Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 06:25

«КӘСІПКЕРЛІК ЖОЛ МІНЕЗДЕН БАСТАЛАДЫ»

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Қайрат Құдайберген - бүгінде бизнесте ірі магнатқа ай­­налған табысты кәсіпкер. "THS Group" құрылыс ком­па­ниясының негізін қалаушы. Қайырымдылық ісінде де есімі елеулі бизнес иесінің азаматтығы, ашық ойлары мен табыс табудағы сценарийлері кімге де болмасын қызық. Бі­лім саласына қаржы құюды мақсат тұтқан Қайрат Құдайбергеннің бизнестегі бастамалары енді ғана бизнес жо­лына түскен азаматтарға бағыт болмақ. "Жетістік пирамидасы" айдары осы сұрақ төңірегіндегі ойларға жа­уап іздейді.

   Дағдарыста ең қиын нәрсе - кәсібиліктің жетіспеуі. Байқасаңыздар, қаржылай қиыншылықтар туғанда ірі компаниялар ұжымдағы "паразиттерді", яғни артық жа­лақы алады деп есептейтін "бірінші орынбасар", "екінші орынбасар" секілді адамдарды қысқартады. Себебі, олардың қызметсіз-ақ компания жұмыс жасай алатынын біледі.

   Жұмысынан айырылған азаматтар жаңа жұмыс іздеу, өзінің жеке бизнесін бастауға кіріседі. Бірақ адамда белгілі бір салада кәсіп бастау үшін ең алдымен білім керек. Осыны түсінгендер түрлі курстарға барып, өзінің білім деңгейін көтеруге тырысады.

***

   Адамдармен дұрыс сөйлесе алу мен білікті мамандарды қасыма жинай алуым - менің бизнесте жетістікке жетуіме себепші болды. Сонымен қатар, бір командамен ұзақ мерзімде жұмыс жасауды да айта кеткен жөн. Кез келген жерде жаңа технологияларды пайдалану арқылы жұмыстың өнімділігін арттыруға болады.

***

   Ақша табу жақсы әрине, бірақ бізде ақша тапқан көп кісінің мансабы өскен сайын, жүрегі қартайып кетіп жатады. Сол себепті халық бизнесмендерге алаяқ, жем­қор ретінде қарайды. Біз осы стереотипті өзгертуіміз керек.

***

    Бизнесмен - пысық болуы керек. Жоқтан бар жасап, кәсібін дөңгелетуге бар жағдайды жасаса ғана идея­сы іске асады.

***

    Аузы күйген үрлеп ішеді. Жобаны жан-жақты талдай алмай, ақша салу қателік.

***

    Егер сен қымбат көлік, өзінді асырып мақтайтын жарнаманы емес, өзінді алаңдататын сұрақтарды жазып жүрсең, халық саған қарай тартылады.

***

   Егер адамда белгілі бір мақсатты бағындырамын деген мақсат болса, ол ешқандай да қорқынышқа қарамайды. Алғашында мен де бәрінен қорқатын едім.

***

    Әр күн сайын жаңа дүниені меңгеруге асығу керек. Мейлі ол тілді не бұрын-соңды меңгермеген жаңа ғы­лым не елдердің атауы болсын, білімді жетілдіруді тоқтатпау керек.

***

    Өмірге өкпелі болудың қажеті жоқ. Қолдан келсе, істің тетігін тауып, сол жұмыстың көзін тапқанша еңбек­тену керек.

***

    Жеңістің алғашқы қадамы қиындықтан басталады. Күш-жігерін аямаған ғана жеңімпаз болары хақ. Ал, қорықсаңыз өзіңізді аяғаныңыз. Жеңімпаз деп көпшілік мойындаған тұлғалар - есебі жоқ жеңіліске мойымай, алай-дүлей "дауылдарға" шыдас бергендер.

Дайындаған

А.ҚАРАКЕСЕК

 

Оқылды: 28 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 13:09

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C