Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 05 Желтоқсан 2018 13:25

ІТ НАРЫҚ, ТЫҢ ИДЕЯҒА АСЫҚ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

   ІТ нарық жаңа сұранысты қажет етеді. Бұл идеясы бар, алабөтен ойлайтын жастарға үлкен мүмкіндік. Мүмкіндікті мүлт жібермей, жобаларын әліден жүзеге асыруға ниетті жастар қаладан ашылған ІТ парк алаңында жиі бас қосады. Ай­мақтың экономикасына, бизне­сіне оң ықпал ететін жобаларды талқылайды. Дегенмен, бір емес бірнеше идеяны әрі қарай ұштау үшін шынайы бәсекенің қажеттілігі анық. Бұл ретте ІТ саласының ма­ң­айына топтасқан жанашыр азамат­тар жас буынға бағыт-бағдар беру әрі технологияға қызығатын жастарды ортақ алаңға жинауда түрлі байқау ұйымдастырып келеді. Жексенбі күні ақпараттық технологиялар бағытында HACKATON 2018 "Jastar&IT" байқауы 50-ге жуық жасты жинады. 6 бағытта өткен идеялар байқауында университет, мектеп қабырғасындағы ІТ саласына қызығатын жастар өз жобаларын қорғады.

    Веб-сайт аталымында жастар Қызылорда қаласының даму деңгейін даралайтын, көрікті жерлері мен басты нысандарын әйгі­лейтін ақпараттық сайт әзірлеуі керек. Сонымен берге жастар ресурстық орталығына қажетті идея­сы үздік сайтты жасау тапсырмасы берілген. Бірінші бағыт бойынша оннан аса сайт қазы­лар­ға ұсынылды. Үздігі қаржылай қолдау тауып, ақпараттық нарыққа жол тартады.

  Екінші бағыт виртуалды қо­сымша шыңдық аталымына 2 жо­ба ұсынылды. Бірі әріптердің көмегімен оған витруалды түрде жан бітірсе, ендігі бір жан-жан­уарлардың суреттері арқылы жан­уарларға виртуалды жан бітеді. Бұл аймақта әлі қолға алына қоймаған бағыттың бірі.

    ІТ бағытындағы негізгі сынның бірі 3D жобалау және 2D анимация кезеңдеріне де түрлі жобалар қорғалды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алаң­қай, болашақ бизнес кешендерді 3Д форматында әзірлеген студенттер жобалар келешекте іске асса, өз-өзін қаржыландыра алады деп есептейді. Мультипликация жанрында да оқушылар қарапайым қағидаға негізделген мультфильмдерді ойлап жүзеге асыр­ды. Мұнан өзге мобильді қо­сымша бағытында да айтарлық ізденістер бары байқалды. Бір-біріне бағыттас жобалардың болғаны да жасырын емес. Дегенмен, түрлі мобильдік қо­сымшаларды оқушылар бір тәулікте жасап шығарған. Қазылар алқасы бейнероликтерден де тың идея табуға асықты. Фантазиясы ерек, айтар ойы ықшамдалған бей­нероликтерде де бірқатар программалар пайдаланылған.

    4 сағатқа созылған конкурста қазылар бұрын-соңды көрмеген, аймақ үшін керекті жобаларды қаржыландыру үшін байқауды ұйымдастырып отырғанын айтады. Қазақстан ІТ мамандары ассоциациясының директоры Нұрлан Құлмырзаев "басты мақсатымыз ақпараттық технология­ны қолданбалы әрі пайдалы ету" дейді бізбен әңгімесінде.

    - Конкурс негізі Қызылорда қаласының тұрғындары арасында өтіледі деп жоспарланған еді, алайда әлеуметтік желіге тарал­ған хабарландыруды көріп, облыс тұрғындары ғана емес, басқа облыстардан да қатысуға ниет білдіріпті. Мысалға, Астана, Тараз, Алматы, Қарағанды қалаларынан қатысушылар өздерінің жобаларын ұсынып жатыр. Бұл Хакатонның өткізіліп отырғаны бірінші рет емес. Осыған дейін де, қазан айында бизнеске арнал­ған IT тақырыбында өткен еді. Осындай жарыстардың нәтижесінде, бизнесмендер, тапсырыс берушілер өздеріне сапалы, креативті командаларды танып, солар­ға тапсырыс бере алады,- дейді Нұрлан Құлмырзаев.

    Жақында ғана құрылған облыстық цифрлық технологиялар басқармасының ақпараттық технологиялар орталығының директоры Сәбит Ибадулла "жастардың идеясын бір орында қалдырып кетпеу үшін қаржы тартуымыз керек" дейді. Ал, үздік жобаларды анықтап, жастар арасында адал бәсекелестікті қыздыру үшін түрлі конкурстардың керек екенін назарға салды.

     50-ге жуық жастың басын біріктірген сында тек қаланың ғана емес, бірқатар аудандардың оқушылары да бақ сынады. Тіпті онлайн скайп желісі арқылы Қарағанды, Астана, Тараз қалаларының жастары өз жобаларын қорғап, ІТ бағытындағы істерін көпке ұсынды. Қазылар алқасы да әр бағыт бойынша үздіктерге қаржылай сыйақылар табыстап, өзге де көкейден шыққан жоба авторларына сыйлықтар табыс етті.

    Мақсат - жастарды тек жарыс­тырып ғана қоймау, мықтыларды өзара анықтау. Идеясы қонымды жобаларды нарыққа шығару, билік пен бизнес сектордың назарын өзіне аудару. Әйтсе де, жастар өздерінің кемшін қалған жобаларын қайта шыңдап, бәсекелестікке төтеп бере алатын арнайы алаңда шыныға бермек.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Оқылды: 582 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Болашаққа нық қадам

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C