Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 08 Қараша 2018 05:24

ЕҢБЕК ФОРУМЫ: СТУДЕНТКЕ ТӘЖІРИБЕ, КӘСІПКЕРГЕ МАМАН КЕРЕК

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

   Кез келген кәсіпкер өз жұмысына білікті де тәжірибелі маманды тартқысы келеді. Ал, дипломды енді ғана қолына ұстаған жас маман талаптың бастауында тұрған тәжірибенің жоқтығынан жұмыссыз қалады. Себебі жас маман тәжірибе алаңында шыңдалған жоқ, нақтысы оған оқу орны жағдай жасаған жоқ. Бұл - гуманитарлық саладағы басты түйткілдің бірі. Алайда, жұмысшы мамандары үшін кәсіпорынға қызмет қылу, тәжірибе жинақтау әлдеқайда жеңілірек. Себебі кәсіптік салада білім алатын жастардың басым бөлігі оқуын бітірмей-ақ, маман болуға машықтанады. Білім орнында алған білімін практикамен ұштайды. Құрылысшы мамандығында оқитындар қолына қалақ ұстап, кірпіш қалайды. Ағаш ұсталары ағаштарды жаңқалап, әртүрлі жиһаз жасайды. Құбырларды бір-біріне дәнекерлеуді де осы колледж қабырғасынан үйренеді. Демек, техникалық колледждерде білім алатын бала кәсіпорындарға істің көзін танып барады.

   Қыз балалар да бизнес бастау­дың әліппесін үйреніп кетеді. Аспазшы мамандығында оқи жү­ріп, түрлі тамақ өнімдеріне маман­данады. Ірі сервистік нысандарға шақырту алуға мүмкіндік алады. Шаштараз өнеріне мойын бұрған­дар халыққа қызмет көрсетудің жолына қадам басады. Яғни, жұ­мысшы мамандығын меңгеруге асыққан жастарда бос қиял емес, айқын бағыт бар. Бірақ, мұның бәрі білім алуға ниеттенген жастың ізде­нісі мен талпынысына тіреледі. Де­генмен жұмысшы ма­ман­дығында оқитын студент­тердің бәріне бірдей жұмыс табыла бермей­ді. Ол үшін практикалық алаңның қажеттілігі айқын сезіледі. Осы үшін де жыл сайын аймақтарда кәсіптік сала қызметкерлері мен бизнес ие­леріне арнап еңбек форумы ұйымдас­ты­рылады.

   Форумның мақсаты белгілі. Аймақтың еңбек ресурстарының ба­лансына сәйкес сұранысқа ие ин­дустриалды-инновациялық жоба­лар­ға, шағын және орта бизнес өкіл­деріне қажетті кадрларды даяр­лау. Қарапайым тілмен айтқанда, жұмыс­шы маманы болуға талпынып жүрген жастарды жігерлендіру, олар­дың озық идеясын бизнес сектордың ала­ңына апару. Биыл жетінші мәрте ұйым­дастырылып отырған "Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұх­баты" атты VII облыстық еңбек фо­румы 200-ге жуық оқу орындарының мамандары мен жергілікті жерде кәсібін бастаған бизнесмендерді бір алаңға жиды. Жиынға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім жә­не ғылым саласындағы бақылау Ко­ми­тетінің төраға орынбасары Дархан Әзім­ханұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігі "Кәсіпқор" Холдингі" Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асима Темкен­қызы, ҚР Білім және ғылым минист­рлігі "Қар­жы орталығы" департамент директо­рының орынбасары Алпа­мыс Айдарұлы, "Кнауф Гипс Капча­гай" ком­паниясының менеджері Олег Абдуллаев арнайы қатысты.

ИДЕЯЛАР ІСКЕ АССА...

    Бұл жолғы еңбек форумы М.Ықсанов политехникалық колледжінің базасында ұйым­дас­тырылды. Аймақтағы барлық колледж студенттері өз идеяларын іс жүзінде әкеліп, қонақтар алдында қорғап берді. Ауыл шар­уашылығына бейім мамандық иелері форумға жергілікті өнім­дер мен жұмысшы маманның бейнесін әкелсе, ендігі бір колледж тәтті тоқаштарын көр­меге ала келген. Жұмысшы мамандығына машықтанған тағы бір оқу орны жайлы демалыс бұ­рышы, жиналмалы дастархан, гүлдестелерді қоюға арналған сөрелер мен тербелмелі әткеншекті ел назарына ұсынды. Келешек іске асатын жобалардың макеттері де бизнес иелерінің қыз­метіне жарап та қалуы мүмкін.

