Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 08 Қараша 2018 03:58

ҚАНЖАР МЕН ҚАЙРАҚТЫ «ҚАРУ» ЕТКЕН ҚАСАПШЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

   Жақында Қызылорда об­лысы бойынша ҚМДБ "Халал" серти­фикатына ие болған ме­кемелер тізімін жариялады. Соның ішінде "Смағұл" мал сою алаңы да бар. Қиын қыз­меттің қызығы мен шыжығын қатар алып келе жатқан қасап­хана осы кезде ел нарығына етене еніп, өздерінің кәсіптерін бастап та кеткен.

    Рас, қасапшы десе үрке­соқтап қарайтынымыз жасы­рын емес қой. Соған қарамас­тан, жо­ғарыда аталған мекемеге барып, мекен-жайын әлеумет­тік желі­ден іздеп тауып алып, қасап­шылық қызметтің қыр-сырымен жіті таныспақ бол­дым. Жаппас­бай батыр көше­сінің жиегіне жапсарлай орна­ласқан мал сою алаңы ығы-жығы адамға толы деуге кел­мей­ді. Өйткені ашыл­ған­дарына небәрі алты ай ғана болған. Соның өзінде бұл жерден төрт түлікті түгел көре аласыз. Бар­лығы дерлік соғымға дайын­далып жатыр. Шудаларын шаң басқан түйе, жалды жылқы, семіз сиырлар мен қонды қой­ларға дейін кезек-кезек бауыз­далып, жіліктелу үстінде. Қа­сап­ханаға бас сұғып кірген сәттен-ақ қан­ның иісі мүңкіп тұр. Десе де, мұн­да тазалыққа айрықша мән бе­ретін көрінеді. Олай етпеске бол­майды. Мал сойылғаннан қалған қалдық қо­қысқа айналып, таби­ғатты лас­тамауы тиіс. Қасапшы­лар бұл жа­ғын естен әсте шығар­ған емес.

   

    Тілші ретінде қасапшымен тілдесу, оның ішкі ойын сыртқа шығара білу оңайға соққан жоқ. Иә, сөзден гөрі істің адамы екені салмақты мінезінен анық сезіліп тұрды. Кейіпкеріміз Қуаныш Өтегеновтің басынан өткеріп жатқан күні, жасаған жұмысы осы қасапхананың ішінде өтуде. Әзіл де болса, "Ет дегенде бет бар ма", "Ет жемесең түсіңе кіреді", "Қас­қырдан соң етті көп жейтін қазақ" деген тәмсілдер еліміздің ет өніміне деген сұ­ранысын сипат­тай­тындай. Оны қасапхана алдындағы ұзын-сонар кезектен аңғару қиын емес. Қарбалас тіршіліктен сәл дем алып, қол суытып тұрған Қуанышпен тіл­десудің сәті түсті. Олай дейтінім, 24 сағат үзіліссіз жұмыс жасайтын жерде уақыт өте қымбат. "Келу­шілер күтіп қалмауы керек" деген принцип мұнда қатаң қадағала­натын көрінеді. Сондықтан болар көп әңгімелесіп, сағаттап сұхбат­тасудың реті келмеді. Алайда, Қуаныш жұмыс ба­рысын аз сөзбен-ақ егжей-тегжейлі айтып берді.

    - Мен мұнда бас ұйымдас­тырушымын. Жұмысты қалай жасау керек екенін айтып оты­ра­мын. Ашылғанымызға алты-жеті айға жуықтады. "Халал" серти­фикатына қол жеткізіп, жұмыс­тың "биссимиләсін" бастадық. Осындай бизнес бас­тайық, жұмыс жүргізейік деген идея авторы Таңат Оразым­бетов. Мен де нөлден бастап осындамын, осы бауырыммен біргемін. Қалада халал қасапха­на­лар жоқтың қасы. Біздің ой­дың ұтымдылығы да осында. Жарты жыл ішінде үш жүз бас малды бауыздап үлгерген екен­біз. Әуелгіде жарнама әлсіз болғасын ба, ондай көп адам келе  қоймады. Ал, қазір шү­кір.  Күні­не жеті, тіпті он бас мал­ды сойып, қаласа жіліктеп, дайын­дап береміз,- деп Қуаныш алғашқы күндердегі естелік­терін есіне алды.

