Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 31 Қазан 2018 11:55

Білімде бәсі биік білім ордасы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты  мақаласында табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім, жастарымыздың басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт екендігі, себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігі атап көрсетілген. Осыған сай жастар да өзін күннен күнге дамытып отыратындығы заңды құбылыс. Бәсекелестікті талап ететін дамыған заманда жастарға артылар жауапкершілік пен жүктелер мақсат-міндет көп. Оны жүйелі әдіспен жеңе білу, қиындық пен сәтсіздікке қарсы тұру тек білімді де білікті азаматтың қолынан келетіні ақиқат. Тек білімді ұрпақ қана биікті бағындырып, көкке самғайды. Ал жас буынға жөн сілтейтін, тура жолға бастап, ізденіс пен еңбекке баулуға бағыттайтын әрине, білім мекемелері. Соның ішінде Сыр өңірінен орын тепкен "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты талай түлекті ұясынан ұшырып, білікті кадрдың даярланып, елі үшін қызмет етуіне жағдай жасап отырғаны баршамызға аян. Биыл "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтына 20 жыл. Осы уақыт ішінде айтарлықтай жетістікке, мақтана алатындай дәрежеге жеткеніміз қуантады.

    Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бас­ты­сы - өзінің ісін, өмірінің жаңа ке­зеңдеріне жол ашып, салауатты саналы рухани бай, ақыл-парасаты мол ұрпақ тәрбиелеуінде. Мәдени-ғылыми өресі биік тұлғаны қалыптастыру, әрине, педагогтың қоғам алдындағы бо­рышы болып саналады. Ертеңгі күннің бүгіннен де жарық болып, нұрлы болуына жол ашатын бір ғана күштің барын білуі­міз қажет. Ол - білім мен тәрбие. Ал білімді ұрпақ - егеменді елі­міз­­­дің ертеңі, келешегіміздің ке­мел болып көкке самғауының себепшісі. Ел жастарының жалындауына, тәрбие мен білімді бір арнаға тоғыстырып, өрен­дер­дің өнегелі өсуіне жағдай жасап отырған жоғары оқу орындарының бірі ретінде "Ақмешіт" гуманитарлық-тех­ни­­калық институтын айтуға болады. Сыр өңіріндегі гуманитарлық, экономикалық, техникалық, құқық және қызмет көрсету бағыттарында маман даярлап келе жатқан алдыңғы қатарлы оқу орнына киелі білім ордасының тарихына тоқталмай өтуге болмас.

   Білім ордасы 1998 жылы Қы­зылорда инженерлік-экономикалық институты болып құрылып, 2009 жылы "Ақмешіт" атауын иеленіп, гуманитарлық-тех­­­никалық бағытқа ауысты. Инс­титутты әр жылдары т.ғ.д., профессор Б.Е.Тыныштықбаев, т.ғ.к., профессор П.Ә.Таңжа­рық­ов, т.ғ.к.Ж.Н.Байманов,  п.ғ.д., профессор С.С.Үсенов, т.ғ.к. Д.Т.Бай­ниязов  басқарды.

   Оқу орны отандық, шетелдік ЖОО-лармен, ғылыми орта­лық­тармен тығыз байланыста. Институт 2018 жылдың мамыр айында "Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі" ха­лық­аралық институционалдық және институттың 7 мамандығы мамандандырылған акредиттеуден өтті. Аккредиттеу қорытындысы студенттердің білім сапасына берілген жоғары баға және олардың болашақ білікті маман­ға айналуының сенімді кепілі.

