Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 14 Қараша 2018 05:17

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауында егемен еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарына, экономикасының қарқынды дамып келе жатқан мемлекет құ­рыл­ғанына және Қазақстанның халықаралық беделінің артып, аймақтағы геосаяси ролінің кү­шейгенін атап өтті. Сонымен қа­тар, соңғы кездері әлемде жүріп жатқан күрделі өзгерістерге байланысты жаһандық сын-қатерлерге төтеп берудің кепілі елдің басты байлығы - адамның даму мәселесі екеніне тоқталды.

    Бұл маңызды құжатта Елбасы ең алдымен Қазақстан хал­қының әл-ауқатын арттыруға, халық табысының өсуіне, тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған міндеттерге басты назар аударып, оны жүзеге асырудың тетіктерін жан-жақты баяндап, нақты тапсырмалар берді.

   Жолдауда білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелерінің әрбір қазақстандық отбасы үшін маңыздылығы айырықша айтылған. Осыған орай, Үкі­метке 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салалары­на барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 10 пайызына дейін жеткізу қажеттілігі тапсырылды.

  Дүниежүзілік Банктің мәліметі бойынша, ІЖӨ-ның білім саласына бөлінген пайызы жағынан, әлем елдерінің көрсет­кіштері төмендегідей: Куба-18,7%; Дания-8,7%; Малайзи­я-8,1%; Швеция-7,7%; Финляндия-6,8%; Россия-3,8% және Қа­зақстан-3,5%. Елбасының еліміздегі ІЖӨ-ның 10%-ын білім, ғы­лым және денсаулық саласына бөлу туралы тапсырмасы жа­ңа технологияларды батыл игеруге, роботтандыру мен автоматтандыруды өмірдің барлық дерлік саласына кеңінен ендіруге және адам капиталының сапасын арттыруға жаңа қар­қын берері сөзсіз.

    Жолдауда мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігі баса айтылған. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы бас­қа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажеттілігі Үкіметке тапсырылды.

    Халықаралық зерттеулер адам баласы жан-жақты дамуы үшін оған 3-6 жас аралығында берілген тәрбие мен білімнің аса маңызды екенін айтуда. Және зерттеулер осы кезде баланың дамуына құйылған инвестиция ең тиімді инвестиция болып саналатынын, 1 доллардың қайтарымы 5 долларға тең еке­нін көрсетуде. Яғни, 1 млрд. доллар жұмсалса, қайтарымы 5 млрд.доллар.

    Сондықтан, 2010 жылы елімізде Елбасының тікелей тапсырмасымен 2020 жылға қарай 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен 100 пайыз қамтуды көздеген "Балапан" бағдарламасы қолға алынған болатын. Бұл бағдарламаның республикада бірінші болып біздің аймақта 2015 жылы орындалғанын ерекше атап өтуіміз қажет.

   "Өрлеу" Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2012-2018 жылдар аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 2947 қызметкері біліктіліктерін арттырды. Тыңдаушыларға курс аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әдістемелік жұ­мысты ұйымдастырудың аспектілері, бала дамуының негізгі ин­дикаторлары және инновациялық технологияларды (М.Монтессори технологиясы, Альтшуллердің ӨТШТ технологиясы, ерте жастан дамытудағы Н.Зайцев және Г.Доманның дамытушы әдістемелері және т.б.) білім беру процесіне ендіру жайлы ақпараттар беріліп, тәжірибелік жұмыстар жүргізілді, шеберлік сыныптары көрсетілді.

    Мемлекет басшысы Жолдауда орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленгенін, қазір солардың орындалуына баса назар аудару қажет екенін айта келіп, Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі еліміздегі барлық мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуы және білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттар­ға сәйкес жүргізілуі тиіс екені нақты тапсырды.

   Елімізде 2016 жылдан бастап орта білім жүйесінде білім мазмұны жаңартылған бағдарламалар бойынша біліктілік арт­тыру курстары жүргізілуде. 2016-2018 жылдар аралығында Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 8952 мұғалім осы бағдарламалар бойынша біліктіліктерін арттырып, қазіргі таңда аймақтың білім беру саласында табысты еңбек етуде.

   Бұл бағдарламалар көмегімен оқушылар қоғамда өмір сүруге; алған білімдерін өмірде қолдана алуға; идеялар мен көзқарастарды бөлісуге; өз бетінше әрекет етіп, шешім қабылдауға; сыни тұрғыдан ойлай алуға; ғылыми-зерттеушілік және жобалау жұмыстарын кешенді бағдарламалар негізінде жүргізе алуға үйренеді және дағдыланады.

    Қазіргі таңда "Өрлеу" БАҰО" акционерлік қоғамында, оның барлық филиалдарында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтеріне, инклюзивті білім беруді дамыту бағытында арнайы коррекциялық интернаттық ұйымдар тәрбиешілеріне, работотехниканы дамытуға және "Өлкетану" пәні бойынша жаңа білім беру бағдарламалары жасалынып, еліміздің ұстаздары біліктілік арттыру курстарында жаңа мазмұн негізінде жаңа технологияларды игеруде.

    Алдағы уақытта институт ұжымы Елбасы Жолдауындағы Қазақ елінің кемел келешегінің кепілі болып табылатын мін­деттерді орындау бағытында жұмылып еңбек ететін болады.

Бауыржан Елеусінов,

"Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы

Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ директоры,

профессор

 

Оқылды: 643 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « ҮЛГІСІ ОРТАҚ ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C