Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 09:30

ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ 300 МЛН.ТЕҢГЕ ҚАРЫЗЫ ТӨЛЕНЕТІН БОЛДЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

   Бұл жаңалықты "Мектепке дейінгі ұйым­дардың қазақстандық қауымдас­тығы" Қызылорда облыстық филиалы­ның директоры Наталья Мишукова жеткізді.

    Айта кету керек, Қызылорда об­лы­сының кәсіпкерлер палатасы кәсіп­кер­лердің құқығын қорғауда ұзақ мерзімге созылған мәселелердің бірі - мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қыз­метіне қатысты болды. Атап айтқанда, Қызылорда қаласындағы 206 жеке ба­лабақшаға 2017 жылдың қараша-жел­тоқсан айларында көрсеткен қызметі үшін төленетін субсидия бойынша 558 млн.теңге қарыз болып, мерзімінде төлей алмаған.

    Бұл мәселе қала, облыс басшылары мен прокуратура органдарында, мәсли­хат, Парламент депутаттарының алдында да бірнеше рет көтерілді.

   Өз кезегінде Қауымдастық филиа­лы­ның директоры Наталья Мишукова: "Біздің облыс "Балапан" бағдарламасы бойынша балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен толық қамтамасыз еткен өңір. Алайда, өткен жылдан бері салада шешілмей тұрған мәселе бар. Қызыл­орда қаласындағы 206 жеке балабақша 2017 жылдың қараша-желтоқсан айла­рына мемлекеттен бөлінген субсидия­ны ала алмады. Бұл кәсіпкерлердің ба­сым бөлігі қызметкерлеріне, салық ор­гандарына, өзге де ұйымдарға қарыз болып отыр. Кей кәсіпкерлер қыз­мет­керлеріне уақытылы айлығын төлеу үшін несие алуға да мәжбүр болды. Мә­селенің шешілуіне қолдау көрсетсе­ңіздер",- деп барлық инстанцияда мәселені көтеріп келді.

    Жақында Кәсіпкерлер палатасына "Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ­с­тандық қауымдастығы" Қызылорда облыстық филиалы басшылығынан хат келді.

    Хатта Наталья Мишукова: "Қызыл­орда қаласындағы жеке балабақша­лар­дың 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында көрсеткен қызметіне қатыс­ты мәселе оң шешілгендігін жеткіземіз. Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 9 айдан бері осы мәселенің басы-қасында болып, үлкен қолдау көрсетті. Нәтиже­сін­де қалалық бюджеттен 300 млн. теңге қаржы бөлініп, жеке балабақшаларды қар­жыландыру туралы шешім қабыл­данды",- деп жазған.

   Айта кету керек, 2018 жылдың 9 айын­да кәсіпкерлерді құқықтық қорғау бойынша Палатаға 134 өтініш түсіп, оның 66-ы оң шешілді. Нәтижесінде бизнес өкілдері 982,8 млн. теңге қар­жысын сақтап қала алды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

Редакциядан.

     Жеке балабақшалар дауы уақытында сан мәрте көтеріліп, бірақ нәтижесіз болып жүр еді. Бұл жаңалық дауға нүкте қойылған секілді. Дегенмен 558 млн.теңге қарыздың барлығы емес, 300 миллион теңгесі бөлінеді екен. Ал, "қалған 258 млн. теңге қашан өтеледі?" деген сауалмен бізге ақпарат жолдаған Қызылорда об­лысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне қоңырау шалғаны­мызда, палатаның баспасөз хатшысы Б.Мәмен әзірге осы соманы аудараты­нын, ал қалған қарызы жөнінде толық­қан­ды мәлімет білмейтінін, "мүмкін кейін­нен төлейтін шығар" деп, жауап қайтарды.

Оқылды: 879 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C