   Жоғары білікті кадр даярлау­дағы негізгі фактор - қуатты, қа­зіргі заманғы материалдық-тех­ни­калық базаның болуы. Осы орайда институт заман талабына сай оқу кабинеттерімен, зерт­хана, шеберхана, компьютер сыныбы, интернет жүйесіне қо­сылған компьютерлік парк, лин­гофон кабинеті, мәжіліс жә­не спорт залы, мұражай, асхана, дәрігерлік пунктпен жабдықтал­ған. 2012 жылы кітапхана салынып, 2014 жылы жаңа оқу ғимараты пайдалануға берілді. 2016 жылы үш қабатты оқу ғимараты бой көтеріп, 2017-2018 оқу жылында жаңа оқу зертханалық кешен іске қосылды. Жақсы білім шексіз мүмкіндіктерге жол ашады.  Оқу ордамыздағы техникалық жабдықтардың түгел болуы сапалы кадр даярлауын көз­дей­ді. Біздің басты мақсатымыз да сол - мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, көңілге қуаныш ұялататындай сапалы білім беру. Әри­не, ол үшін күш салу керек. Осыны ескерген институт білікті ұс­таздармен толықты. Педагог - бі­лім нәрін беретін, өмірлік азық­ты игеруіне жөн сілтейтін ұлы тұлға. "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деген сөздің түп төр­кіні де осында болар.

    Білікті ұстаздардан құралған ұжым оқу-тәрбие жұмысын оң­тайлы ұйымдастырып, сапалы кадр дайындау бағытында ау­қым­ды жұмыс атқарып келеді. Со­нымен қатар, тәжірибелі мамандарды оқытып, өркениеттің ұлы көшіне жастарды ілестіруді мақсат еткен оқу орнында ғылым кандидаттары М.Қ.Бисенова, А.Б.Әлібекова, Б.С.Отарбаев және оқу-әдістемелік, тәрбие, студенттік бөлім меңгерушілері А.Х.Омарова, Т.П.Максимова, А.Е.Бекеновалар заман талабына сай маман даярлау жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуде. Сондай-ақ А.Примжанова, М.Сбанкулова, А.Абдуллаева есімді тә­жірибелі аға оқытушыларымыз ұстаздық қызмет жолында аянбай еңбек етіп келеді. Ал, институттың оқытушы жас маманда­ры­нан да білімге деген құштарлығын көріп, шәкірт тәрбиелеудегі жауапкершілігіне қарап бір марқайып қалуға болады. А.Бимурзаева, Г.Серікбай, Ғ.Айдарбеков, Н.Алибеков, А.Ябинова сынды жас оқытушылар шәкірт жү­регінен орын алып, білікті маман даярлау жолында ізденісімен дараланып жүргенін атап өткенім жөн болар.Еліміздің білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты мұғалім білік­тілігінде. Білімді ұрпақты, бәсе­ке­­ге қабілетті мамандарды тәжі­ри­белі мұғалімдер, жан-жақты ке­мел ұстаз ғана тәрбиелей алады. Жоғарыда атап өткен педагогтар 20 жылдың ішінде қаншама шәкірт тәрбиелеп, қоғам сұранысындағы маман иелерін әзір­леу жолында еңбек етуде. Ұстаз білім бергеннен бөлек, студенттердің тәлім-тәрбиесіне жіті кө­ңіл бөлетінін жетік білеміз. Студенттердің жан-жақты дамуына, ой-өрісінің, ынта-жігерінің қа­лып­тасуына, санаға сенім орнатып, өздерің шыңдау мақсатында түрлі мазмұндағы шараларды ұйымдастырып тұратыны да орынды. Әрбір оқу тобының тә­лімгері студенттердің сабақтан тыс уақытта қоғамдық-тәрбиелік ша­раларға қатысып, уақытын тиімді өткізуін қадағалауындағы басты мақсат - жастарға берер тағылымы мен тәлімі өзгеше, аса шеберлікпен, жүйелілікпен дәріс беру. Студенттің тұлға болуына, өмірден өз орнын адаспай табуы­на мүмкіндік жасау. Педагогикалық ұжым осы мақсатты жүзеге асы­ру тұрғысында игі істердің ұйыт­қысы да бола білген. Жүйелі жұ­мыстар, тынымсыз ізденістер өз нәтижесін беріп келе жатқаны жа­сырын емес.

