Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 09:35

«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ» ЗАҢЫ шырмаудан шығара ала ма?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

      

      Мұғалім қауым мәртебеміз артады деп еңсе тіктеп отыр. Арнайы заң осы кезге дейін айтылып келген мұғалім құқы, міндеті мен мәртебесін жаңа деңгейге көтеріп, педагогтарды аяқ асты шаруалардан арылтуға жол ашады деген сенім бар. Алайда, "Педагог мәртебесі" туралы заң бұл мәселелерді түбегейлі шеше ме? "Заң қабылдамас бұрын ортақ тақырыпта ұстаздардың ойы мен пікірі ескеріле ме?" деген сауал туындайды. Себебі бұл қорқыныштың арты білімге жасалған эксперименттей өтіп кетпеуі не бір қайнауы кем реформалардай болмауы үшін педагогтар ой қосуға асық. Себебі жақында ғана ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Реформалар толық зерттелуі керек. Қалған жағдайдың бәрі де білім саласының дамуына салқынын тигізеді" деп, бір сынап алған еді. Сөзбе сөз қайырғанда:

   - Білім беру жүйесі реформалардың шырмауынан шыға алар емес, сондықтан саладағы эксперименттерді тоқтату керек. Реформалар қажет, бірақ олар мұқиятты түрде ойластырылып жасалуы тиіс, әйтпесе тек зиянын тигізуі мүмкін,- деген.

  Сенатор сыны Сағадиевке сабақ болары хақ. Себебі ширек ғасырдан астам уақытта құжат-құжат реформалардың бірі сәтті, бірі аяқтан тартты. Реформалармен бірге минис­т­р­лердің де қарымы сыналды. Бұл жолы да "Педагог мәртебесі" туралы заң да осы олқылықтарға орын бермеуі керек деген ой ұстаздарды елеңдетіп отыр.

   Елбасы арнайы заң қабылданады дегелі бері ұстаздар көкейіндегісін айтып қалуға асыққандай. Тәжірибелі, айтары қа­лыптасқан ұстаздардың де­ні "Педагог мәртебесі" туралы заңда "Білім бас­қармаларын жергілікті ат­қарушы билікке тәуелді­ліктен құтқармаса қалған тірліктің бәрі бекер" деп ой қосады. Бұл шымкенттік ұстаз Өмір Шыныбекұлының ұсынысы. Себебі "жер­гілікті әкімдік ұстаздарды кез келген уақытта науқаншылдық жұмысқа жүктей алады әрі оны басқаруға білім басқармасының құзыры жетпей қалады" дейді.

   - Заңда білім басқармаларын жергілікті әкімші­ліктен Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне өткізу мәселесі қамтылса деген ұсыныс бар. Бұл - мұғалімдерді өз міндетіне жатпайтын жұмыстардан құтқаратын бірден-бір жол. Мұғалімге қол жұмсаған адамға қатаң жаза тағайындалуы тиіс. Бюджеттен мектептерді жөндеуге бөлінген қаражат БАҚ бетінде жариялануы қажет. Сонда мұғалімдер мен ата-аналардан мектепті жөн­деуге ақша жинауға тосқауыл қойылады. Міне, осын­дай мәселелердің заңда қамтылғанын қалаймыз. Жолдауда айтылған бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету, мектеп психологтарының жұмысын күшейту де бүгінде өте өзекті. Бұл балалардың қауіпсіздігін қам­тамасыз етеді,- дейді тарихшы Өмір Шыныбекұлы.

   Ұстаз мәртебесі туралы заң тек мұғалімдердің ай­лық жалақысын арттырумен ғана шектелмейді. Жа­лақысы жоғарылағаннан беделі артады деген се­німнің салмағы аз. Мұны педагогика ғылымдарының докторы Бақытжан Сайлыбаев та растайды.

   - Ұстаздар қауымын нақты қолдау - олардың тек лауазымдық жалақысын арттырумен ғана өл­шен­бейді, оқытушы мамандығының абырой-беделін көтеруге, өзін-өзі жет­ілдіруге, жаңашылдыққа ұмтылуға ықпал етеді. Сонымен қатар қо­ғамда мұғалімнің мәртебесі жоғары болса, ол мамандыққа деген болашақ жастардың қызығушылығы, ынтасы мен ұмтылысы зор болары сөзсіз. Егер мектепті үздік бі­тірген түлектеріміз осындай мәртебелі мұғалімдік мамандықты қаласа, олардан қоғамның болашағын тәрбиелейтін жақсы ұстаз шығары да анық,- дейді Бақытжан Әбдіқалықұлы.

   Министрлік те құр қа­рап отырған жоқ. Елбасы тапсырмасын орындау жолында әрі жаңа заңның негізгі аспектілерін зерделеу үшін барлық аймақтағы ұстаздардың бірлес­уін шақырып, жұмыс тобын жасақтап, насихатты бастап кеткен сыңайлы. Бір анығы, педагогтар заңның жүйелі түрде қордаланып қалған мәселелердің шешім табуына түрткі бол­ғанын қалайды. Ол оқу жүктемесін азайту, қағазбастылықтан құтқару, жалақыны арттыру, шығармашылыққа еркіндік беру, қызметтен тыс қоғамдық шаралардан арылу.

   Барлап қарасаңыз, ашықтықтың үстемдігі ойдың да ашық айтылуына жол ашты. Қазақстан ұстаздары арнайы заңның мұғалім мәртебесіне қызмет етуін қалайды. Әзірге ұсыныс күйіндегі пікір­лердің қаншалықты ескерілетіні билік басындағы бас педагог Ерлан Сағадиевтің жаңа реформасында көрініс таба алар ма екен?

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Оқылды: 869 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C