Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 09:25

АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІ КІМНІҢ МҮДДЕСІ ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Мектеп ата-аналармен тығыз байланыста болу мақсатында түрлі шараларды өткізіп бағады. Оқушының мектептегі не­гізгі ахуалын, тәртібін білу үшін де мұндай қарым-қатынас ата-анаға қажет-ақ. Алайда, бұл бай­ланыстың ғұмыры ұзаққа бар­майтын секілді. Айтпағымыз ата-аналар комитетінің бү­гінгі жай-күйі. Оқушылардың ата-аналарымен тұрақты және тығыз байланысты қамтамасыз ету мақсатымен құрылатын бел­гілі бір орган ата-аналар комитеті деп аталады. Бірақ ол қандай қарым-қатынас?

    Жақында ғана "ата-аналар комитеті жабылуы мүмкін" деген ақпарат қылаң берді. Бірақ, бұл мәлімдемеге шу көтеріп, қарсылық білдірген немесе қос қолын көтеріп қолдап жатқан адамды байқамадық. Бәрі үнсіз қалды. Тек әлеуметтік желіден ға­на талқыланды да қойды.

   Қазақстан мектептерінде ата-аналар комитетінің жұмыс істеуіне тыйым салынғаннан не өзгереді? Бұл тұста қалыптасып қалған үрдісті бұзғаннан кімге пайда, кімге зиян деген сұрақ та қойылмағаны белгілі. Аталмыш ұсыныс жайында ҚР Мемлекет­тік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бо­йынша департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева мә­лім­деген еді.

   - Ата-аналар комитеті ол - өзінен өзі құрылған, құрастырылған бір құрылым. Жалпы, ондай заңда да, ешбір нормативтік құқықтық актілерде де жоқ. Біз ұсынысты бердік. Мау­сым айында ата-аналар арасында аноним түрде жүргізілген әлеуметтік сауалнама айына немесе аптасына қанша ақша жиналатынын білуге мүмкіндік берді. Мектепте қаржыны ата-аналар 1000 теңгеден бастап 10000 теңгеге дейін жинағандары анықталды. 100 адамның 87-сі өмірінде бір рет болса да, мектепте ақша жинағанын айтты. Дәл осы дерек бізге жүйелі түрде жұмыс істеуге септігін тигізді. Дегенмен де, ата-аналардың еш­қайсысы мектепте ақша жинайтыны жайлы ашық айтпады,- деді Жазира Жылқышиева.

   Қазір департамент тарапынан ұсыныс дайындалып жат­қан көрінеді. Көбіне ақшаны ата-аналар комитетіндегілер жи­найтындығы осы процесс барысында белгілі болған. Осы ретте жоба өкілдері Білім және ғы­лым министрлігіндегілерге ата-аналар комитетіне тыйым салу туралы ұсыныс жасады. Себебі ата-аналар комитетінің қызметі тұрмыстық жемқорлыққа себеп болатындығы дә­лелденіп отыр. Жең ұшынан жал­ғасқан жем­қорлыққа себепкер де баласына жанашырлықпен қарайтын ата-аналар қауы­мы екен.

   Негізінен ата-аналар комитеті жалпы орта білім беру ұйымдарында мектепке және отбасыға көмек көрсету мақсаттарында құрылады. Оның көп­шілікке ортақ жалпы ережесі төмендегіше өрбиді. Олар оқу­шыларда ғылыми негіздері туралы терең және берік білімді қамтамасыз етуде, оқушыларда жоғары адамгершілік қасиеттерін, еңбекке зерделі көзқарас­ты, жауапкершілікті және тәр­тіпті, өзін ұстау мәдениетін тәр­биелеуде, құқықтық, эстетикалық, физикалық тәрбиесінде, олардың денсаулығын сақтауда педагогикалық ұжымға көмек көрсетеді екен. Ал, мұны көп­шілік басқаша түйсініп, кереғар әрекет жасап жүр. Мысалға, рес­публикалық физика-математика мектебінің сайтынан ата-аналар комитетінің міндеттерін көзім шалып қалды.