    Ұлағат ұясы, білім шаңырағының биыл 20 жасқа жетуі біз үшін үлкен мәртебе. Мерейтойды атап өтудегі басты мақсат - өт­кен­ді саралап, алдағы міндеттерді айқындап алу. Осы ретте ардагер ұстаздарды, бұрынғы түлектерді білім ұясының бүгінгі күнгі жетістік­тері­мен таныстыру - ойға алған жос­­парымыздың бірі. Мерейлі жыл бойы жастар үшін тәр­биелік мазмұнға толы іс-шаралар өткізу жоспарланып, соның бір­қатары жүзеге асырылып та үл­герді. Оқу ордамыздың 20 жылдық мерейлі мерейтойы аясында "Сергектік және денсаулық - 2018" тақырыбында профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасында спар­такиада өткізілді. Салауатты өмір салтын қалып­тас­тырып, отан­сүйгіштікті насихаттау, дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту, ең­бек жастары арасында достық қа­рым-қатынасты нығайту бағытында болды. Сонымен қатар "Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың рөлі мен маңызы" атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл студенттерді ғылыми жұмыстарды жүр­гі­зуге, зияткерлік-шығармашылық әлеуетін және танымдық қы­зығу­шылы­ғын оятуына мүмкін­дік береді. Кәсіби көзқарас пен жанашырлық қайраткерлікке бағыттауға арналған конференция нә­тижесінде, аға оқытушы Ж.Би­мұ­ратқызының жетекшілігімен өз білімін жетілдіріп жүрген ВТиПО-16-1 оқу тобының студенті Амантай Бақберген "Unity 3D бағдарламасы арқылы суреттерді жандандыру" тақырыбындағы баяндамасы көптің көңілінен шықты. Сондай-ақ, А.Айтуар, Б.Амантай, А.Өтеш, Н.Асқарова, А.Қуанышбаева сынды білім алушылар әлі де талай биікті бағындырады деп білемін. Ал "экономика, педагогика және оқыту әдіс­­темесі" бағыты бойынша А.Тұрсынбай, С.Мұханбетжан, А.Алтынбекқызының ғылыми жұмыстары үздік деп танылды.

     Бұл "Ақмешіт" институтында бәсекеге қабілетті жастардың ғы­лыми потенцалын шыңдауға мүм­кіндік барын білдіртеді.

   Қыз баласының тәрбиесі мен тәлімі қай заманда болмасын, бі­рінші орында тұратыны белгілі. Осы орайда нәзіктік пен әдемі­лік­ке жаны құмар жандар арасында да байқау өткіздік, нәти­же­сінде көп ішінен дараланған ару­ға "Ақмешіт аруы - 2018" титулын табыстадық. Сәні мен сым­баты, өнері мен білімі, тәлімі мен тәрбиесі үйлесім тапқан Айшолпан Сәбихан бас жүлдені иеленді. Тартысты өткізілген түр­лі сайыстар мен байқаулар барысында білім алушыларымыздың жан-жақтылығына, өнерлі әрі қа­білетті екендігіне тағы да куә болып отырмыз. Білікті кадр даяр­­лау жолында жиырма жылын сарп еткен оқу ордасы аймағымыздағы басқа білім ордасымен тығыз қарым-қатынаста. Осы орайда айта кету керек, білім беру мекемелері арасында "Спорт - бідің өміріміз" атты екі күндік спорттық сайыста волейбол мен шахмат ойындарынан сынға түсті. Облыстан жиналған он бес шақты команда қатысқан са­йыс қызықты да тартысты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша волейболдан И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі 3-орынға жайғасса, екінші орынға Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі қол жеткізді. Жүл­делі бірінші орын "Өркениет" медицина колледжінен келген құ­рама командасына лайық деп танылды. Ал, шахматтан командалық есеп бойынша Қазақ гуманитарлық, заң және техникалық жоғары колледжі үшінші орын, "Өркениет" медицина колледжі екінші орынға жайғасты. Сондай-ақ, жарыстың басты жүлдесі­мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті марапатталды. Бұл 20 жылдық мерейтой қарсаңында жүзеге асқан жарыстар ғана. Мұнан бөлек рухани әрі сананы серпілтетіндей шаралар да аз болған жоқ.

