Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 13:19

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ САЯСАТЫНА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

   Жақында «Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ «Қазақстандағы Туриндік процесі» зерттеу жұмысы аясында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде іс-шаралар  ұйымдастырып өткізді.

   Зерттеудің жұмыс тобы Білім басқармасы,  Жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасы, Статистика департтаменті өкілдері НұрОтан партиясы облыстық филиалы, өңірдің ТжКБ директорлар Кеңесінің өкілдері және колледж директорларымен зерттеудің міндеттері мен мақсаттарын және оның аналитикалық жиек сұрақтары мен ұстанымдарын, сандық және сапалық ақпараттарды жинау және талқылау бойынша басқосу өткізді. Кездесу барысында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры Б.Сайлыбаев колледжішілік әзірленген E-college электрондық бағдарламасымен таныстырды.

   Ағымдағы жылғы 2 қазанда мүдделі тараптармен (білім беру басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасының, жастар саясаты мәселелері басқармасының,  статискиа департаментінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, колледж директорлары, директор орынбасарлары, оқытушылар, өндірістік оқытушылар шебері және әлеуметтік педагог) ТжКБ жүйесінің маңызды сұрақтары мен енгізілег жобалар бойынша семинар өткізді. Семинар зерттеудің аналиткалық шеңбері аясында топтық жұмыс түрінде жүргізілді. Аналитикалық шеңберде мына бөлімдер мен сұрақтар қаралды:

  1. «А» бөлімі «ТжКБ жүйесіне шолу. Басқару мен қаржыландыру». Бұл топтың қатысушылары заңнама сұрақтары және оның ТжКБ жүйесіне әсерін, сонымен қатар өңірдің ТжКБ жүйесіндегі стратегиялық бағыттарын Қызылорда облысының білім басқармасы өкілдері мен колледж директорлары талқылады.
  2. «В» бөлімінде Қызылорда облысының Кәсіпкерлер Палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ж.Скакова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Ж.Даулетбаева және колледж өкілдері еңбек нарығының ТжКБ бөлімімен әрекеттесуі туралы сұрақтарды қарастырды.
  3. «С» бөлімінде ТжКБ жүйесіндегі ішкі тиімділік, әлеуметтік және инклюзивтік білім беру және еңбек нарығымен өзара әрекеттесуінің тиімділігі мен нәтижелілігі туралы сұрақтарды НұрОтан, Статистика департаментінің өкілдері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және әлеуметтік педагогтар талқылады.
  4. «D» бөлімінің «ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі» бойынша сұрақтарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлері, оқытушылар және өндірістік оқытушы шеберлері талқылады. Жұмыс барысында оқытушы мамандығының артықшылығы, педагог беделі және өмір бойы оқудың механизмі туралы өзекті сұрақтар  талқыланды.

    Аудиторияға топтық жұмыс нәтижелері презентациялар флипчарттар арқылы көрсетілді. Семинарда барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

     Айта кетейік, дәйекті ақпаратты толықтыру мақсатында 2018 жылдың 21 қыркүйегінде колледждерің әлеуметтік серіктестіктерімен, жұмыс берушілерімен, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларымен, ағылшын тілінде сабақ беретін арнайы пән оқытушыларымен, «Кәсіпкерлікті дамыту негіздері» курсын жүргізетін оқытушыларымен, қызметінде IT-технологияларды қолданатын өндірістік оқыту шеберлерімен және колледждің бітіруші курс студенттерімен фокус-топтар, кездесулер өткізілді.

Қызылорда облысының

 білім басқармасы

Оқылды: 1013 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C