, мамандықтар туралы ақпараттарды мектепке дейінгі және мектептегі оқу бағдарламаларына қо­су қажет.  Егер бала мектепті бітірерде  мамандық таңдамаса, онда оның өзіне де, ата-анасына да және мемлекетке де проблема туындайды,-дейді облыс әкімі.

   Білім мазмұнына қа­тыс­ты өрбіген сұхбатта аймақ басшысы маман даяр­лау ісінде университеттер нарықтың беталысын ескермейтінін батырып айтқан.

     - Келешекте экономикада қандай мамандықтар­ға сұраныс туындайтыны ту­ралы жоғары оқу орындарын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп тұратын мемлекеттік жоспарлау жүйесі істемейді. Жоғары оқу орындары тарапынан еңбек рыногы зерт­теуге құлық жоқ, яғни, эко­номиканың беталысы ескерілмейді. Ал, осы үшін бірінші кезекте университет жауапкершілікте бол­уы керек.  Оқу бағдарлама­ларын өзгерткен жөн, оларды уақыт талабына сәйкестендіру қажет. Яғ­ни, жоғары оқу орындарына икемді және бейімделген оқу бағдарламаларын жасау керек.

     Жоғары оқу орындары жастарды сол кезеңдегі экономикалық жағдайға сәйкес іріктейді де, оларды төрт жылдан кейін басқа жағдай қалыптасқанда бі­тір­тіп шығартады. Осы уа­қыт аралығында талап, қажеттілік, міндеттер өзгереді. Демек, біздіңше, жоғары оқу орындары белгілі бір уақыт өткеннен кейін қандай қажеттілік болатынын талдап, болжап отыр­уы тиіс. Сондықтан білім жүйесі ұдайы жаңғыртылып, кез келген ЖОО-ның даму үдерісінің ажырамас бөлігіне айналуы керек,-дейді Қырымбек Көшербаев.

    Маман даярлаудың ақсап жатқан тұстарының бірі - өнеркәсіп саласында белді мамандардың болмауы. Оған тәжірибелі мамандардың қызметтен кетуін қосыңыз. Осы мәселелерді саралай келе екеуара сұхбатта облыс әкімі мына мәселеге мән беру ке­ректігімізді шегелеп берді.

   Меніңше, қазіргі таңда физикалық еңбекпен айналысатын "көк жағалылар" туралы аз айтылады. Ресми статистиканы кел­тірейін, елімізде жастардың 10 проценті өнеркәсіп саласында, 7 проценттен сәл астамы құрылыс саласында еңбек етеді. Кері­сін­ше, көтерме және бөл­шек саудада жастардың 17 проценті қамтылған. Осын­дай жіктелуде өз мамандығын мақтаныш ететіндер жоқ­қа айналды. Қа­зір қол ең­бегімен жұмыс істейтіндер үр­діске, үлгіге айналмай отыр. Алдыңғы буын, кадрлар кетіп жатыр, ал олардың тәжірибесін беретін ұрпақ жоқ. Бұл орада тә­жірибе беру тәсілі уақыттың талабына қарай өзге­ріп отыруы тиіс. Мектептер, колледждер мен ЖОО-лар әртүрлі жағдайға бейімделіп, жобаларды ұжымдық оқумен жүзеге асыруды енгізу қажет,-дейді ол.

    Жалпы білім төңірегінде ойлар өз уақытында орындалуы керек. Бұрын­ғы білім министрі болған Қырымбек Көшербаев санамалап айтқан ойлар бүгінгі министр креслосында отырған Ерлан Сағадиевке бағыт болмақ. Ал, оның орындалуы уа­қыт таразысына байлаулы.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Оқылды: 869 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 17 Қазан 2018 13:16

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C