Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 06:40

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМНІҢ ҚЫЗМЕТІ жаны қысылғандардың жанынан табылады

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Біршама жолды жүріп өттік... Кедір-бүдір жолы бар көшені де, зәулім үйлер жағалай орналасқан, жарығы көз тартар даңғылды да бағытымызға айналдырдық. Жай жүргеніміз жоқ, адам жаны үшін жеделдікті асырып, сабырлыққа өзімізді шақырып, қандай жағдай болса да жүректілік танытуға бойымызды үйретіп, міндеттелген мекен-жайға дер кезінде жетуге асығып келеміз. Шын мәнінде, өмір біз ойлағаннан да күрделі екен. Оның түрлі бел-белестен, сан қилы өткелдерден тұратынына енді көзім жеткендей. Өмір дейтін алып кемеде жақсымен де, жаманмен де тілдесіп, жолығасың. Тағдырымен тура келген талай жанға куә боласың. Бірі осы қысқа ғұмырдың қадірін түсініп, саналы ғұмыр сүруді арман етсе, енді бірі жалған дүниенің сынынан қорқып, өзінен безінгендердің бар екендігіне сенесің. Жалғыздықтың азабынан жаны жараланып, жабырқаған көңіліне ешкім демеу болмағаннан сарсаңға түсетіндерді де кездестірдім. Тіпті, ішімдікке сылқия тойып, жер таңдамай жантая кеткен жанға іштей жаным ашыған сәттерді де бастан өткердім.

   Жол үсті зулаған көлік, екі күннің бірінде жол апаты болып жатады. Кейде жанұшырып жеткенде қан-жоса болып жатқан атпалдай азаматтың, қыршын жас­тың тамыры соқпай қалатын кездердің жиі орын алатыны да жасырын емес. Өлім мен өмір арасында жанталасқан жандарға құстай ұшып, алғашқы көмекті көрсетуден еш жалықпайтын ерен еңбек иелері бар. Тосын болған түрлі дертпен бетпе-бет келетін жүрек жұтқан жедел жәрдем қызметкерлерінің әрбір ісі мақтауға тұрарлық. Себебі, олар маман­ды­ғына берілген, еңбегінің қиындығы мен қызығына шыдас берген өз ісінің нағыз майталмандары. Осы орайда жолда жүйткіп келе жатқан жедел жәрдем көлі­гімен көрген түрлі оқиғалар менің жолжазбама жарап қалды. Тілшіліктің тірші­лігінде жүріп, тынымсыз еңбек етіп жү­р­ген "жедел жәрдем" қызметінің қарбалас­қа толы бір күндік жұмысымен танысып, медицинаның қалтарысына қарсы шыдамдылық танытып келе жатқан кәсіп иелерінің жұмыс барысына куә болдым.

   Күндіз-түні еңбек ететін "жедел жәр­дем" қызметі мен ойлағаннан да қиынырақ болып шықты. Әуелі облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына табан тірегенім сол еді, нағыз қызу жұмыстың қақ ортасынан бір-ақ шықтым. Барлығы көз алдымда өтуде. Жанталасып, қарбаласып жатқан мамандар, бірінен соң бірі келіп түскен үздіксіз қоңырау дауысы, аға дәрігер мен диспетчердің оперативті түрде жұмысты орындауы, уақыт оздырмай пациенттен аты-жөнін, жасы мен жынысын, мекен-жайы мен шақырту себебін сұрап отырған қызметкерлерді көріп аң-таңмын. Мұнда бағыттаушы диспетчердің бригадаға жедел хабарлауы, шапшаңдығы мен өз ісіне ұқыптылығы сынға түсетінін сезіп тұрмын. Бар-жоғы 5 минутта диспетчер мен "жедел жәрдем" қызметкерлерінің арасындағы талқылау аяқталуы керек. Осы ретте бригада құрамы барлық керекті құрал-жабдығын даярлап, жолға шығатынын ескеретінін айта кеткенім жөн. Қазіргі таңда цифрлы технологияның көмегімен алысты жақын етуге, аз уақытта байланысқа шығуға, тіпті қай жерде кетіп бара жатқанына дейін бақылау жүргізуге болады. Облысымыздағы медициналық жедел жәрдем станциясы да толыққанды жаңа құралдар мен заманауи технологиямен жабдықтал­ған екен. GPS навигациялық аппарат пен коммуникатор бойынша жақын маңдағы жедел жәрдем көлігіне хабар беріледі. Ал, мұндай бағдарлаушы қондырғы әрбір жедел жәрдем көлігінде орнатылған. Соның себебінен науқасқа көмек жедел жөнелуде, дер кезінде жәрдемін беруде.

