Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 31 Қазан 2018 12:13

Оқу бітіргендердің 60 пайызы жұмысқа орналасуы керек

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

     Оқу бітіре сала жұмысқа тұру жы­ры бітпейтін мәселеге айналға­лы қашан. Дипломы бар мамандар­дың бос жұмыс жәрмеңкесін жаға­лап, құр қайтуы елдегі жұмыссыз жастар­дың жігерін құм қылуда. Бұл еңбек нарығына маман даярлайтын оқу орындарына сын. Енді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі оқу бітірген жас­тарды жұ­мысқа орналастырудың жаңа тетігін енгізуге ниетті. Ми­нистр Мәдина Әбілқасымова оқу орындары мен ор­талықтарға деген талапты күшей­тіп, материалдық-техникалық база­ға жіті мән беруде, сол арқылы жұ­мысқа тұрудың көр­сет­кішін түзеп алмақ. Әсіресе, дуал­ды оқыту жүйе­сі­мен білім алып жатқан колледж студенттеріне ке­мінде 60 пайызы қызметке алынуы керек деген талап қойып отыр. Министрдің бұлай деп шырылда­уына Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың жұмысқа тұрудың мониторингін жүргізу тапсырамасы себеп болса керек.

    Ол үшін министрлік оқу орын­да­рының сапалы құраммен қамта­ма­­сыз етілуіне баса мән бермек. Оған "Атамекен" ұлттық кәсіпкер­лер палатасы мүдделі.

    Министр қысқа мерзімді оқуды бітірген азаматтардың 18 мыңы жұ­мысқа орналасқанын ашып айтты. Жұмысқа тұру көрсеткіші бойынша Ақмола, Қостанай облыстары көш басында. Сонымен бірге, Алматы об­лысында осындай оқудан өткен­дер­дің 74 пайызы, ал Солтүстік Қазақстан облысында 71 пайызы жұмысқа орналасқан. Курс оқып, жұмыс таппай қиналатындардың дені Маңғыстау облысы 25%, Жамбыл облысы 39%, Алматы қаласы 27%, Астана қаласының 41% көрсетіп отыр.

    Қысқасы, жұмысқа тұру мәселе­сі нақты көрсеткіштерге негізделуі керек. Министрлік те осы мәселеге енді назар қоя бастады. Бұл оқуда жүрген жастардың жұмысқа тұруына әсер етпек.

А.ҚАРАКЕСЕК

Оқылды: 430 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C