Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 05 Желтоқсан 2018 11:25

Болашаққа нық қадам

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Елбасының соңғы жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы осыған дейінгі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың" заңды жалғасы ретінде барша зиялы қауым тарапынан кең қолдау тапты.

   "Тарихта өткенді еске алу үшін ғана емес, сонымен қатар келешегімізді бағамдау үшін де еріксізден кешегімізге көз жеткізетін тұстар бар", - деген Елбасының қағидаты ұлы дала перзенттерінің өзінің өткенін дұрыс танып, құрмет сезімдерінің қалыптасуына ықпал ететіндігін меңзейді.

   Елбасы мақаласының ерекшелігі сол, алдымен ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт өлшемі жөніндегі толғауларын айта ке­ліп, Ұлы дала өркениетінің жеті қырын айшықтайды, олар: атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, "аң стилі", Алтын адам, Түркі әлемі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстанның алма мен қызғалдақтар отаны екендігі.

    Мақала мазмұнының тағы бір маңыздылығы - біз тек кім екені­міз­ді, өткен тарихымызды танып қана қоймаймыз. Алдағы уақытта зерттейміз, зерделейміз. Ол үшін Елбасы өз мақаласының екінші - "Тарихи сананы жаңғырту" атты бөлімінде бірнеше ау­қымды жобалар ұсынып отыр.

   "Архив - 2025" жетіжылдық бағдарламасы, "Ұлы даланың ұлы есімдері" атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, "Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін" жобасын қолға алу, "Ұлы дала" атты ежелгі өнер мен технологиялар музейін ашу, "Дала фольклорының антологиясын" жасау, тарихтың кино өнері мен телевизияда көрініс табуы - міне, Ұлы даланың жеті қы­рын зерде­леу­дің айқын бағыттары осылар.

    Елбасы мақаласындағы "Отаншылдық тәрбие беру мектеп қа­бырғасынан басталуға тиіс" деген ойлар бізге етене қатысты. Себебі, біз мектептерге кәсіби мамандар дайындап жатқандықтан, айтылған жоба, бағдарламалар аясында өз жұмысымызды жаңаша үйлестірудің де маңызы зор.

    Біздің студенттеріміз ақпараттың көп бөлігін әлеуметтік желілерден, ғаламтордан алатыны бел­гілі. Сондықтан да заманауи технологияны пайдалана отырып, әлемге танымал блокбастерлер мен фэнтези жанрында ұлт­тық ерекшелігімізді айқындайтын тарихи фильмдер түсіріл­се, технологияның ең соңғы заманауи үлгі­лерін қолдана отырып, мазмұны ерекше көрмелер ұйымдастырылса, жастардың қызығушылығы артары да сөзсіз.

   "Ұлы даланың жеті қыры" ұзақ жылдарғы тереңнен қозғалған ой толғанысының, толассыз ізденіс­тің, қажырлы қайраткерлік ең­бек­тің, көшбасшылық қасиеттің, қиян асуда қия баспай өркениеттің өскелең жолын таба білер­лік даналықтың нәтижесі екенді­гін сөз етеді. Мемлекет басшысы атап отырған жаңа жобалар сөзсіз тарих ғылымының дамуына мұ­рын­дық болып, қазақстандықтардың арасында тарих іліміне деген қы­зығушылықты арттырады. Қытай, Иран, Түркия, Ресей мен тағы бас­қа елдерде зерттеушілер мен тарихшылардың қолы тимеген тарихи мағлұматтар әлі де сақтаулы десек, олардың бәрін де ғылыми айналымға енгізу отан­дық тарихты терең түсінуге сеп болары хақ. Мақаладағы тың бастамаларды басшылыққа алып, жастарға те­реңі­нен насихаттау - зиялы қа­уым, оның ішін­де ұстаздардың басты мінде­ті. Әсіресе, тарих және қо­ғамдық ғылым оқытушылары осы мақала мазмұнындағы маңызды ойларды пайдаланып, шә­кірт­те­рі­нің тарихи санасына сер­піліс жасауға бет бұрғандары дұ­рыс. Ен­дігі жерде шәкірттерге өткен тарихты тек жаугершілік, үрейлі оқи­ғалармен ғана емес, біздің әлемдік ғылымның, мәдениеттің дамуына үлес қосқан халық екендігімізбен байланыстыра жеткізу керек. Осы тұста ұстаздардың өзі ескі тарихи тұжырымдардан құ­ты­лып, өздерінде жаңашыл көз­қарас қалыптастырулары қажет.