   Идеяға толы жобалардың бір­қатарымен өзіміз де танысып қайттық. Айталық, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенті Мейрамбек Маратұлы механикалық автокөліктің жарықтандыру құрылғысын жасап шығарған. Ол автокөліктердің тұрақты жарықтандыру үшін аялдама немесе тоқтап тұру кезінде қосылатын дабылдық шамдарды және аспаптар қалқанын жарықтандыру жүйесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін сынама құ­рыл­ғы жасаған.

   Жас мамандар ауыл шаруашылығына да қажетті техниканы өздері жасауға көшкен. Мә­селен, Сырдария аграрлы-техникалық колледжі студенттері саяжай соқасын көрмеге ұсынуды дұрыс көріпті.  Сағатына 1 литрге жетпес жанармайды қа­жет ететін соқа шығынды әлдеқайда аз кетіреді, әрі еңбек өнім­ділігіне едәуір пайда әкеледі. Болашақта жастар өзге де техника түрін өндіріске сынап көрмек.

   Ал, еңбек форумына алаң ұсынған М.Ықсанов колледжі бос шөлмектерді пайдаланып, жайлы демалыс бұрышын жасаған. Қаңылтыр қалдықтарды кәдеге жаратқан студенттер 200 литрлік бөшкенің 6 данасынан диван пішіндегі демалыс бұрышын жасап, көптің көзайымына айналды.

   Көпшіліктің көзіне түскен тек бұл жобалар ғана емес, С.Ысқақов атындағы Құрылыс және бизнес колледжінің өнді­рістік оқыту шебері Әділет Жүсіпов студенттермен бірге телефон арқылы басқарылатын ақылды үй жобасының тиімді­лігін сөз етті. Жобаға жігіттер "Smart Home" деп атау берген. Басты ерекше­лігі электр энергиясын смарт арқылы басқаруды, төтенше жағдайларда үй иесіне смарт арқылы хабарлама жібере алады.

   - Қызмет бабымен басқа қа­ла­ға кетіп қалсаңыз, үйіңізге сырт адамның бейнесі сіздің телефоныңызға бейнекамера ар­қы­лы түседі. Ол үй ішіне кіріп, камераны өшіріп тастаған жағдайда да барлық әрекеттер сіздің телефоныңызға сақталады. Тағы бір жақсы тұсы, үйдің қауіпсіздігіне симулятор ар­қылы сіздің көлеңкеңізді сырт адам көріп, үйде бар деп ойлай алады. Яғни, бұл қауіпсіздік үшін аса қажет. Бағдарламаның нарықтағы құны 800 мың теңге. Біз өзіміздің идеямыз арқылы құ­рыл­ғыны 100 мың теңгеге жасап шы­ғардық,- дейді Әділет Жүсіпов.

   Ал, Қазалы агротехникалық колледжі арнайы әкелген квадрацикл мойын бұрып қарауға итермеледі. Бірінші курс студенті Мағжан Асылбек интернет ар­қылы төрт бірдей бөлшектен көлік құрастырған.

   - Әртүрлі көліктердің құрал­да­рын бір-біріне пайдаланып, квадрациклді жасап шығардық. Әрине, жетілдіретін тұстары жетерлік. Бірақ, биылғы жылдың жаңалығы біз үшін осы қолданбалы квадрацикл болып отыр,- дейді өнертапқыш.

   Әр колледж кем деген 2-3 жобаны идеялар жәрмеңкесіне алып келген. Қыз балалар оқи­тын мамандықтарда студенттер де құр қол келмеген. Арнайы жұмысшы мамандығының киім үлгілері мен кәсіби мамандардың формаларын студенттер өздері тігіп әкелген. Мұнан басқа, жер­гілікті қолөнер бұйымдары, түрлі тәтті нан өнімдері жастардың іс­ке бейім екенін байқатып тұрды.