     Жедел жәрдемнің елеулі еңбегін көп жағдайда ел ескере бермейтіндігін жиі естіп жатамыз. Кәсібіне сын айтып, көңілі толмайтын халықтың ашу-ызасын да байқайтын сәттеріміз көп. Неге? Жәрдемнің жеделдігіне күмәнмен қарайтын қала тұрғындарының мұндай пікіріне не себеп? Қолға қалам ұстаған журналист ре­тінде осы саланың басы-қасында болып, диспетчердің кезекті қоңырауын күттік. Міне, іле-шала алғашқы қоңырау да келіп түсті. Ең ауыр сәттің басталарына сеніп, бекітілген №4 бригада құрамымен ілесіп көлікке ендік. Бригада құрамында дәрігер Ерлан Әуесбаев, фельдшер Әсия Ахметова және жүргізуші Жалғас Ибраевпен бірге науқастарға жәрдем беруге аттандық. Қо­ңырауға түскен науқастың мекен-жайы дұрыс берілмеуіне байланысты жолдан адасып, сәл бөгеліп қалған кезіміз болды. Мұндай жағдайда көлік жүргізушісі өзін сабырға шақырып, жан-жағын көзбен барлауы қажет екендігін ұқтым. Жүргізушінің жылдамдықты арттырғанының нәтиже­сінде дер кезінде көмек көрсетуге үлгер­дік. Жедел қарап, тиісті шараларды жүр­гізгеннен соң, яғни қан қысымын, дене қызуын өлшеп болғаннан кейін пациентке қа­жетті дәрі-дәрмек берілді. Сансыз қо­ңыраулар бірінен соң бірі дамыл таппастан соғылуда. Тіпті, "жедел жәрдем" станциясына жеткізбей, түскі асты ішкіз­бейтін сәттері де жиі қайталанады. Олар бол­са шағымданбастан осы саланың қиын­дығы мен қызығына үйреніп кеткен. Мұның барлығы қарапайым халықтың денсаулығы үшін жанын салып, қызмет етіп жүрген ақ халатты жандардың күн­делікті тіршілігінің бір ғана көрінісі. Тек еңбегін елдің ескере бермейтіні көңілге қаяу түсіретіні олар үшін қиынға соғады.

   Шалынған қоңыраудың артында қандай оқиғаның боларын ешкім болжап білмейді. Бәрі тосыннан, ауру белгілерін білсек те, күтпеген жағдайлар орын алып жатады. Сол себепті де жүрек кез келген жағдайға дайын болып баруы шарт. Кезекті науқас алпыс үш жастағы қарт кісі. Дем жетпей, жүрек соғысының әлсіреуіне байланысты жедел түрде алғашқы көмек көрсеттік. Әбден қажыған қарт айт­қанынан қайтпайтын қыңыр көрінді. Дәрігердің айтқанына құлақ аспай, толыққанды тексеріліп, анализ тапсыруға келісімін бермей әуреге салды. Ең қызығы, алпыстан асқан қарияның өз жайынан бұрын үйіндегі кішкентай күшігінің жағдайын ойлауы таңқалдырды. Мүмкін бұл әрекеті ауруға мойынсұн­бай, жалыққанда жұбататын адал серігіне асыққандай көрінді маған. Қазақта "күлсең кәріге күл" деген сөз бар. Әлгі сырқаттанған кісіге көзім түскен сайын күлкі де қысып барады, кенет жануарға деген жанашырлығын байқап, сәл кідіріп қалдым. Себебі, адам баласының бір-біріне жаны ашымай, мейірімділіктің ада болып бара жатқанын, айналадағы жан түршігерліктей жайттардың болғаны еске түскен соң терең ойға шомып кетіппін. Бір ғана көз алдымда болған көрініс осыншама ой толғауыма себепші болды. Содан не керек, біз міндетімізді мұнтаздай орындап шықтық. Көзді ашып жұмғанша бірінші ауысым да аяқталды. Енді екінші ауысымда мені не күтіп тұр екен?..