   Тағы бір айта кетерлігі, мал етінің жеуге жарамды деген бар­лық бөлігі ысырап болмай таза­ланып алынады. Оның үс­ті­не сойылған түліктің қары­нын таза­лап беретін әйелдерді де көзім шалып қалды. Ақысын төлесеңіз болды, келініңіз жа­сай алмайтын қызметті осын­дағы апалар әп-сәтте-ақ орын­дап береді. Әйелдер қауымына да артық айып таға алмаймыз. Себебі қазақ жігіт­терінің де кө­бі мұндай жұмысты жасай ал­май­­тыны анық. Байырғы ба­басы секілді ат құлағында ой­нап, түйе жығатын түйе палуан­дар сиреп кеткені заман көрі­нісі. Бұл та­қырыпты да сөз ет­кен Қуаныш қазақ жігіттеріне қа­палы екенін жасырған жоқ.

    - Мұнда түйе мен жылқы көп әкелінеді. Сиырлар да жеткі­лікті. Оларды сою, жығу ауыр­лау болғасын халық біздің қыз­метке жүгінеді. Сосын біз оның салма­ғын өлшеп, мұсыл­ман заңы бо­йынша құбылаға қара­тып бауыз­дап береміз. Қасап­ханада төрт қасапшы, қарын тазалайтын екі әйел, ве­теринар дәрігеріміз сосын бас­шымыз бар. Жасыра­тыны жоқ, мезгіл­дің қай уағы болса да, қа­сап­шылар елге қызмет көрсе­туге даяр. Тіпті, түнгі төртте халық келіп "мал сой" десе орындап беруге әзірміз. Алға­шында өзім сынды бірыңғай қазақ жігіттер жұмыс жасаған. Олар мұндағы ауыр жұмысқа шыдамады. Той-томалағы көп. Сұранып кете береді. Сосын келмей қояды. Қалалық ақсау­сақ жігіттер мүл­дем мұндай жұ­мысты жасай ал­майтыны бесе­неден белгілі. Сондықтан шетел азаматтарын шақырдық. Әсі­ресе, өзбектер көп келеді. Бірақ, олар тұрақ­ты,- деді Қ.Өтегенов.

    Қуаныштың айтуы бо­йынша қасапханадағы барлық құрал-жабдықтар заманға сай. Ет ке­сетін ара, таразы, етті іліп қойып жіліктейтін ілгіштердің өзі авто­мат­тандырылған. "Қа­сап­хана­ның орналасқан жері мал базар­ға жақын болғандық­тан да ха­лыққа қолайлы" дейді ол. Ұсақ малдар 500, сиыр мен жылқы 2500, ал түйе 4000 тең­геге со­йылады. "Қазақ әйелдері осында келіп қарын тазалап, нәпақа табады. Жігіттері сыр­ты­нан ай­налып қашады" деген қасапшы сөзінде зіл бар. Қуа­ныш әңгіме арасында "қазақ әкесі мен аға­сы­нан көріп алып, мал соя бере­тін. Ал, қазір бәрі керісінше. Бара-бара бұл жұ­мысты да кәсіптік колледж­дерде оқытқан жөн болады-ау" деп те ұсыныс айтып қалды.

    Қажыр-қайратты, жүректі­лікті, шыдам мен шымыр дене­ні қажет ететін қызметке жастар көп келе бермейтіні белгілі бол­ды. Біз журналистер сиясы қа­нық қаламды қару етсек, қасап­шы­лардың қаруы қанжар мен қай­рақ. Оның үстіне қасап­шы­лықты халық мәртебелі ма­ман­дық деп қабылдамайтыны тағы бар. Баласының бастық болға­нын қалайтын қазақ қара жұ­мыстың қаранарларын да на­зардан тыс қалдырмағандары аб­зал. Қасапшылық қызметтің қас шебері Қуаныштың негізгі айтпағы да осы.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 25 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C