50 ЖЫЛДА БОЛАТЫН ЖАҢАЛЫҚТЫҢ 5 ПАЙЫЗЫН БІЛЕМІЗ

    Жастардың жаңа идеясына көңіл бөлген жергілікті атқамінерлер мен кәсіпорын басшылары секциялық отырыс барысында кәсіптік саланың даму деңгейін таразылап, кеткен кемші­лік­­терді пысықтау үшін алаңда бас қосты.

    Алдымен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев барлық іс-тәжірибе мен аймақтың еңбек нарығыны білім саласына бай­лау­лы екенін және бүгінгі бетбұрыстар заманында артта қалып қоюдың қауіпті екенін қаперге салып өтті.

    - Кадрларды қазіргі экономика үшін емес, болашақ экономиканы құруға дайындауымыз керек. Сондықтан уақыттан озық жүру, ұзақ мерзімді перспективалық жұмыс жасау керек.

   Футурологтардың айтуынша, әлемде 50 пайыз жұмыс орындары өзгереді. Оның орнына басқа жаңаша мамандықтар пайда болады. Ал, жаңа сападағы жұмыс­қа бейімделу оңай болмас. Біз 50 жылдан кейін болатын жаңалықтың тек 5 пайызын ғана біледі екенбіз. Демек, 2060 жылға қарай білімнің 95 пайызы осы 50 жылда ашылған жаңалықтардың нә­тижесі адамдарға қолжетімді болады,- дейді Қырымбек Елеуұлы.

    Жиында арқау болар мәселенің бірі - жұмысшы мамандарды жұмысқа орналастыру. Аймақ әкімі отандық эксперттердің болжамын ортаға салды. Айтуынша, бітіруші түлектердің 60 пайызы өз мамандығы бойынша жұмысқа кірмейді. Себебі мектепте мамандыққа бағдарлау ісі жеткілікті емес. Бұл колледждерге қатысты. 9-сыныптан баратын оқушылардың нақты маманы болуға шақырды.

   - Кешегі алған білім бүгінге жарамай қалуы мүмкін. Осыған орай университеттер мен кол­ледж­дер жаңа мамандар даярлап үлгере алмай жатыр. Белгілі экономист өз еңбегінде таяудағы 20-30 жылда роботтар алмастыра алмайтын 6 сала бар. Соның бірі - білім беру. Сондықтан білім сапасы шығынға негізделмеуі керек, керісінше экономикалық өсімнің мүмкіндігін анықтайтын инвестициялық салаға айналуы керек. Осы себепті де 2015 жылдан бері еңбек ресурстары балансын дайындадық. Бұл өз кезегінде қажетті мамандарды даярлауды, мемлекеттік тапсырыстарды нақтылауға ықпал етеді,- дейді өңір басшысы.

   Маман даярлаудың жолын жаңарту талабына министрлік өкіл­дері де келіседі. ҚР Білім жә­не ғылым министрлігінің Бі­лім жә­не ғылым саласындағы бақылау Комитетінің төраға орынбасары Дархан Әзімхан білім мен бизнестің әріптестігінде мәселе бол­мауы керек дегенді алға тартты.

   - Кәсіптік білім беруге қа­жетті мамандықтар заман талабына сай болуы керек. Себебі оқу бітіргеннен кейін маманның жұ­мыс орнында біліктілігі төмен болса, ол оқу сапасының деңгейін түсіреді. Сондықтан да жыл сайын қысқарып жатқан мамандықтар осыны ескергендіктен шығып жатыр. Ақпараттық технологиялар дәуірінде кез келген өнеркәсіп саласы автомотизацияға дайын болуы керек,- дейді Дархан Әзімхан.

    Жергілікті жердегі кәсіпорын басшылары да колледждердің маман даярлау бағытына қарай әріптестік байланыс орнатып, жұмысшы мен өндіріс алаңының арасын жақындатуда. Тіпті бизнес иелері маман даярлау технологиясына қажетті сұраныстың қай бағыттарға керек екенін айтып, өзара ой бөлісті.

