Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 09:23

Апта айшығы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

ЕҢБЕК КІТАПШАСЫНЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ

    Келер жылы еңбек кітапшасы керек болмай қалады. Себебі енді еңбек-шарттағы келісім-шарт онлайн режим­ге ауысады. Тек жұмысқа тұру үшін куәлік қана керек. Қалған құжаттар азаматтың жеке дерекқорында сақталады. Мамандар бұл қағазбастылықтан құтқарады деп есептейді. Бұдан өзге диплом және өзге де құжаттар онлайн режимге көше бастайды.

 

12 МЫҢ ЗАҢСЫЗ АЗАМАТ ЖҮР

    Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 12 мыңы азаматы заңсыз жүр. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпарына сү­йенсек, екі ел арасындағы визасыз режим осындай ста­тистикаға әкеп отыр. Көбісі уақытша жұмыс істеуге бар­ған азаматтарды құрайды. Корея жұрты заңсыз жүр­гендерге айыппұл салмақ. Арнайы белгіленген уақытта тіркелмесе, азаматтар айыппұл арқалауы бек мүмкін.

 

  ЖАҢА ФОРМАҒА АУЫСАДЫ

     ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев полиция қызметкерлері жаңа форма киетінін мәлімдеді. Айтуынша, қазіргі полицейлердің киім үлгісі заман та­лабына сай емес. Сондықтан киім үлгісінің жаңа ди­зайнын енгізуді қажет етеді. Жауапты сала маманы бүгінде отандық дизайнерлердің ұсыныстарын қарау үстінде екенін жеткізді.

    Мәселе, киген киімде емес, атқарған ісінде. Себебі по­лицейлерге деген түрлі көзқарастар бар. Жаңа форма кәсібилікті арттыруға әсері бола қоймас деген пікірлер де айтылып жүр.

 

ДЕПУТАТТАР ХАЛЫҚ АРАСЫНДА

    Елбасы Жолдауындағы міндетті түсіндіру - депутаттарға міндет. Осы үшін бірқатар халық қа­лау­лы­лары Сыр еліне ат басын бұрды. Парламент Мәжілі­сіндегі "Нұр Отан" партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Қожахан Жабағиев пен Байділдә Жақсылықов және Наталья Жұмаділдаева аудандарға барып, кәсіп­кер­лік шаруашылықтағы істерді көзбен көрді. Бірқатар ны­сандарды аралап, ел ішіндегі тірлікпен танысты.

 

АҚМАЯ АРАБТАРҒА АТТАНБАҚ

    Сыр аймағының түйелері Біріккен Араб Әмірлігіне экспортталмақ. Нар мен қос өркешті түйелерді будан­дыс­тыру арабтарды қызықтырып отыр. Себебі Араб түбегінде ойсылқара тұқымына сұраныс жоғары. Осыны білген араб кәсіпкерлері Сыр елінің түйелері қолайлы еке­ніне көз жеткізген. Ауыл шаруашылығы басқарма­сы­ның мәліметінше, алғашында арабтар 45 ойсылқара тұқымын сатып алуға келісіп отыр. Ал, жыл аяғына дейін тағы 100 түйеге сұраныс салған.

 

ЖЫЛЫНА - 800 СӘБИ

   Сырдарияда жаңа перзентхана ашылды. "Амбула­ториялық-емханалық қызметі бар" Сырдария аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Н.Мырзағалиева жылына шамамен 800 сәби дүниеге келетінін, оның 15,6 пайызы аудандық аурухананың перзентхана бөлімше­сін­де өмірге келетінін мәлімдеді. Ал, қалған жүкті әйел­дер облыстық перинаталдық орталықта босанады. Осы себепті де жаңа перзентхана мәселені шешуге жол ашты.

 

ӘСЕЛ - ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

    Сыр мақтанышы Әсел Серікбай алтыннан алқа тағынып, әлем чемпионы атанды. Аймақ абыройын ғана емес,   Қазақстанның мерейін өсірген шахматшы қыз 16 жасқа дейінгі қыздар арасында жарыста блиц әдісі бойынша 9 турдан 7 ұпай жинап, жеңіске жетті.

    Айта кету керек, ол 2011 жылы Польшада, 2017 жылы Румынияда өткен Әлем чемпионаттарында ерекше нәти­же көрсеткен. Енді классика бойынша жарысады. 31 қазан күні жарыс өз мәресіне жетпек. Оған 40 елден 300-ге жуық ойыншы қатыспақ.

    Сыр спортшысы Әсел Серікбай енді 20 жасқа дейінгі қыздар арасында өтетін Азия чемпионатында бағын сынамақ.

Топтаған

А.ҚАРАКЕСЕК

Оқылды: 363 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C