    "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасының аясында оқу орындарында қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу арқылы жастарымыздың санасына жақсы сер­пін беріп, өткенді бағалауға, келешекке нық қадам жасауға мүм­кіндік береміз.

    Біздің ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын халық ауыз әдебие­ті үлгілерінің таңдаулыларын жи­нақтау да Елбасы назарынан тыс қалмаған. Аталған мақалада Ұлы дала мұрагерлерінің өткен ғасырлардағы үлгілерінің "Дала фольклорының антологиясы" жобасы аясында жинақталатыны айтыл­ған. Бұл - бүгінгі және келер ұрпақ алдындағы тәлімі мен тәрбиесі мол мәдени мұра болары сөзсіз.

   Стратегиялық сипатқа ие бұл мақала көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қа­былдауға шақырады. Яғни, әлем­дік өркениетке қосқан үлесіміз бен жаһандық даму үрдісіне тигіз­ген зор септігімізді қайтадан зерделеп, дүниежүзіне жаңаша дә­ріп­­теуге үндейді. Шын мәнін­де, біздің Ұлы даламыздың ға­лам­дық мәдениетпен өркениетте өзіндік орны бар. Оған еш­кімнің таласы болмауы тиіс. Тек соны нақтылау үшін алдымен, оның мәні мен маңызын өзіміз жете түсініп, тү­сінуіміз керек.

    Белгілі абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов аталған мақала төңірегінде өз ойын сабақтай келе, тарихи сананы жаңғырту, жұртқа жариялау - үлкен ерлік екендігін айтады. "Біз көп жағдайда Еуропаға еліктейміз. Еуропа рухани азық беруден қалған. Енді оларға оны біз бере бастаймыз. Яссауидің ілімі, Абайдың "Толық адам" ілімі, Шәкә­рім­нің "Ар ілімі" олардың қолында жоқ. Сонда ұққаным, адамды жаман қылықтан тазалаудың құралы бізде екен. Сондықтан, осы бай тарихымызбен, мұрамызбен неге мақтанбасқа?!", - деді ол.

    Елбасы мақаласы - өткенімізді зерделеп, оны бүгінімізбен байланыстырып, ертеңімізбен сабақ­тас­тыра отырып, жастар санасында болашаққа деген позитивті көзқарас қалыптастыруға жол ашады.

    Бүгінгі біздің жастар әлемдік білім кеңістігіне еркін еніп, заманауи трендтермен сабақтасқан ұлттық мәдениет тағылымдарынан тәлім алып келеді.

   Міне, осы ұрпақтың цифрлық кеңістікте жаңа ақпараттарды пайдалану барысында өз тарихи тамырынан айырылып қалмайтындай, оларда төл тарихына құрмет, мақтаныш сезімін орнықтыра отырып, тәрбие беру - басты парыз.

   Бүгінгі жасалып жатқан қандай бір дүние болмасын, ол - болашаққа аманат, келешек ұрпақтар игілігі үшін. Сондықтан да атал­ған жобаларға жастарды белсенді қатыстыруымыз керек.

Гүлзира Бахадурова,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің

тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Оқылды: 461 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « МИФ – МӘРЕДЕ БІРІНШІ ІТ НАРЫҚ, ТЫҢ ИДЕЯҒА АСЫҚ »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C