Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 31 Қазан 2018 11:49

Сұраныстағы сапалы маман – білім ордасының бағыты

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Бүгінгі нарық ағымы білім саласының бәсекеге қабілетті маман даярлау ісіне үл­кен жауапкершілік жүктеп қойды. Қа­жетті білім мен мамандыққа керек машықты үйрету, білім мен тәрбие теориясына терең бойлау білім шаңырағы болып ашылған оқу ордасының мақсат-мін­детін айқындап береді. Сыр елінде жас буынның сапалы білім алуына жағдай жасап, кәсіби маман болуына бағыт-бағдар беретін Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі 15 жыл­дық мерейтойға аяқ басты. 15 жылдың бедерінде колледж қалыптасу тарихынан, материалдық-техникалық базаны жаңарту мен маман даярлау ісіне жол салды. Осы себепті де колледждің кешегісі мен бүгіні турасында ой қозғауды жөн деп таптық.

    Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі аймақтағы тех­­­­­­­никалық және кәсіптік білім саласында бәсекеге қабілетті, еңбек нарығының сұ­ранысына сай, экономика және әлеуметтік саланы дамытуға атсалысып келе жатқан оқу орындарының бірі. Алғашында колледж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылы сәуір айындағы №353 бұйрығымен Қызылорда инженерлік-экономикалық институты жанынан құрылған. Уақыт өте келе, 2006 жылдың 24 қарашасында Қы­зылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі болып қайта тіркелді.  

    Колледж жылдар жылнамасында дамуды бетке алып келеді. Мамандардың кә­сібилігі, білім берудің тәжірибесі, оқы­тудың озық технологиялары заман сұранысына жауап беруге үндейді. Тағылымы мол білім шаңырағы 2013 жылы мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтіп, білім саласында өз орнын қалыптастырды.

   Бәсекеге қабілетті  маман даярлауда ма­мандықтардың орны бөлек. Колледжде білім беру қызметін алғашқы жылы 5 мамандық бойынша жүргізілсе, бүгінгі күнде 25 мамандық бойынша білім береді. Айталық, колледж осы жылдары құ­қық, қызмет көрсету, экономика және басқару, техникалық, ауылшаруашылы­ғы, ветеринария және экология салалары бойынша мамандар даярлайды.

    Материалдық-техникалық база бі­лімді ашық әрі қолжетімді етудің сара жолы. Мамандық біліктілігіне қарай бі­лім ордасын қажетті құрал-жабдықтармен дер кезінде жасақтау маңызды мін­дет. Сапалы білім алуға жол ашатын оқу ордасы зертханалармен, оқу кабинеттермен, дәрісханалармен жабдықталған. Әрбір студент арнайы оқу дәрісханаларында жаңа компьютерлік қондырғылармен және құрал-жабдықтарды еркін пайдаланып, терең білім ала алады. Оқу орнында студенттік жатақхана, асхана және 200 орындық акт залы, 100 орындық мәжіліс залы, спорт залы, медициналық кабинет бар.

    Қазір терең білімнің заманы. Әрі ақпараттың уақыты. Бұл тұрғыда білімнің дереккөздерімен жұмыс істеуі маңызды. Оқушылардың сабаққа өздігінен дайындалу тиімділігін арттыру үшін колледж интернет жүйесіне қосылған. Техникалық ма­мандықтарға арналған компьютерлік сыныбы, интернет желісіне қосылған жалпы компьютер сыныбы, "Информатика жә­не есептеуіш техника негіздері", "Компьютерлік жобалау" сыныптары пайдалануға берілді. Колледж кітапханасы мен оқу залы оқушыларға қажетті оқулықтар және оқу құралдарымен жабдықтал­ған.

   Колледждің материалдық-техникалық базасы жыл са­йын заманауи оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталған кабинеттер, зертханалар жә­не арнайы оқу кабинеттермен толығу үстінде. Мәселен, 2017-2018 оқу жылында Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы бойынша даярланған кітаптар оқушылар игілігіне беріліп, білім  нәрімен сусындауына жол ашуда.

