Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 06:39

БІТІМІ БӨЛЕК НҰРАҒА

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Қызылорда педагогтік (педагогикалық дегенді мар­құм С.Исаев ағамыз қате деуші еді) институтының табалдырығын аттағанда бірінші екі адаммен таныстық: біріншісі тәлімгеріміз Әли Байжолұлы болса, екіншісі факультет деканы Нұрлыбек Ерназарұлы Жүнісов еді. Бірінің жүзінен қаталдық, талапшылдық белгісін көр­дік, екіншісінің жүзінен зиялылық, жылылық, мейірбандық есіп тұратын. Нұрлыбек ағамызбен таныстық осы­лай басталды. Бірде бір ағамыз "Сен бұрынғы ағаларыңа ұқсағың келіп жүр ме?" деп кейіп еді. Ал, мен сол ағаларыма ұқсай алмай жүргеніме қапа болам кейде. Пікірімізді айта алмаймыз, көп жағдайда бұғып қаламыз. Иә, біз соларға ұқсауды мақсұт тұттық. Ғылымға бой ұрдық. Мүмкін әдебиетші болмай, тіл ғылымының мен үшін тылсым әлеміне бой ұрғаным сол ағаларымның өнегесі болар.

   Ірі кісі еді деканымыз. Пішімі ғана емес, тірлігі де, тұрысы да, жүрісі де. Сөйлеген сөзі де ірі. Бойшаң еді ағамыз. Бойы ғана емес, ойы да. Мен берген баға емес, бұл бағаны тіл білімінде мен танитын, мен көрген, тәлі­мін алған, басы академик Әбдуәлі Қайдар, одан бері жан досы, менің ғылыми жетекшім профессор Сапекең (Сапарғали) Омарбеков, тізбелей берсең кете береді.

  Елдің баласы көп еді студенттер арасында. Бізді, қызылордалықтарды былай қойғанда, Атыраудан, Шымкенттен, Ташкеннен, Науаиден, Бұқарадан, Жизақтан. Қарақалпақстаннан, Түркіменстаннан жастар көп оқыды. Солар ауылдарына қайтарда жолға жұмсар ақшасын қалтасынан бергенін, ол жетпесе әріптестерінен қарызға алып беріп жүргенін көзіміз көрді, куәсі болдық. Біздің мамандықта тек тәуір балалар оқитын. Ақындары бар, ғылымға жақындары бар, көре білетін соларды, қолдай да білді. Нұрекеңдерден кейінгі буын - Жеңіс аға Сәдуақасұлы, Темірхан Тебегенов және Бағдат Кәрібозұлы ағаларымыз, Ұлжан Жанбершиева, Сара Тайманова апаларымыз сол көрегендіктің дәлелі емес деп ешкім айта алмас. Еркелейтіндер де болды студент қауымы арасында, ара да түсті. Аздап бұзықтық жасап қойғандар - қазір елге белгілі азаматтар.

   Диалектология пәнінен дәріс берді. Наречиенің, диалектінің, говордың не екенін білдік, жігін ажырата алатын халге жеттік. Жалпы тіл білімінде бұл саланың (диалектология саласының) мамандары жан-жақты болып келеді. Фонетиканы да, лексикологияны да, морфологияны да, синтаксисті де қамтиды аталмыш ғылым саласы. Ғылыми түйсігі (орыстар "научное чутье" дейді) жетік болады дилектологтардың, менің пікірім емес бұл, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұргелді Уәлидің пікірі. Ағамыздың сілтеуімен қалың-қалың сөздіктермен жұмыс істеуді үйрендік, дәлелсіз сөйлемеуге дағдыландық.

   1994-1997 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында аспирантура оқыдық. "Қайдан келдің?" деп сұрайтын институттың үлкендері. "Қызыл­ордаданмын" десең, "Е.Қоңыратбаевтың елінен екен­сің, Жүнісовтің аулынан екенсің" дейтін. Алматыдағы тілші ғалымдар элитасы жақсы танитын, білетін, сыйлайтын. Өсіп қалатынбыз естігенде осы сөзді. Ғылыми жетекшім филология ғылымдарының докторы, профессор Сапарғалы Омарбеков Нұрекең екеуі жақын дос болды. Екеуі бірігіп жазған "Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі" атты кітабы тек диалектологтар үшін ғана емес, фонетистер үшін де аса маңызды ең­бек саналады. Жазуы мен айтуы қабысқан Ахаңның, Ахмет Байтұрсынұлының, Мелиоранскидің тұсында айтылған "Еңбектеген баласынан еңкейген қариясына дейін әуезді сөйлейтін" заманға сапар шеккендейсің. Орфоэпиясы мен орфографиясының арасында әжептеуір жік пайда болған мына заманда, Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы өзекті болып тұрған кезеңде, тіліміздің әрін келтіретін сингармонизмді түйсінгің келген кезде осы ең­бектің маңызды екендігі тағы да дәлелдене түскендей.

   Іргетас деген ұғым бар құрылыста, іргетасы мықты болмаса, салған жайыңның сапасы тәуір болмайды. Ұстаздан алған білімнің пайдасы күн өткен сайын арта береді, экономикада рентабельді дейді мұндайды. Ұстазым Темірхан аға Тебегенов айтқандай, өз шәкірттерін үлкен ғылымға келуіне ықпал жасаса, оның шәкірттері, маған келгенде Жеңіс аға Сәдуақасұлы ағалық қолын созды, ғылым жолына салды. Латын әрпіне негізделген қазақ жазуына қатысты құрылған республикалық орфографиялық жұмыс тобына мүше ретінде қажет етіл­геніміз, сол жұмыс тобында өз пікірімізді айта ал­ғанымыз ұстазымыздан алғанымыздың сүбелілігінде бол­са керек. Біраз жылдан бері университетте фонетика пәнінен дәріс оқып келеміз. Қай әдебиетті қарасаңыз да, жоғарыда аталған ағаларымыздың еңбегіне соқ­пай, оған сілтеме жасамай, негізге алмай кетпейді. Қа­зіргі қазақ тілінің мәселелеріне келгенде ғалым ойлары назардан тыс қалып көрген емес.

   Бұрындары Алматы білім алған ағаларымыз Мұқаңнан - Әуезовтен білім алдық деп, берідегі замандастарым Зекеңнен - Қабдоловтан білім алдық деп мақтан ет­се, біз Қоңыратбаевтың, Жүнісовтің, Байжоловтың, Бимағамбетовтің, Достановтың, Әбілақовтың шәкір­тіміз деп айтқанда әсте төмендемейміз, өйткені олар, Жүнісов бастаған сырбойылық ғалым ұстаздар шоғыры біз үшін қашан да ұлы, асқақ.

Болат Боранбай,

филология ғылымдарының кандидаты

Оқылды: 379 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C