     Олар:

    1. Мектептің педагогикалық ұжымы мен отбасының бала­лар­ға бірлесіп тәрбиелік әсерді белгілеу мақсаттарында отбасы мен мектеп арасында байла­ныс­тарды жан-жақты нығайту;

   2. Ата-аналар жұртшылығын мектептің өміріне белсенді қатысуға, ата-аналар мен халық арасында педагогикалық насихаттауды ұйымдастыруға тарту;

     3. Мектептің шаруашылық және оқу-материалдық базасын нығайтуда көмек көрсету;

     4. Әлеуметтік қорғалмаған оқушыларды анықтауда және қорғауда көмек көрсету.

    Байқап қарасыңыз, мұнда ата-аналар мектептің шаруашылық базасына көмек көрсетуге міндетті екен. Тіпті бұл атал­ған мектептің ресми сайтында айдан анық жазылған. Ал, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­ті­гінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Жазира Жыл­қышиева ата-аналар комитетін ешқандай заңды күші бар құжат еместігін алға тартады.

   "Әр жердің салты басқа" дегенге сүйеніп, Қызылорда қаласында бұл үрдіс жоқ шығар деп топшыладық. Дегенмен де, ата-аналар комитеті жайлы сұрап, қызметі қандай десе "ақша жинау" деп көбі қысқа қайыра салады. Одан қалды, ата-аналардың ватсап желісіндегі арнайы топтарынан-ақ талай істің куәгері болуға болады. Қызылордалық ата-аналар мен әлемжелі пайдаланушыларының ойын білмекке желіде жарияланған посттардың легін бағамдап, ондағы пікірлерді де бір көз сүз­гісінен өткізіп көрдік.

Ералхан Аширов:

     - Үкіметтің өкімдеріне қарап жатқан ешкім жоқ. Өз басым ай сайын кем дегенде 500 теңге беріп отырмын. Бермесем балама дұрыс көңіл бөлмейді олар. Сосын нашар баға қоя бастайды. Мен осы уақытқа дейін қазақшылыққа салып "мақұл" деп келдім.

   Диля Ракым:

    - Бiзде де мектепте ақша жинау науқаны басталды. Мектепке даярлық курсы 2000 теңге, 1-4 сыныптарға 1000 теңгеден жиналды. Егер де бiз бермесек, балаға ұрсып салады екен. Сонда ремонтқа өкiмет ақша бөлмей ме? Егер де бө­лінсе, ақша мектепке жетпей, жарты жолда жоқ болып кетеді екен. Бұл не деген масқара?

Қанат Қанат:

    - Сұрағанын беріп құтылмасаң балаға дұрыс қарамай қояды. Бәрібір басқа амалымыз жоқ. Мектепте ақша жинауды тоқтату мүмкін емес-ау. Ата-аналар комитетін жапса да, басқадай жолдары табыла кетеді.

Қанат Тұрлыбеков:

   - Қазір мұндайлар көп. Мысалға мұғалімдер күніне ақша жинауын тоқтата қоймас. Мерекелер, жөндеу жұмыстары бәрі ата-ананың қалтасындағы қаржыны қағады.

    Түйін. "Баламның болашағы жарқын болсын" деген ата-ана оған құяр қаражатты да аямасы анық. Оған желідегі жағымсыз пікірлер де әсер етпеуі мүмкін. Бірақ, мектепте негізсіз ақша жинау адами мә­дениет тұрғысынан да, заң шеңберінде де жөн емес дүние. Мектеп мәртебелі, ұстаз ұлағатты, ал ата-ана абыройлы болуы үшін бармақ басты, көз қыстыдан аулақ болғанымыз дұрыс. Мұның шешімін мамандар "әрбір адам өзінен бастау керек" деп тұжырымдайды. Ендеше әрбіріміз өз-өзімізге есеп беріп, әрбір қазақстандық жемқорлықты ауыздықтағаны жөн.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 686 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C