Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 06:46

ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ ТАЛАПТЫ КҮШЕЙТУ НЕНІ МЕҢЗЕЙДІ?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Бала бақылауда болуы керек. Балабақша біткеннің бәріне бей­некамера орнатылуы тиіс. Бірақ, ел­дегі барлық балабақшалардың тек 60 пайызы ғана бейнекамералардың игілігін көріп отыр. Ал, Қызылорда облысындағы балабақшалардың тек 39 пайызы бұл міндетті орындаған. Мұндай мәліметті Қызылордаға арнайы келген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағанбетов жеткізді.

   Вице-министр "бейнебақылауға алу соңғы кездегі балабақшалардағы былықтың ашуына себепші болып отыр" дейді. Баланы ұрып-соғу, тәрбиешінің әрекеті, баланың қа­уіп­сіздігіне қатысты қоғамда орын ал­ған келеңсіздіктер тәртіпті тізгін­деу қажеттігін көзге ұрып тұр. Асхат Аймағанбетов мұғалімдермен кез­десуде көтерген тақырыптың бірі осы.

   - Тәрбиешілердің сапасын көтеру кезек күттірмейді. Бала­бақшадағы балалардың тәрбиесіне бөлінген 1 АҚШ доллар экономи­ка­ға 7 доллар өсім береді. Мектепте не университетте мұндай нәтижелік болмайды. Бұл - нақты зерттеу. Сон­дықтан бала тәрбиесі, балабақша сапасына мән беру керек. Бұл сапа­ны арттыруды қажет етеді. Бізге сан қуып, көрсеткіш алу емес, сапаны ой­лайтын кез келді,- деді Асхат Қанатұлы.

   Вице-министр тәрбиешілердің білім сапасын көтерудің бағдарла­ма­сы жасалып қойғандығын да көпке ашық жеткізді. Ұлттық кваливика­циялық біліктілік сынағы, білім тесті және еңбекақыны төлеудің жаңа жолдары балабақшаға енеді. Ол үшін балабақша тәрбиешілері 4 мо­дельді меңгеру керек. Ол - креатив­тілік, сыни ойлау, коммуника­тив­тілікті дамыту, командамен жұмыс істей алу.

   Тәрбиешілердің білім деңгейін арттыру үшін министрлік Жол картасын әзірлеуге көшкен. Вице-министр жылына 15 мың адамның курстан өтуді жоспарлап қойғанын және барлық тәрбиешілердің білім сапасының деңгейін алдағы 1-2 жыл­да шешілетінін мәлімдеді.

   Педагогтармен басқосуда Асхат Қанатұлы "жеке балабақшаларға лицензия беру сапаны арттырады" дегенге келіспейтінін тура айтты. Оның сөзінше, сапаны тексерудің өзінде де түрлі бармақ басты әре­кеттер орын алады. Себебі лицензия 5 жылда бір рет қана тексеруге жол ашады. Бұл балабақша қызметкер­ле­рінің 5 жылда бір ізденіп, тексеріс үшін қимылдайтынын байқатып қоя­ды. Осы себепті тәрбиешілердің білімін жетілдіруде аттестациялауды енгізу міндет.

   Екі сағатқа созылған жиында вице-министр тәрбиешілермен қатар мектептегі психологтардың жетіс­пеушілігін жіпке тізді. Стан­дарт бойынша 1 психологқа 300 ба­ладан келуі керек, ал Қазақстандағы мектептерде 1 маман 1000 оқушыға қызмет етіп отыр. Енді сапаны ой­лай беріңіз. Бұл бір ғана факт мек­тептегі писхологтардың баламен қарым-қатынасының аздығын аң­ғартып қояды.

   Кадр жетіспеушілігі білімнің де сапасын ақсатады. Вице-министр елдегі психологтардың білім деңгейін көтеру аса қажет деп санайды. Олай деуге статистика сендіріп отыр. Қазақстандағы мектептердегі пси­хо­логтардың 8 пайызы жоғары санатты, 22 пайызы бірінші санатты, 33 пайызы екінші санатты, 37 пайызының санаты жоқ. Осының салдарынан стандарт сақталмай отыр. Ал, Қызылорда облысында 293 мектепте 448 педагог-психолог жұмыс жасайды.

   Астарына үңілсеңіз, психолог қызметі дәл бүгінгі қоғамға керек-ақ. Өзін-өзіне қол жұмсау, ортадан өзін таба алмау, әлімжеттік пен физиоло­гиялық өзгерістерді бастан кешіретін балалармен жұмыс жүргізуде мектеп психологтарының білімі терең болуы керек. Мәселенің өткір екенінен хабар­дар министрлік енді психолог­тарға жіті мән бере бастайды. Білік­тілігіне баса ден қояды.

   - Мектептердегі психологтар са­нын ұлғайтып, олардың біліктілігін арттыру мақсатында ҚР БҒМ ше­телден мамандарды тарту арқылы "Ба­қытты отбасы" бағдарламасы бо­йынша жұмыс жүргізді. Жұмыс әрі қарай жалғасын таппақ. Министрлік бірыңғай бағдарлама дайындайды. Бұдан өзге ұлттық тестілеу енгізіледі, барлық облыста психологтардың бі­ліктіліктерін арттыру курстары өт­кізіледі. Бұған қоса, аттестациялаудың жаңа жүйесі мен кәсіби құзыретіне байланысты тест алуы арқылы пе­дагог-психолог мамандардың еңбек­ақы­сы мен санатын арттыруды қарас­тыру көзделген,-дейді А.Қанат­ұлы.

   Білім жиыны мектептер мәселе­сенің басын ашты. Елорда төрінен келген білім вице-министрі күрделі және апатты жағдайды мектептердің проблемасын шешудің жолдарын қайта қарауды жергілікті әкімдіктерге құлаққағыс етті. Жай ғана емес, ста­тистиканы да сөйлетті. Айтуынша, рес­публика бойынша мектептерге капиталды жөндеу жұмыстарын жүр­гізу бойынша Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Шымкент, Ақтөбе өңірлері толықтай жөндеу көрген. Ал, Пав­лодар өңірі 78%, Қарағанды 73% жөн­деу жұмыстарын жүргізген. Ал, Қы­зылордадағы мектептер бар болғаны 29% күрделі жөндеуден өткен.

   Апатты мектептер де түбегейлі жойылды деуге ерте. Әсіресе, респуб­ликада 16 апаттық мектеп, 64 үшауы­сымды мектеп мәселесі шешімін таппаған. Осы олқылықтың орнын толтыруда қазынадан жыл сайын 50 млрд. теңге қаржы бөлінеді. Жаңадан 60 мектеп салынады.

   Вице-министр сағат санын азайту мәселесін шетке шығармады. Стан­дарт­ты 18 сағатты 16 сағатқа қысқарту, оқу жүктемесін азайту бастамалары мұғалімдердің айлық жалақысының төмендеуіне әсер етпеуі керек деген ойын салмақтайды. Бұл "Педагог мәртебесі" туралы арнайы заңда шегеленіп көрсетілуі керек.

    Қысқасы, білім мазмұны мен саладағы ділгір мәселелерді ортаға салуға келген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағанбетов ашық мәселелерді дер кезінде көтеріп, мінберде талқылау білімдегі таптау­рын стереотиптерден арылуға көмек­теседі деп есептейді. Ортақ саланы гүлдендіруде бармақ тістеп қалмау керектігін айтып, ұстаздарды қайрап кетті.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Оқылды: 372 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 12:51

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C