    Жалпы оқу жылында кітапханада 68120 дана, оның ішінде қазақ тілінде 57 020 данадан астам кі­­тап қоры сақтаулы. Мұның барлығы із­денімпаз оқушылар үшін жасалған мүм­кіндіктердің бірі болып саналады. 2017-2018 оқу  жылдары колледж білім алушыларының теориялық білімін практикамен ұш­тастыру мақсатында оқу-зертханалық кешені ашылды.

   Маңызды бағыттың бірі - 2013 жылдың қараша айында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі 0902000 - "Электрмен қамтамасыз ету (са­ла­лар бойынша) мамандығы бойынша "Тех­никалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту" жобасына қатысып, Қазақстан Рес­публикасы бойынша жеңімпаз 41 колледждің бірі болып Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі грант жеңіп алған. Жоба аясында "Электр­мен жабдықтау", "Электр тораптарының электр жабдығын пайдалану және баптау", "Электротехниканың теориялық негіз­дері", "Релелік қорғаныс және автоматика", "Электрлік машиналар" зертханалары жаб­дықталып, виртуалды зертханалық жұ­мыстарды орындау үшін 2 компьютерлік сынып ашылды. Мұның бәрі бәсе­ке­лестің қадамдарына терең енуге апарады.

    Білім саласын бақылап отыру алдағы бағыттарды айқындап береді. 2016 жылы Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тә­уелсіз қазақстандық агенттігі (HKAOKO) жүргізген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының институционалдық рейтингі қорытындысында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі "Қазақстанның көпсалалы колледждерінің рейтингі - 2016" бағытында ІІ орынды еншіледі. Осы рейтинг бойынша Қызылорда облысы колледждерінің арасында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі І орынды иеленді.

    Ал, 2017 жылы HKAOKO жүргізген техникалық және кәсіптік білім беру ұйым­дарының институционалдық рейтингі қорытындысы бойынша Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі "Қазақстанның көпсалалы колледждерінің рейтингі - 2017" бойынша ІV орынды, осы рейтинг бойынша Қызылорда облысы колледждерінің арасында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі ІІ орынды иеленді.

    Колледждің оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша жеткен жетістіктері де айтарлықтай. 2010 жылы облыс бойынша кәсіби білікті мамандар даярлаудағы жаңашыл жұмыстары үшін "Колледждердің үздік әдістемелік қызметі" атты облыстық байқауда колледж ІІІ орынды иеленсе, 2014 жылы дәстүрлі өтетін "Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты" облыстық форумында өткізілген кәсіби білім берудің инновациялық жұмыстарын оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге арнал­ған шығармашылық көрмесінде колледж ІІІ орынды иеленді.

   Білімдегі табыстың бірінші көрсеткіші - кадрлардың сапасына тәуелді. 2018-2019 оқу жылында 42 штаттық бірліктен тұратын білікті оқытушылар құрамы оқу процесін жүргізді. Оның 3 ғылым кандидаты, 13 ғылым магистрі, 24 жоғары және бі­рінші санатты оқытушылар. Жоғары және бірінші санаты бар оқытушылар үлесі - 57% құрайды. Заман талабына жауап беру­де колледжде Белоруссия, Ресей елдерінде біліктілікті арттыру курстарынан өтіп келген оқытушылар дәріс береді. Ұстаз­дар­дың біліктілігі мен тәжірибесінің ар­қасында коллледжіміз толайым табыстарға жетуде. Педагогтар жыл сайын марапат тө­рінен көрініп, құрметке бөленуде. Білім орда­мызда 4 оқытушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан марпатталды, оның ішінде 1 оқытушы - "ҚР білім беру ісінің үздігі" белгісімен, 1 оқытушы -Ы.Алтынсарин медалімен, 1 оқытушы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, 1 оқытушы - Қа­зақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталса, 1 оқытушы Қызылорда облысы әкімі­нің кәсіптік білім беру қызметкерлеріне тағайындаған сыйақысына лайық деп танылып "Үздік педагог" атағына ие болды.

