Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 08 Қараша 2018 04:18

ҚОС БІЛІМ ОРДАСЫ МЕРЕЙЛІ МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Білім берудің қай түрі болмасын - тәрбие. Өскелең ұрпаққа тәрбие мен білімді қатар беріп, білікті маман даярлауды мақсат етіп келе жат­қан оқу орындарының бірі ретінде "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты мен Қызылорда көп­­салалы гуманитарлық-техникалық колледжін айтуға болады. Білім бәсінде биік болып алға шыққан оқу орындары биыл мерейлі мерейтойларын атап өтті. Құрылғанына 20 жыл толған "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты және Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі 15 жылдығына орай салтанатты жиын ұйымдастырды. "Келешегі кемел - білім ордасы" атты қысқаметражды бейнефильмнен басталған шарада оқу ордасының тарихы мен осы уақытқа дейінгі бағындырған белес­тері баяндалды. Жоғары деңгейлі ғылыми-педагогикалық әлеуеті, бә­секеге қабілетті білім беру қызметі, мәртебесі мен қалыптасқан ізгі дәс­түрі бар оқу орнының мерекелік сал­танатты жиынын ашу үшін инс­титут ректоры, колледж директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Айтмағанбет Үргенішбеков сөз сөйлеп, білім ордаларының оң бастамаларын тілге тиек етті. Сонымен қатар облыс әкімінің орын­басары мен облыстық мәслихатының хатшысының құттықтау лебізін жеткізу үшін облыстық мәс­лихат аппарат басшысының орынбасары Бахыткүл Қалиқызы, Нұр Отан партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибайдулла Құттықожаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары    Жасұлан Шынтасов білім шаңырағының төрінде сөз сөйлеп, ақ тілегін білдірді. Саналы тәрбие, сапалы білім беруде нәтижелі жұмыс атқарып келген бірқатар ұстаздарға Алғыс хаттар табысталды.

    Қа­зіргі таңда оқу ордасының тәжірибелі тұлғалармен тұрақты байланысының аясында жеткі­лікті деңгейде білім беруде. Осы орайда Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясы - Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Отари Дидманидзе, "Зоотехника және биология" факультетінің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, про­фессор Юсупжан Юлдашбаев және Қырғыз-Ресей-Славян университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Мұхтар Орозбеков Сыр еліне келіп, қос мерейтойдың қадірлі қонағы болды. Сарқылмайтын қайнар көздің сара жолында жүріп, даналықпенен қаншама жанның жарық жұлдыз болуына жол ашқан профессор-ғалымдар жүрекжарды жылы лебізін біл­дірді. Ал, институт тарапынан алыс­тан келген меймандарға "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтының құрметті профессоры" атағы берілді. Сананы нұрландырған ұстаздар еңбегі әрдайым құр­метке лайықты. Шәкірт тәрбиелеу жолында шыдамдылық танытып, ұлағаттылығымен ұлы қызметті абы­роймен атқарып келген "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтының мұғалімдері Қызылорда облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, "Қорқыт ата атындағы Алтын медалімен" және Халықаралық "Білім беру ісінің көшбасшысы" медалімен марапатталды.

   Жиырма жылда жалындаған жас­тарды өмірге бейімдеп, өз орнын табуына жол сілтеген институт бүгінгі күні талапты да талантты студенттердің мекеніне айналып үлгерген. Тарихы терең, шежіресі мол оқу орнының түлектері мерекелік көңіл-күймен мәртебесі ас­қақтаған ұстаздарға алғыс білдіріп, білім ұясының мерейлі мерекесімен құттықтап қайтты. Білім берген шәкірттерінің еңбек жолындағы үздік жетістіктері - институт пен колледж үшін зор мақтаныш бола бермек. Салтанатты жиын әрі қарай әуезді әнмен, мың бұралған бишілердің өнерімен өз жалғасын тапты.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Оқылды: 111 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C