Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 31 Қазан 2018 11:26

БІЛІМ БИІГІНДЕГІ АСЫЛ АЗАМАТ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

   

   Ұлағатты сөзге айналған ұстаз ұғымы ұлықтауға тұрарлық. Ұстаздық - ұлы есім. Ұлы есімге шаң жуытпай, ұрпақ тәрбие­сін­де ұлылыққа айналдыруды берік ұста­ным еткен Асанхан Серімбетовтің білім биігінде асқан асулары жарқырап көрінеді. Сексен жастың сеңгіріне келіп, бұл фәни­ден бір жыл бұрын мәңгілікке қоштасқан тау тұлға көпшіліктің жадында асыл азамат бейнесінде әлі жаңғырып тұр. Ұстаздық жолда қайталанбас қолтаңбасын қалды­рып кеткен Асанхан Серімбетовтің өмір жолы көпке өнеге.  

    Балалық шағы сонау сұм соғысқа тұс­па-тұс келген жанның өмір күресінде де осал болмайтыны хақ. Оның үстіне анасы­нан ерте айырылып, тағдырдың жазғаны­на көнуге тура келген. Балалық шағынан Аяған ағасы мен Тәтия жеңгесінің қамқор­лығында болады. Ағасы әке орнын басып, барлық жақсылығын жасаған. Анасындай бол­ған Тәтия жеңгесімен сыйластығы ажы­рамаған Асанхан аға ер жетіп, қатарға қосылған шақта да ақыл-кеңестеріне құ­лақ асып жүрді, аналық пейілін жоғары ба­ғалады. Шаңырақтағы ыстық ықылас, өмір­ге құштарлық жас жігітті өмір белесте­рінің бәрін бағындыруға ұмтылдырды, жі­ге­ріне жігер қосты. Өмірдің өзі шыңдап, ба­ла­лық дәуренде даналық шақты ойлап, ерте есейді. Өзіне үлкен мақсат қоя келе ұстаздық жолдың даңғылына түсті. Талай та­лантты түлеткен Тұрмағамбет ақын атын­дағы №29 мектептен саналы шәкірт­тер қатарында білім нәрімен сусындап, жаңа өмірге аттанды.

   Зымыраған уақыт бір орнында тұрған ба? Асанхан аға 1970 жылы Қызылорда пе­дагогикалық институтын химия-биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітіріп, өзі оқыған осы мектепке биология пәнінен мұғалім болып орналасады. Бар­лық еңбек жолы да аталмыш білім ұясында өрбіп, осы жерден болашаққа қарай қадам басады.

    Ол алғашқы еңбек жолын бастаған уақыттың өзінде шебер ұйымдастырушы, білікті де білімді маман екендігін көрсете білді және өз заманында комсомол, партия ұйымдары жұмыстарында белсенділік танытты. Зейнетке шыққанша еңбекке бас иіп, қоғамға адал қызмет етті. Елге қадірлі, ағайынға ардақты, әрбір іске жауапкер­ші­лікпен қарап, өзінің парасаттылығын көр­сете білген ардагер ұстаз, адал жар, ұл мен қыз, немерелер тәрбиелеп кеткен нар тұлға еді.

    Кез келген адамның қыры мен сыры, іс­керлігі мен қарым-қабілеті, өзіне тән ада­ми болмысы мен қадір-қасиеті болатыны ай­қын. Әрбір пенде шешілмеген жұмбақ, ашыл­маған құпия, ал жақсы адам күннің нұры секілді жалпыға бірдей, адамзатқа ортақ құндылық десек, Асанхан ағайдың мінезі жайдары, еш­кім­ді бөліп-жармай, алаламай, әрбір істі таразыға са­лып қа­рай­тын тәжірибесі мол, білгір бас­шы, білікті ұстаз ретін­де таныл­ған. Кішіліктің де, кісі­ліктің де үлгісін көрсете білген ақ жүректі ұстаз елу жылға жуық ұрпаққа тәлім-тәрбие берген. "Асекеңнің тағы да бір қыры қандай да бір туысқан, жекжат, құдандалы дос-жаран, жерлес ағайындарының қуаныш-реніште­рі­нен қалмай, қалай да уақыт тауып қаты­на­сатындығында. Бұл өте маңызы жоғары, екінің бірінің қолынан келе бермейтін, өмірдің өзі күнде туындатып отырған шын­дық. Асекең мектепті басқарған жылдары мектепте білім сапасы жақсарды. Мектеп бітірген оқушылар арасынан жоғарғы оқу ор­нына түсушілер саны көбейді. Тәжіри­белі мұғалімдер саны артып, мектепте оқы­тудың сапасы жақсарды",- деп еске алды Қармақшы ауданының құрметті азаматы Н.Салықов.

   Рас, бейнеттің де зейнеті бар екені бел­гі­лі. Асанхан ағай мектепте 35 жыл бас­тауыш сыныпқа мұғалім болған Қуаныш Шәдиевамен бір шаңырақ астында бірге бақытты ғұмыр кешіп, елдің, ағайынның арасында құрметке бөленді. Адал ең­бе­гі­нің арқасында көпшілікке танымал бо­лып, жастарға жол сілтеп, ақыл айтар абыз қа­рияға айналған Асанхан ұстаз жан жары Қуаныш апа екеуінен өрбіген 8 бала бү­гінде ынтымағы жарасқан үлкен шаңы­рақ­қа айналған. Жанға жайлы мінезі мен адами қасиетінің жоғары болуы, жарына деген қамқорлығы мен қолдауы отбасы тірегінің мықтылығына сеп болды. Үлкен әулет тамырын тереңге жайған мәуелі бәйтерек секілді. Балаларының барлығы дерлік жоғары білім алып, түрлі салаларда қызмет етуде. Келіндері де түрлі салада еңбек етіп жүрген майталман мамандар.

    Көз көргендердің естеліктерін оқып отырсақ, Асекең сұңғақ бойлы, сабырлы да салмақты, ойы да, сөзі де ұтқыр, жып-жинақы, сексенге жақындаса да, әлі ең­кіш тартпаған, әділеттілікке, турашыл­дық­қа келгенде, пендеге қиянат жасамай­тын, ағайын-туыс пен дос-жарандарға, мейлі маңайында жүрген жандарға пейілі ашық, жан баласын жатырқамайтын, басшылық қызметте де дауысын көтеріп сөйлемейтін, ал жұмыс бабындағы талап қойып, жұмыстың сапалы орындалуын қадағалайтын жан екенін білуге болады. Асыл азаматтың арда істерін алдыңғы буын ағалар еске алып, кейінгі ұрпақ үлгі тұта білгені абзал.

    Иә, сол арда азамат Асанхан Серім­бетов бүгін арамызда жоқ. Бұ дүниеден озып, мәңгілікке жаны жай тапқан жан­ның биыл жылдық асы өткізілгелі отыр.

Айдар САЙЛАУОВ

 


Оқылды: 257 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C