Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 14 Қараша 2018 04:34

ҮЛГІСІ ОРТАҚ ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

     Қара халық қазыналы деп бағалаған Қазалы жерінде бір әулетте 22 адам ұстаздық қызметтің маңайына топтасқан. Ұстаздықты ұлы мұрат жолына байлаған осы әулеттің неліктен ұлы жолға қадам басқаны қалам ұстап, ерекшелік іздеген біздерге оң әсер етті. Оның үстіне ұстаз мәртебесіне қызмет ететін басылымның ұстаздар әулетінің ұстанымдары туралы қалам тербемеуі кәсібилігімізге сын деп, Қазалыға жол тарттық. Қазалы жұртына тегіс танылып үлгерген Сексенбаевтар әулеті біз барғанға дейін биылғы жылдың "Еңбек жолы" дәстүрлі еңбек форумында марапат алып, үздік әулет төсбелгісін таққан. Қызығы басыла қоймаған қуанышқа біздің де үлесіміз болсын деген ниетте Сексенбаевтар шаңырағына арнайы ат басын бұрдық.

    Ұстаздық жолға жан қалауымен келген әулеттің шамшырағы Күләйша Сексенбаева біз келеді дегесін өткен күндерден сыр шертетін суреттер мен осы кезге дейінгі түрлі басылымға шыққан газет-журналдарды жинастырып отыр екен. Шай үстіне әңгімеге шақырған ардагер ұстаз өткенді бірден еске алып, әңгіменің әлқисассын мектеп өмірінен өрді.

    - Мен 20 жасымда ұстаздық қызметке келдім. Жас болдық, тәжірибе жинау үшін балалардың тілін тауып, өзіңді сыйлата білуді үйрендік. 1966 жылы Әйтеке би кентіндегі №216 Қ.Сәтбаев атындағы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде ең­бек жолымды бастадым. Балаға жақын болғанымнан шығар, Күләйша апамыздың шәкіртіміз дегенді жиі еститін болдық. Баланың бәрі тәрбиеге көнеді. Тек мұғалім балаға жау ре­тінде емес, ішкі жан дүниесін айтатын сырласы ретінде қарауы керек,-деп сөзін сабақтады Күләйша Сексенбаева.

   43 жылын ұстаздық жолға арнаған Күләйша Сексенбайқызы - Кеңес дәуірінің білімге темірқазық ретінде қарайтын, тәртіпке негізделген жүйесімен жүрген ұстаз. Қызмет қуып, мансап жолына түскісі келмей, бала оқытуды жанына жақын деп танығандықтан да шығар, бір мектепте 25 жыл қызмет еткен. Қызмет баспалдағын тізбелейтін болсақ, 1968-1977 жылдары осы мектепте комсомол ұйы­мының хатшысы, 1977-1979 жыл­дары аудандық кеңес атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, 1979-1980 оқу жылында №216 Қ.Сәтбаев атындағы мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1980 жылдан 2005 жылға дейін аудандық оқушылар үйінің директоры қызметтерін атқарған.

   Расында, қос ғасырдың білім жү­йесін қатар көрген Күләйша апамыз бүгінде жетпістің желкесіне шыққан. Ағылшын тілінің маманы өзінен ерген іні, сіңлілерінің ұстаздық жолға қа­дам басуына жеке өзімнің ықпалым болды деп айта алмаймын дейді. Бәрі де мұғалімдікке жан қалауымен барған екен. Біз де қарашаңырақтағы ұстаздық әулеттің сырын ашуға асықтық. Ұстаздық қызметтің жанкешті мамандық екенін сол саланың ішкі әлеміне терең енген жандар біледі. Біз әңгімеге тартқан әулеттің жалпы еңбек өтілі 305 жылды құрайды екен. Қызмет қуған емес, тәртіп түзеген Сексенбаевтар жанұясында басты мұғалім Күләйша Сексенбаева. 25 жыл бір мектепте директорлық қызмет атқарған. Ұстаздың 3 баласының екеуі осы ұстаз болуды жаны қалаған. Қызы Аида Сансызбаева 14 жылдан бері ағылшын тілін мұғалімі болса, ұлы Қасым Сансызбаев биология пәнінің маманы, қазір №266 мектеп директорының орынбасары қызметін атқарады. Шай үстінде ұлы Қасым сөз арасында "Ұстаздың баласы болуға бекіндік. Себебі әулеттегі ұстаным мен тәрбиедегі көз көрген тәлім-тәрбие бізді де осы жолға жетеледі" деп сыр ашты.

