Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 06:36

ҰСТАЗДАР ҰЛАҒАТЫНА ТАҒЗЫМ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    "Сен де бір кірпіш дүниеге кеті­гін тап та бар қалан" деп ұлы Абай айт­қандай, адамзат баласының өмірден өз орнын тауып, азамат болып қалыптасуында ата-ананың рөлі қандай болса, шәкірт тәрбиелеп, білім нәрін құятын ұстаздың орны да бөлек. Осы ойларға табан тірегенде ұзақ жылдар бойы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда пе­дагогикалық институтының (қа­зір­гі Қорқыт ата атындағы Қызыл­орда мемлекеттік университеті) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында үлгілі ұстаздық қызмет атқар­ған филология ғылымдарының кан­дидаты, доцент Нұрлыбек Ерназарұлы Жүнісов ағамыз еріксіз еске оралады.

   Нұрлыбек ағайдың терең білімі жылдар бойы жинақтаған педагогикалық тәжірибесі, ойының ұшқырлығы, сапалы дәрісі мен саналы тәр­биесі шәкірттерінің есінде мәңгі жаңғырады деп ойлаймын. Ағайдың өзінен бастап өзгеге де қатаң талап қойғыштығы, студенттерді ғылымға баулуы, үнемі тынбай ізденісте жүретіні, балаша ақ­қөңілділігі бізді таң қалдыратын. Шын­дығында Нұрлыбек ағайдың бойындағы педагогикалық талантты бір-екі сөйлеммен жеткізу мүм­кін емес, ағай ұстаз болып қалыптас­қан, ұстаз болып дүниеге келген, ұстаз болып дүниеден озды.

   "Филология, бастауышты оқу­дың педагогикасы мен методикасы" факультетін 20 жылдай басқарған ағайымыздың өзіне тән тағы бір ерекшелігі - білім берумен қатар ұйымдастырушылық қабілеті, әрбір іске жауапкершілікпен қарай білуі.

   Мектеп бітіргеннен кейін 1978 жылдың шілде, тамыз айларында оқу орнына құжат қабылдау емтихандарын тапсырып, оқуға қабылданғаннан кейін қыркүйек айында Жалағаш ауданындағы "Ақарық" совхозында күріш жинау науқанында еңбек ету кездерінен бастап, 1982 жылдың маусым айындағы бітіру емтихандары арасындағы төрт жылдық кезеңдегі оқу үдерісі, ғылыми зерттеу, тәлім-тәрбие жұ­мыстары ағынында біз уақытымыздың жылдам өткенін кейін бір-ақ білдік.

     Хакім Абай айтқандай, асқақ та аппақ армандар жолына қол артып, "жастықтың оты жалындап, жас жүректеріміз де жанған шақ" болатын. Бәрі қызық, бәрі таңсық. Айналаң толы жаңалық пен жақсылық. Ең бірінші таңданғаным - сабақтың мектептегідей өтпейтіндігі. Мектепте бір шағын тақырып жеке сабақ болып оқытылып үйретіледі. Ал, мұнда - үлкен бір тарау жалғыз-ақ дәрісте шолып айтылып, тапсырмаға беріле салады. Ертесіне сұ­рау деген жоқ, оның үстіне қосымша әдебиеттер, дереккөз тағы беріледі. Мұның бәрін қашан және қалай оқып үйренбекпіз. Бірақ ара­кідік семинар сабақтар бар екен.

    Сол жылдары Білім министр­лі­гінің арнайы қаулысына сәйкес педагогикалық мамандықтарға ер балаларды көптеп тарту жүргізіле бастады. Біздің 118-оқу тобында 11 жігіт (он бір жігіттің қазіргі таңда бесеуі Шымкент қаласы, Арал, Қазалы, Сырдария аудандарында мектеп директоры), 16 қыз бала оқыдық. Бөлінген орын саны - 25 қана. Бір студент "үміткер" (кандидат) есебінде қабылданған екен. Егер де сабақты үлгермесең, студент қатарынан шығарылып, орнына сол "үміткер" оқиды деп қорқытып та қойған. Сондықтан болар сабақтан қалу, сабақты үлгермеу деген атымен жоқ. Арамызда Қарақалпақ­-стан­нан келіп студент атанғандар да бар. Әрбір күніміз бекер өткен жоқ. Оқу орнының қадірін ұқтық. Білім қордаладық, білік жинадық. Жанымыз байыды. Алда ұлы мақсаттар, биік армандар, түрлі міндеттер тұрды.

    Қазір сол қайталанбас ғажайып жылдарды сағынышпен және зор мақтаныш сезіммен еске аламын.

   Сол кезде факультет деканы бол­ған ұстазымыз, филология ғы­лымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбек Жүнісов еді. Осы факультет құрамында еңбек еткен ұстаз-ғалымдар көңілімізде мәңгілік ұлағат көрсеткіштері болып сақталды.

