Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 14 Қараша 2018 05:22

Банктер бәсекесінде кім бірінші?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

     Банк бергенше, біз алғанша асықпыз. Бұл банк пен халықты бір арнаға тоғыстарған тәмсіл. Қа­жетті қарызды несиеге рәсім­деп, пайыздарды төлеуге көндік­кен халық бүгінде банк алдында берешек. Бір банктен екінші банк­­ке қарыз алып, несиесін несиесімен жабуға көшкен тұрғындардың дені бүгінде банк қызметіне қатысты толық пікір айта ала­тын уақытқа жетті. Қызметін пайдаланып, сервисін саралап үлгерген халық бір-бірінен асқан банктерге таңдау жасап, қызметтерін үйден де отырып сынап көр­­ді. "Халық үшін тағы не істей аламыз?" деп жайлы жарнамасымен өзіне тартып алатын банктер де шынайы бәсекеге түсті бүгін. Несие берудің сан түрлі жолдарына қатысты қызметтерді жаңартып, халықты өзге банктен жұ­лып әкетуге әзір. Дегенмен елдің таңдауы нарық уақытында банктердің де қызмет аясын анықтап беруге мүмкіндік береді.

    Сөздің басын банкпен бастауға себеп те жоқ емес. Екі айдан бергі уақытта оқырман үшін ғана емес, әлеуметтік желіні қолданушымын деген әрбір азаматқа әрбір өнімді сараптап, шынайы пікір қалдыруға мүмкіндік беретін "Халық таңдауы" айдарын аштық. Уақыт өте келе, дауыс берушілердің қатары артып, пікір­лер толастап жатыр. Бұл жолы банктерді де бәсеке алаңына жи­дық. Ел қызметін тұрақты пайдаланатын 5 танымал банкті таңдап, пікір сұрадық. "Халық" банкінен басталған тізім "Форте", "Каспий", "Сбербанк" банкілерімен жалғасып, "Хоум кредит" бан­­­кімен аяқталды. Әрине, әр банк­­тің өз тұтынушысы бар. Мақсат банктерді жарнамалау емес. Елдің пікірін тыңдау, назы болса, сынына құлақ түру. Айт­қандай ақ, әлеуметтік желіге сал­ған сауалнаманың аз уақыт ішінде пікірлер есе кетті. 

    Халықтың сан түрлі ойлары банктердің қызметтеріне де әсер етеді. Себебі бұрындары қарыз алып, енді соны қайтаруға асық ағайынның жағдайын сұрайтын банктерге де тұрғындардың айтары аз болмады. Таңдау таразысына түскен банктердің ішінде "Каспийге" көңіл бөлгендердің қатары қалың болды. 100-ге жуық пікірдің арасында әрбір банктің қызметіне тоқталғандар да табылды.

   "Заттай алғанға "Каспий", ақ­шалай алғанға "Форте", депозит сақтағанға "Халық", шетел асып қыдырғанға "Сбербанк" банктері тиімді" деп пікір қосты Баубек Ержан есімді желі қолданушы. Ал, инстаграм желісінің қолданушысы Гүлмира Нұрмаханова "Каспийдің" қызметіне кө­ңілі толатынын ашып айтыпты.

    - "Каспий" банк қай жағынан да тиімді әрі ыңғайлы. Терминалдары көптеген дүкендерде орналасқан. Ақ­шаңды шешіп алу үшін банкомат іздеп әуре болмайсың. Кез келген банктен алу­ға мүмкіндік бар, комиссия ұсталмайды. Мобильдік қосымша ар­қылы барлық коммуналдық төлемдерді үй­де отырып жасай бе­ре­сің,- деп ой қосты.

    Пікірлер сан түрлі. Банктердің бір-бірінен қызметі асып тұрған шақта бірқатар банктердің бірігіп, тек бір банк арқылы реттеуге көшті. "Казком" мен "Халық" банктерінің бірлесуін айтып отырмыз. Желіде жазба қалдырғандардың бірінде осы қызметтердің сапасын сын тезіне салғандар да табылып қал­ды.

   - "Халық" банкі мен "Казком" қо­сылғалы бері "Казкомда" қолжетімді цифрлы технологияларымыз ғайып болды. Хабарлассаң, біт­пейтін техникалық ақаулар. Оның қа­сында "Каспий" жақ­сы. Сұрағаныңды береді, пайызы жоғары болса да. Үйден шықпай, интернет арқылы тапсырысыңды да қабылдап отыр. Сосын "сіз үшін тағы не істей аламыз?" деп сұрақ қояды. Тағы дамытуға арналған бірдеңелер ойлап тауып, ұсынсаң, оны да іске қосып қоятын түрі бар. Мі­ніл­ген көлікке дейін рәсімдеп беріп жатыр. Одан артық не керек?

    Айтпақшы, басқа банктердің көбі долговой центрға сыртыңнан сатып жібереді. Ал, "Каспий" сыртыңнан рефинансирование жасайды, туысыңа ызбандайды, әй­теуір тырбаңдайды, түбі төлеп бі­тесің. Сонысы жақсы. Басқа банк­тер саған "сені коллекторскийге сатып жібердік" деп айтпайды да, кейін әлдекімдер хабарласады, со­сын қайда екені белгісіз әйтеуір бір шотқа төлеп жүресін" деген пі­кір қалдырды журналист Дәулет Қырдан.

    Несие алып, оны кестеге сай төлеп келген тұтынушылар да банк­тердің қызмет сапасына өз уәждерін де желі арқылы жазып қалдыруда.

    - "Халық" банкінен көңілім қал­ды. Несиені уақытынан бұрын жапсаң, пайызы алынбайды. Ал, ақша беру үшін мың сан есік тоздырасың. Төлеуің де проблема.

    "Хоум­Кредит" банкі ерте жапсаң, пайызы қысқармайды, ал "Форте" банк қалтаңа бір түссе түбіне жетіп бір-ақ тоқ­тайды. Есесіне, "Каспий" бан­кіне кез келген жерде тө­лей­сің, қо­сым­шасы да жеңіл, ыңғайлы,- дейді Еркеқыз Кенжетай.

    Банк - өз алдына қаржылық ұйым. Несие шарттарын өздері бекітетін банктердің арасында халық көрші Ресейдің "Сбербанк" банкісінің қызметтері қолжетімді деген де ойларға салмақ салды. Сонымен, 5 күнге жал­ғасқан сауалнамада дауыстың басым бөлігін алып, тізімнің төріне "Каспий" шықты: 69 пайыз. Халық лайық деп тапқан, 22 пайызды межелеген "Сбербанк" екінші орыннан көрінді. Ал, "Халық" банкі 7 пайыз­бен үздік үштікке жармасты. Тауар алуға тиімді банк деп есептейтін халық төртінші орынға "Хоум Кредит" банкін лайық деп таныды. "Форте" банкіне таңдау да, пікір де қалдырылмады. Дегенмен, бұл аталған банктің тұтынушылары аз деген сөз емес.

   Желіге жүктелген пікірлерден аң­ғарғанымыз, халықтың пікір­лері бір-бірлерімен үндесіп жатты. Сервисі мен қызметіне, пайыздық төлемдері мен бонустарына қы­зыққан халық "Каспий" банкін бі­рінші банкке бағалап отыр. Демек, халық таңдауының нәтижесі алдағы күндері банктердің басшыларын ойландырып, қызмет сапасы мен шарттарды қайта қарап шы­ғуға жетелейді деген сенім бар.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Оқылды: 813 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C