    Он бес жылдық тарихы бар оқу ордамыздың кемелденуі үшін аянбай еңбек етіп, іргетасы қаланған сәттен бастап ұс­таздық қызметті ұлағаттықпен сабақтастырып жүрген педагогтар қаншама? Барлығының мақсаты бір: білімнің шыңын бағындырып, жас ұрпақты жаңа заманның көшіне ілестіріп, озат ойлы жастардың қалыптасуына жағдай жасау. Колледж тарихындағы алғашқы 2004-2005 оқу жылдары шәкірт жүрегінен орын ала білген ардагер ұстаздарымыздың еңбек жолы көпке үлгі. Сананы нұрландырған Ж.Ж.Қостанбаева, К.Ж.Садуақасова, Қ.А.Бекішева, А.А.Досжанов, Ә.К.Қожабергенова, Б.Ж.Көптілеуов, А.М.Аханов, Ә.Р.Саулебаев, С.А.Оспанов, А.О.Матжанова, Г.М.Каримбаева, Ұ.Ж.Үсенбаева, Л.Ә.Нұғманова,           Е.Т.Мұстафаев, Г.Жақанова, З.Д.Тлеген, Л.М.Байманова, сондай-ақ 2005-2006 оқу жылдарында А.Х.Омарова, Г.Ш.Саткеева, Б.А.Құтыбаева, Г.Жаркенова, Р.С.Есмаханов, К.Копашовалар ұлы қызмет жолында тер төкті. Ал, бүгінгі кү­ні техника ғылымдарының кандидаты, жо­ғары санатты М.Төкен, І санатты М.А.Кубенова және жоғары санатты Ғ.А.Бисенова мен Г.А.Жаркеновалар ел болашағының тұтқасын ұстар ұрпаққа сапалы білім беріп келеді.

    Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушылардың ғылыммен айналысуына да жағдай жасайды. Колледжде оқытушылардың ғылыми еңбектерін жинақтарға шығарады, жеңімпаз оқушылар мен олардың жетекшілері моральдық және материалдық тұрғыда ынталандырылып отырады. Білім бәсекесінде осындай талаптар педагогтың кәсіби білімін үнемі көтеріп отыруға септігін тигізеді.

    Мерейлі мереке қарсаңында "15 жылдық мерейтойға 15 мерекелік іс-шара" тақырыбында бағдарлама әзірленді. Соның бірі жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру орындарының студенттері арасында "Мен - өз елімнің патриотымын!" атты тақырыпта жас ақындар байқауы өтті. Сөзден маржан терген азулы ақындарымыз туған жерге, елге деген махаббатын шара барысында жеткізіп, өлең жолдарын қалың көпшілікке ұсына білді. Сонымен қатар Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 15 жылдық мерейтойына арналаған тағы бір ауқымды шара - "Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастырудағы иннова­ция­лық технологиялардың рөлі мен маңызы" тақырыбында студенттер арасында ғылыми-тәжірибелік конференция өткі­зілді. Бұл білім алушылар үшін оз ойын еркін жеткізіп, білгенімен бөлісіп, жаңа ақпаратты жадына сақтауына мол мүм­кіндік беретін шараның бірі десек болады. Жыл сайын өткізілетін осындай рухани, мәдени, спорттық және ғылыми бағыттағы бағдарламалардың ауқымы кеңеюде. Себебі жүректегі жалын, санадағы ой, түрлі идеяның туындауынан да жаңарып, жандана түсуде деп білемін.

   Мақсат айқын. Міндет белгілі. Кәсі­би маман иелерін даярлайтын ұстаханаға айналған колледж 2018-2019 оқу жылында Халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтуді жоспарлап отыр.

 Жулдыз ЖАКИПОВА,

директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

 

Оқылды: 259 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C