     Негізінде Сексенбаевтар шаңырағы 10 отбасынан тараған. Басты ке­йіпкер Күләйша апайдан кейін сі­ңілісі, 4 інісі ұстаз болуға бекінген. Әр­қайсысы педагогикада өз жолын тапқан. Оқырман ойына салмақ салмау үшін жеке-жеке бөліп қарағанды дұрыс көрдік. Күләйша Сексенбай­қы­зының інісі Қанат Сексенбаев Қазалының Кәукей ауылындағы №225 орта мектебінде физика пә­нінен сабақ берген, ұстаздың тәжірибесі 25 жылға жеткен. Жұбайы Нәзігүл Тілегенова да мұғалімдікке мойын бұрған. №225 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұ­ғалімі болған. Болған деп айтуымыздың өз сыры бар. Тағдырдың жазуы шы­ғар, інісі Қанат пен жұбайы Нәзігүл әулеттің арасынан ерте кетті. Ұрпағын жалғаған екі ұлы Қаһарман мен Сәбит, қызы Айгүл де ұстаздықтан алыс кете алмапты. Ұстаздар әу­летін келін болып түскен Индира Бабаназарова да осы жолға қадам бас­қан.

    Отбасында Күләйша ұстаздан кейінгі сіңлісі Бибайша педагог болуға ұмтылмаған. Есесіне, ізінен ерген қос құлыны Нариман мен Мар­ғұлан есімді ұлдары да ұстаз болуды қалаған. Әулетке келін боп түскен келін де педагогика саласында тер төгеді екен.

     Қарап тұрсаңыз, әулеттің отын жағып, отбасының түтінін түзу етуге келген келіндері де ұлы жолдың мұ­ратында бірге келеді. Әлгіде айтқанымыздай, әулеттегі 3 қыздың соң­ғысы Маралша Сексенбаева да 5 жылдай тәрбиешіліктің тізгінін ұстаған. Алайда денсаулығына орай қызметтен кетіп, жеке шаруаға кіріскен. Бұтақтай өрген қара шаңырақтың ішінде нағашы жұрттың қарауында тәрбиеленген Күләйша Сексенбаеваның тағы бір інісі Абай мен жан жары Шара да мәртебелі мұғалім болуды жаны қалапты. Бірі технология, бірі биология пәнінен сабақ беретін олар­дың саладағы тәжірибесі ширек ғасырға жеткен. Мұнан кейінгі інісі Марат пен келіні Райхан да ұстаздық қызметтің жемісін жеуде. Екеуі де №189 мектепте балаларға тәлім дәнін себуде. Қызық болғанда Марат пен Райханның қос келіні де ұстаздық қызметтің жалынан ұстаған.

     Әулеттің тағы бір ұлы Бақыт Сексенбай мен жұбайы Роза Сексенбаева педагогика саласында өнімді еңбек етіп жүр. "Мерейлі отбасы" конкурсында бақ сынап, үздік ұстаздар әулетінің тағылымын көргенін үнемі мақтан ететінін жасырмады. Қазірде екеуі де №215 мектептің абыройын асқақ етуге қызмет етуде.

    Қазақ кенже баланы ерекше әс­петтеп, қадірлеген. Әулеттің сүт кенжесі Ғабит физика пәнін бағдарлап, білім ордасында қызмет етуде. Саладағы қалыптасқан тәжірибесі келесі жылы 15 жылға жуықтайды. Үлгісі ор­тақ үлгілі отбасының ұстаздық қызметтегі схемасы осындай. Шаңырақтан өрілген ұрпақтары оның ұл-қыздары, әулетке адал ниетімен келген келіндері де ұйыған отбасындағы берекені тәрбие мен тәлімнен алғандықтан, ұстаздық жолдың жауапкершілігі жоғары екенін сезеді.