МАРАПАТ МІНБЕРІНЕ ШЫҚТЫ

    Кәсіптік сала мамандары мен студенттеріне арналған еңбек форумы тек басқосу мен жәрмеңке өткізу алаңы ғана емес. Білік­тілігі мен идеясы жарасым тауып, аймақтың қажеттілігін өтей алатын жобаларды жүзеге асыратын жастардың бір-бірімен бәсеке­лес­уіне жол салады. Екі күндік форум аясында оқу орындарының кәсіби білім беру бағытындағы ерекшелігін айқындайтын бағдарлы байқау көрмесі, білім алушылардың "Жас өнертап­қыш-2018" техникалық шығармашылық көрмесі, техникалық жә­не кәсіптік білім беру оқу орындарының әдістемелік-шығармашылық көрмесі, "Техникалық жә­не  кәсіптік білім беретін үздік ұйым-2018" байқауы және "Үздік әдістемелік қызмет-2018" бай­қау­лары бойынша өзара мықтыны анықтады.

    Сонымен, кәсіби білім беру бағытындағы көрме бойынша І орынды Арал индустриалды-техникалық колледжі, ІІ орынды Қызылорда кызмет көрсету сервис колледжі мен Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі ие­ленді. Үштіктен көрінген үш колледж Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі, Жалағаш индус­триалды-аграрлық колледжі, Қазалы гуманитарлық- техникалық колледжі лайық деп танылды.

    "Жас өнертапқыш - 2018" байқауы да өз жеңімпаздарын анықтады. І орынға "Абылай хан" атындағы жоғары колледжінің студенті Нұрбахыт Құрманәлі жайғасса, ІІ орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті Мейрамбек Маратұлы және Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінің білім алушысы Данил Шавров місе тұтты. Ал, ІІІ орын­ға төрт бірдей студент лайық деп шешілді. Олардың қатарында Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің білім алушысы Бейбарыс Мұсабек, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің студенті Жандос Серік, С.Ысқа­қов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің білім алушысы Диас Ақбай және Арал көпсалалы колледжінің студенті Ерасыл Тілеулесов бар.

   Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының әдістемелік-шығармашылық байқау көрмесі де лайықтыларды марапат мінберіне шығарды. Айталық, І орын Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжіне бұйырса, ІІ орынды Қызылорда медициналық жоғары колледжі мен     И.Әбдікәрімов атындағы Қы­зыл­орда аграрлы-техникалық жоғары колледжі иеленіп қайтты. Ал, "Болашақ" университетінің колледжі, "Жас өркен" колледжі, Сырдария аграрлы-техникалық колледжі үздік үштік­тің тұғырынан көрінді.

    Үздік ұйым байқауы да жыл сайын үздіктердің есімін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жо­лы І орын И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжіне, ІІ орын М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық кол­­леджіне, ІІІ орын С.А.Жиен­кұлов атындағы Байқоңыр колледжіне бұйырды. Ал, "Үздік әдіс­темелік қызмет-2018" номинациясында І орынға Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі көтерілді. ІІ орын М.Мә­метова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжі, ІІІ орынға Болашақ медицина колледжі лайық деп танылды.

ЕҢБЕК ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

    Кәсіптік сала қызметінде жү­ріп, талай жыл білім саласының дамуына үлес қосқан ұстаздар да марапаттан тыс қалған жоқ. Білімнің ең жоғары марапаты Ы.Алтынсарин төсбелгісімен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі директорының орынбасары Жақсыгүл Тоғанова, М.Ықсанов политехникалық колледжінің директоры Бақыт Кенбаев және Абылайхан колледжінің директоры Руслан Дүлдүл марапатталды. Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты иелерін тапты.

    P.S. Жеті жыл ішінде кәсіптік саланың даму деңгейі сараланып келеді. Форум аяқ босатып, марапат үшін жәрмеңке ұйымдастыруды мақсат етпейді. Ортақ мақсат - маман даярлаудың жолын жақсарту, жұмысшы мамандығының беделін көтеріп, еңбек нарығына сапалы кадр ұсыну. Басқосу соңында министрлік пен жергілікті атқарушы билік колледждердің бәсекеге қабілетті болудың тетігін әлі де табу керектігін назарға салды. Ал, бизнес иелері білім саласының мүмкіндігін өз кәсібіне пайдалануы керек. Сонда ғана маман бір жақта, кәсіпорын бір жақта қалып қоймайды. Бұл білім мен бизнестің өзара бірігуіне негіз салмақ.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Оқылды: 328 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 08 Қараша 2018 05:46

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C