    Шамамен кешкі алтының кезі. Күн қызарып батып барады. Жұмыстан шаршап, жүйкесі жұқарған қаншама адам үйге асығуда. Мектеп оқушылары да сабақтан шығып, асыр салып, үйіне тез жетуді қалайды. Машинаның көптігі де жолды бөгеп, біраз әуре-сарсаңға салады. Дәл осы сәттен бастап жедел жәрдемнің жұмысы да жандана түседі. Бұл жолы облыстық жедел жәрдем станциясының №2 кардиобригадасының құрамында болдым. Дәрігер Гүлайым Ізбасарова, фельд­шер Нұрлыбек Назаров және жүргізуші Исраил Оспановпен кезекті шұғыл шақыртуға жолға шықтық. Жүрек ауруына қатысты болғандықтан, қоңырау түскен сәттен бастап 10 минут ішінде межеленген мекенге баруға құстай ұштық. Жолдың жайсыздығына қарамастан, жедел жәрдем қызметі өз ісінің нағыз майталманы екендігін көрсете білді. Дәрігер тек шприц пен дәріні беріп қана қоятын жан емес, ол психолог, адам жанына жол тауып, тіл табыса білетін мейірімді тұлға. Пациентпен сөйлескенде ізеттілікпен сәлемдесіп, науқастың барлық жағдайына қарап, ат-үсті диагноз қоя салмай, салмақтап саралайды. Қоғамда әлі күнге дейін ақ желеңділерге деген көзқарас екі түрлі. Алайда, біз барған науқастар жедел қызметтің жүйелі орындалғанына көңілі толуда, алғысын білдіріп шығарып салуда. Енді бірі абзал жанға сенімін білдіріп, ағынан жарылып, ақ көңілділік қасиетімен құрмет көрсетіп жатыр.

    Адамды есалаң күйге енгізетін бір нәрсе бар. Ол - арақ пен шарап. Тура жолдан тайдыратын, қараңғыда жарық айдың сәулесінен шағылысып, жерге құлататын да осы ішімдік. Арақ ішіп абырой табамын деген адамдар, керісінше ойынан айырылып жатады. Сондай оқиғаның басы-қасында болып, екі түрлі жағдайға куә болып қайттым. Бірі сүйегіне зақым келтірсе, енді бірі естен танып, ақылы кеткен. Бұл жерде оқиға өрши түсті, ішімдікке мас болған ер кісі бізге бас салып, ауызынан ақ ит кіріп, көк ит шықты. Мұндай сәтте дәрігер Гүлайым Ізбасарованың көп жылдық тәжірибесінің арқасында есін білмейтін мас адамның тілін тауып, сабырмен сыпайы сөйлесіп жеңе білгенінің өзі көпке үлгі. Жедел жәрдем қызметкерлері кез келген санаттағы адамға құрметпен қарайтынын айта түсті. Мейлі ол қалталы болсын, мейлі көше кезген жан болсын. Біздің міндет қиналғанға қол ұшын беріп, алғашқы жедел жәрдем қызметін ұсыну,- дейді жедел жәрдем қызметкерлері.

     Ажалмен күн сайын бетпе-бет келетін ақ желеңділер әрбір сырқаттанған жанның ауруынан айығуына барын салады. Бір күндік жедел жәрдем еңбегінің қиындығына куә болған мен қаламызда инфаркт, инсульт, қан қысымының жоғары болуы сынды қатерлі жүрек ауруларының көп екендігіне көзім жетті. Науқастың жүрек тұсы сыздағанда, әсіресе оның жағдайының ауыр екенін көргенде жедел жәрдемдіктер санаулы минуттардың ішінде қол ұшын беруге жанталаса кіріседі. Тек әрбір минут есепте болатынын, арпалыстың арқасында ажалды өңменінен итеруге күш салатынын көзімізбен көрдік.

 

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

 

Оқылды: 369 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C