   Филология ғылымдарының докторы, профессор Әуелбек Қоңыратбаевтың, филология ғылымдарының кандидаттары, доценттер Айнаш Шамшатованың, Әнес Жақып­овтың, Әли Байжоловтың, Медеуәлі Бимағамбетовтің, Әбжаппар Әбілақовтың, аға оқытушы Нұртай Нұржановтың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен оқыған дәрістері, ғы­лыми-зерттеулерге, педагогикалық-әдістемелік шеберлікке баулыған тәлімгерлік-жетекшілік қызметтері білім алған барша шәкірттерді қа­наттандырып, нағыз жоғары білім иесі болу жауапкершілігін ұғындырды. Әсіресе, көрнекті ғалым-ұстаз Әуелбек Қоңыратбаевтың дәрістеріндегі әдеби-теориялық талдаулары түркітану, шығыстану, фольклортану, тарихнама, деректану, этнография, педагогика, психология, өлкетану, т.б. ғылымдар салаларымен са­бақтаса өрілуімен баурайтын. Ұстазымыздың "Қазақ халқының ауыз әдебиеті", "Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі", "Қазақ хандығы дәуі­рі әдебиеті","ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті", "ХХ ғасыр басындағы қа­зақ әдебиеті", "Кеңес дәуіріндегі қа­зақ әдебиеті", "Қазақ әдебиетін оқы­ту әдістемесі" пәндерінің барлығын да негіздеген зерттеу кітаптары мен мақалалары қазіргі жаңа ғасыр дәуірінде де теориялық-методологиялық негіз болуда.

   Біздің К-118 оқу тобының кураторы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әли Байжолов ұстазымыз бізге "Қазіргі қазақ тілі" теориялық курсы бойынша "Фонетика" бөлімі пәнінен, "Диалектология", "Практикалық қазақ тілі" пәндерінен дәрістер оқыды, семинар сабақтарын жүргізді. Әли ағай ұстазымыздың сол кезде 50 жастан енді ғана асқан кезі еді. Ол "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бөлі­міне енді ғана қабылданған 1-курс студенттеріне міндетті түрде диктант жазба жұмысын жаздыратын. Орта мектепті бітіріп, жоғары оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына қабылданған барлық студенттің орфографиялық сауаттылық деңгейін пысықтау, тексеру мақсатындағы ұстазымыздың осылайша диктант жазба жұмысын жаз­дыртуы - өте пайдалы әдістемелік озық іс.

    Ұстазымыз Әли Байжолов өзі жаздыртқан бірінші курстағы диктант жазба жұмысынан өте алмай қал­ғандарға 2-курста тағы да бір рет диктант жаздыртатын. Егер екін­ші жазғанда да "екілік" баға алғандар болса, олар оқуымен біржола қоштасатын, Әли ағайдың пәні бойынша алған "қанағаттанарлықсыз" бағасы бойынша оқудан шығарылатын. Біз Әли ұстазымызды өз пәнін шексіз сүйетін білімдар­лы­ғын, оқып жатқан болашақ жоғары білімді филолог мамандардың өте сауатты, жан-жақты ізденгіш маман болуын ойлаған тәлімгер­лік-тәрбиешілік талапшылдығын ерекше құрметтейтінбіз.

   Айнаш Төлеуқызы Шамшатова апайымыз өте мейрімді, бізге өз балаларындай қарайтын, мәселелерімізді шешуге барынша атсалысатын.

   "Шәкіртсіз ұстаз - тұл" дейді халық даналығы. Осындай ұлағатты ұстаздардың жемісті еңбектерінің нәтижесі менің талабыма қанат бітіріп, ғылымды серік етуіме бағыт берді. Студенттік шақтарымызда менің бойыма ұлағатты ұстаздарым еккен білім мен ғылым негіздері үшін ұстаздарыма алғысым шексіз, алдарында тағзым етіп, оларды әрдайым үлгі тұтамын және менің есімде мәңгі қалады.

    Қазіргі таңда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде "Филология, бастауышты оқудың педагогикасы мен методикасы" факультетін басқар­ған, қазақ тіл білімі ғылымында өзін­­дік үлес қосқан Жүнісов Нұрлыбек Ерназарұлының атындағы дәрісхананың қайта жабдықталып, ашылуы университетіміздің қазақ тілі мамандығының оқытылуына оқу-әдістемелік жағынан ерекше мән беретін маңызы бар екендігін танытып отыр.

   Өзінің саналы ғұмырын Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтында өткізген ғалым-ұстаз ағайымыздың алдынан өткен көптеген шәкірттері қазақ тілі мен әдебиетін, қазақ мәдениетін, көр­кемсөз өнерін жетік меңгеріп шығып, еліміздің түкпір-түкпірінде Нұрлыбек ағайдың және басқа да ұстаздарымыздың ілімін жалғастыруда.

    "Жақсының аты өлмейді, ға­лым­ның хаты өлмейді" деп дана хал­қымыз айтқандай, Нұрлыбек ағайдан дәріс алған шәкірттері оның ойын, еңбектерін, жолын жаң­­­ғыртып, ұстаз ұлағатын өз өмір­лерінде жалғастыруда деп сенеміз.

Мұратбек Айтимов,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда мемлекеттік

университетінің қауымдастырылған

профессоры, филология ғылымдарының докторы 

Оқылды: 72 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C