    Әулеттің бас ұстазы Күләйша Сексенбаева бір шаңырақтан тараған отбасының ұрпақ оқытып, тәлім беруге тер төккені біздерге ерекше қуат сыйлайды дейді. Кейде жиын не бас­қосу бола қалғанда бір мектептің ұжы­мындай жинала қалып, педагогикалық кеңес өткендей әсер береді деп өткенге көз тастай қарады. Қазір­де бейнетінің зейнетін көрген Күләйша ұстаз балаға білім мен тәрбие қатар берілу керек деген ұстанымға тоқтайды.

    - Біз мектепте сабақ берген сәтте балаларды еңбекке епті етуге машықтандыратынбыз. Түгел сынып болып отаққа барып, күріштің масағын теруге балаларды апаратынбыз. Айдала, жапан түзде, ми қайнатар  ыстықта еңбек етіп, балаларға қара жұмыстың дәмін татқыздық. Қазір қит етсе, баланың құқығы дегенді желеу ететін болдық. Ол кездері ата-ана да баласының білімімен қатар еңбегіне де мән беретін еді. Тіпті ұс­таз мәртебесі қандай болуы керек деген бүгінгінің сұрағы мүлдем болмайтын. Меніңше, мұның бәрі идеологияның қалай десең де, жоғары болғанының ақиқаты шығар,-деп сөзін салмақтай кетті Күләйша ұстаз.

    Рас, келіспеске болмас. Еңбек озат­тарын тәрбиелеуде Күләйша Сексенбаеваның мектеп жанынан ашылған "Атамекен" оқушылар ұйымына біріктіру, талай шәкірттің жұл­дызын жағып, тәлімін түзуіне ұстаздық қолтаңбасы ерек. Осы жанкешті еңбекті бағалаған билік Күләйша Сексенбаеваға "Атамекеннің анасы" деген атақты берген.

    Бүгін мен кешегінің арасында қашанда айырма болатыны даусыз. Күн көлеңкесін жапқанға дейінгі еркін әңгімеде Күләйша ұстаз "бү­гінгі педагогикаға келетін мамандарды іріктеу керек" деген ойын іркіп қалмады.

    - Білімнің мазмұнының жаңарғанын қолдаймын. Бұрынғыдай емес, ұстаздар көрнекі құралдарды біздің кезіміздей қолмен емес, түрлі құралдармен жасап алады. Ізденіске керектің бәрі бір сәтте табылады. Дегенмен, ұстаздар арасында да балаға жанын салып, сабақ түсіндіре бермейтін ұстаздар жүр. Бұл ақылы оқудың жемісі. Педагог болатын балаға шығармашылық емтихан тапсыру керек. Ол ақылы оқытып шығатын мамандық емес. Себебі, ұстаз келешектің тұлғасын тәрбиелейді. Ал, ол тәрбиедегі сызат ертеңгі азаматтың өмірінің оң не теріс бағытта дамуына кесе-көлденең тұрып алады. Осы себепті де мұғалімдікті оқыту ісінде байыпты қадам керек,-дейді ардагер ұстаз.

    Зейнет төріне шыққан Күләйша ұстаз бүгінде бос қарап отырған жоқ. Өзі қызмет етіп, 25 жыл басшылық тізгінін алған мектептің ардагері ретінде оқушылармен де жас педагогтармен де кездесіп тұрады.

    Ұстаздардың әулетін ұрпаққа үлгі етуді парыз санадық. Санаға тоқыған ойлар да аз болмады. Бастысы, ардагер ұстаздың шаңырағындағы ұлағат тәрбиесі кейінгі буынға ұстаз беделінің қашанда жоғары болып қала беретінін дәлелдеп тұрғандай.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

  

Оқылды: 469 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 14 Қараша 2018 04:52
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жаңа ғасыр жастарына жігер КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C