    Тұла бойы тұнған өнеге, барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иелерінің мақтанып та, марқайып та айта алатыны тек шәкірттері. Шәкірт - шамшырақ. Ұстаз еңбегінің жемісі. Жалындап тұрған, қоғамда тұлға болып қалыптасқан шә­кірт барда педагогтың пәрменді жұмысы елеусіз қалмайтыны анық. Оқу ордамыздың мәртебесін асқақтатып, жүлделі орындарымен жанды жадыратып жүрген студенттерімізбен осы ретте мақтанамыз. Қоғамдық не­гізде құрылған жастар ісі жө­ніндегі комитет, "Жас Отан" жас­тар қанаты, еріктілер комитеттерінің белсенді мүшелері әр­түрлі деңгейдегі шараларға атсалысып жүреді. Мақтанышымыз­ға айналған студенттер де жетерлік. Б.Амантай, Ж.Қалжан, А.Серік облыс бойынша қысқы Универсиада алауын жаққандар қатарында болды. Сонымен қа­тар А.Өтеш, Ж.Қалжан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде волонтерлық қызмет атқарып келді. Жұлдыз Қалжан халық­аралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұйымдастырған үздік жобалар сайысында 1-орын ие­ленді. Сондай-ақ биыл наурызда "Жас Отан" жастар қанатының 4-сьезіне қатысты.

    Е.Қуантқанұлы да өнер саласындағы жетістіктерімен қуантып жүр. Ол - қалалық суретшілер байқауының бас жүлдегері, қолөнер шеберлері көрмесінің 3-орын иегері. Әрине, әрбір бала жарық жұлдыз. Біз сол жарық жұлдыздың одан әрі жарқырай түсуі үшін қолдау білдіреміз, биік­ке шығуына бағыт-бағдар бе­реміз. Ұстаздың білімділігі мен біліктілігі шәкіртінің мықтылығынан көрінеді емес пе?! Оқу ордамызда рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отаны үшін, соның болашағы үшін қызмет ететін ұлағатты ұстаздар тәлім мен білімді қатар беріп тұрғанда біз ауыз толтырып айтатын шә­кірттердің шығуы заңдылық.

    Жиырма жыл - жан-жақты із­деністің, тынымсыз еңбектің же­місті әрі жеңісті шағы. Білім саласының қиындығын да, қы­зығын да бірдей қабылдап, қаншама жас ұрпақтың білім алуына маңдай тер төгіп, ғылым жолын дамытуды көздеген "Ақ­мешіт" гуманитарлық-техникалық институты жылдан-жылға өркендеп, өсіп келеді. Зымырап өте шыққан уақыт кеңістігінде ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істе­рін, білім мен ғылымға деген із­денісі мен құштарлығын бойына сіңірген білім ордасы мыңдаған жас ұрпақты тәрбиелеп, бі­лім нәрімен сусындатты. Бүгінде біздің түлектер еліміздің әртүрлі салаларында жемісті еңбек етіп жүр. Қоғамды дамытудың қоз­ғаушы күші - білімді кадр десек, бі­­лімнің негізі оқу орнының қа­бырғасында қаланады. Сондықтан да уақыт көшінен қалмай, әлем­дік озық тәжірибелерді ұтым­ды қолданып, білімнің шыңына шығуға ұмтылудамыз. "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық нституты қарқынынан таймай, облыс пен мемлекет дамуына үлес қоса береді деп сенім­мен айта аламын.

 Айтмағанбет

ҮРГЕНІШБЕКОВ,

"Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтының ректоры, техника

ғылымдарының

кандидаты, доцент

Оқылды: 329 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C