Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 05 Желтоқсан 2018 09:34

МИФ – МӘРЕДЕ БІРІНШІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    

  Жарнама - тауарды сатудың төте жо­лы. Бағасы мен дизайны көз арбайды. Сауда сөрелеріндегі түрлі өнімнің өтімділігі халықтың сұраны­сымен өлшенеді. Ал, нақты халық таңдауының бір өнім түріне таңдау білдіруі үшін арнайы ана­лиз­дің ке­регі анық. Әр аптаның са­уалына ай­налған "Халық таңдауы" айдарын да халықтың пікірлері то­ластамай тұр. Бірі өнімдерді таң­дауда ұсыныс біл­діріп жатса, ендігі бірі редакция таңдауына ой қосуда. Үш айға жуық уақытқа жақындап қалған таңдау та­разысында тұр­мыс­тық техника, азық-түлік өнім­дері, танымал бренд­тер­ді топтас­тырдық. Бұл аптада үй тұр­мысына қажетті кір жуу ұнтақ­та­рының өнімдерін оқырман назары­на ұсындық.

    Қандай жағдай болмасын, тұты­нушыға киімнің тазалығы үшін ұн­тақ­тың рөлі маңызды. Сондықтан тауарға баса мән беріп қараған артық ете қоймайды. Әдеттегідей, бес бір­дей тауар түрлері ұсынылды. "Tide", "Persil", "Миф", "Ariel", "Ушастый нянь" таңдаулы бестігіне дауыс бе­ру­шілердің қатары аз болмады. Көшті бастаған "Миф" ұнтағы бірден көптің назарын аудартты. Ел­дің басым бөлігі бұл ұнтақтың ба­ғасымен қатар сапа­сының көңілге қонымды екенін жа­сы­ра алмады. Екінші және үшінші орынды екі бірдей кір жуғыш ұнтақ еншіледі. "Tide" пен "Ушастый нянь" ұн­тақ­тарына дауыс берген тұрғын­дар са­па жағынан қос бірдей кір жуғыш ұнтақтардың баға айырма­шылы­ғында өзгеріс барын жасыр­мады. Ал, сапасы жағынан бір-бірі­нен басып озбаса, кем түспейді. Бір аптаға созылған сараптама бары­сын­да төртінші орынға "Ariel" ұнта­ғы­ның тұты­нушылары да белсенді бола білді. "Persil" ұнтағына желідегі қолда­нушылар пікір де, дауыс та бер­меді. Десе де, аталған тауардың тұты­нушылары тым төмен деген сөз емес.

  Пікірлер де сан алуан. Айталық, Аида Мырзалиева "ұнтақтардың бар­лығы бірдей, қай түрін алсақ та, айыр­машылығы жоқ" десе, Самал Аман­қызы "Tide" ұнтағы тұрақты пайдала­натынын тілге тиек етті. Жалпы үй шаруасындағы әйелдер ғана емес, қыздар да ұнтақтардың сапасы мен сынына қатысты пікір­лерін желіге жазды. Сонымен, таң­дау таразысына түскен бұл аптадағы қорытындыда "Миф" үнтағы халық таңдауына ие болды.

    Халық таңдауына ұсынылған әрбір тауар жарнама мақсатында жарияланып жатқан жоқ. Мақсат - елдің пікіріне құлақ тосу, сыны болса оған мән беру. Бірнеше айдан бері өнімдерді сараптау барысында тұрақты оқыр­мандар қалыптасып үлгерді. Жыл аяғына дейін әлі 3 тауар түрлерін сарапқа саламыз. Сон­дықтан да пікір қалдырып, ой білдіре отыры­ңыз, оқырман!

Абзал ЖОЛТЕРЕК 

Оқылды: 244 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C