Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 20 Қаңтар 2017 09:11

САҒАДИЕВКЕ ЖОЛДАНҒАН САУАЛ ата-аналардың наразылығын неге тудырды?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

     "Елдің ертеңі білімді жастардың қо­лында" деп, келер ұрпаққа артылған се­нім жоғары. Әлемнің дамыған елдерінің қатарына ену үшін өскелең жастардың білімді болуы да маңызды. Сол себепті жаңа ғасырдың жастары біліммен қарулануы қажет. Дегенмен, жас толқынның білім деңгейін арттырамыз деп, ар­тық кетіп жатқан жоқпыз ба? Ал олай болмаса, білім реформасына енгізіліп жат­қан өзгерістер мен жаңашылдық­тар­ға ата-аналар не себепті наразылығын білдірді? Неліктен алматылық ана Білім және ғылым министріне видеоүндеу жолдауға мәжбүр болды?

    Бір жұма бұрын алматылық ата-ана Салтанат Тәжиева әлеуметтік же­лі арқылы ҚР Білім және ғылым министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлына тікелей видеоүндеу жолдаған болатын. Мұнда ана бастауыш сыныптағы оқу бағдарламаларының бірінші сынып оқушысы үшін күрделі екендігін айтып, ондағы кездесетін мәселелерді тізбектей келе минис­т­р­ге бірнеше сауалдар қойған. Бұл тек жал­ғыз ананың жанайқайы емес, қазақстандық ата-аналардың көке­йінде жүрген өзекті мәселе екендігі байқалды. Себебі, Салтанат Тәжиеваның фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялан­ған видеоүндеу 170 мыңға жуық қа­ра­лымға ие және 11 мыңнан астам қол­­­данушы парақшасында бөліс­кен. Бұл үлкен көрсеткіш. Министр­дің жазбаларын желі қолданушылар дәл осылай қарайды ма екен?! Ал, бей­­­не­жазбада айтылған мәселеге қа­тыс­­ты қолдау көрсетіп, пікір білдіру­ші­­лердің қатары қалың. Айналып кел­­ген­де, пікір білдірушілер баланың құ­­қығы ескерілмегендігін алға тартады.

     Желілерде қызу талқыланып жат­қан видеожазбада Салтанат Тәжиева оқулықтардағы олқы тапсырма­лар­ды атап көрсеткен. "Мектепалды даярлық сыныбында оқитын 5 жастағы балаларға арналған "Қоршаған ортамен таныстыру, экология негіздері" оқулығындағы "Қызыл кітап­қа енетін қазақстандық құстарды белгілеңдер" делінген. Ал, енді жасы әлі алтыға тола қоймаған бала "Қызыл кі­таптың" не екенін қайдан біледі жә­не оған кіретін құстарды қалай атап бере алады? Бұл сұрақ баланың жас ерекшелігіне қаншалықты сәйкес келеді?"- деген ол бейнежолдауында. Сонымен қатар, Салтанат Тәжиева бірінші сыныптың "Жаратылыстану" пәнінде кездесетін физика, химия, биология секілді тағы да айтылмай кеткен бірнеше салалардың сұрақтары әлі де әріп танымайтын, жасы енді ғана алтыға толған балалардың қалай жауап беруі қажеттігін сұрай келе, мұндай сауалдардың көп екендігін тілге тиек еткен.

   Бұл ананың министрге жолдаған сауалдарының бір бөлігі, мұнан кейін ол бірінші сыныпта оқитын оқушының сөмкесінің салмағына тоқталады. Алты жасар бала норма бойынша екі келіден артық салмақ көтермеуі керек. Ал, бірінші сыныпта оқитын оқушының сөмкесінің салмағы оның күн­делікті оқулықтары мен дене шынықтыру пәніне арналған формасымен қоса есептегенде алты килограммнан асып кететіндігін жеткізеді алматылық ана. Бұл бүтін бір ұрпаққа ергежейлік қаупін тудырып тұрған мәселе екендігін айта келе ол, мұнан кейін мұғалімдердің қағазбастылық жұмыстарына тоқталады.

   Сұрақ жауапсыз қалмады. Әлеуметтік желі арқылы министрлік тарапынан уәж де айтылды. Біз де ата-ана­ның көтерген ділгір мәселесіне орай Қызылорда облыстық білім басқармасына хабарласып, басқарманың тәрбие жұмыстары бөлімі инспекторы Сұлушаш Сапарбаевадан сұрағанымызда, ол жауап ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің парақшасына сілтеме жасау арқылы Қызылорда облыстық білім басқармасының фейсбуктегі парақшасында жарияланғандығын айтты.

     Енді жауап мазмұнына үңіліп көрейік.

     Салтанат Тәжиеваның бейнеүндеуіне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің тапсырмасымен ресми жауап әзірленіпті. Сондай-ақ, министрліктің фейсбуктегі ресми парақ­ша­сында төмендегідей мәлімдеме жа­салған: "Ең алдымен, мектеп оқу­шы­сы мен бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасына барынша мұқият қараған Салтанат ханымға алғысымызды білдіргіміз келеді. Ал, бейнежазбадағы сауалдарға әлеуметтік желі арқылы бастауыш сынып мұға­лі­мі және оқу бағдарламасын жасаушы Қаламқас Қадырбекқызы Байтенова жауап береді.

     Қаламқас Қадырбекқызының айтуынша, бүгінгі таңда балаларды оқу мен жазуға ғана емес, сонымен қатар мектепте алған теориялық білімін іс жүзінде пайдалана білуге де үйрету аса маңызды. Жаңа оқулықтардың көздеген мақсаты да осы. Мәселен, "Жаратылыстану" пәнінде химия, физика, биология сияқты күрделі пән­дердің материалдары беріледі. Жаратылыстану бағытындағы жаңа оқу­лықта осы материалдардың барлығы балаларға түсінікті және қарапайым тілмен баяндалған. Ол үшін оқулықты даярлау ісіне бастауыш сы­ныптарға сабақ беріп жүрген тәжірибелі мұғалімдер қатыстырылған".

    Сонымен қатар, мұғалімдерді қағазбастылық жұмыстарының көп­тігін айтқан Салтанат Тәжиеваның бұл мәселесіне Қаламқас ханым мұғалімнің портфолионы толықтырып отыруы керектігін және оның бала үшін маңыздылығын жеткізді. Себебі, ата-ана осы арқылы жаңа бағдарламаны қаншалықты меңгеріп жатқанын бақылап, жетістіктерін қадағалай алады деген пікірде.

    Сондай-ақ, бірінші сынып оқушысының әрбір оқулығы мен жұмыс дәптерінің салмағына жеке-жеке тоқталған Қаламқас Қадырбекқызы оның бүгінгі техникалық, гигиеналық талаптарға толығымен сай келетінін айтты. Сондықтан да баланың аптасына 5 күндік сабақтарына апаратын оқулықтарының ешқандай ауырлық та, қиындық та тудырмайтындығына сенімді жауап қайтарды.

   Дегенмен, ресми мәлімдемені тыңдап шыққан Салтанат Тәжиева мұнымен еш келіспейді. Сол себепті де ол министрлікке сөмкенің ішіне салынған оқулықтар мен қажетті құралдарының салмағын өлшей отырып, оның жалпы салмағының 6 келіден асып кететіндігін дәлелдеген жаңа видеоүндеу жариялады.

     Қоғамда резонанс тудырған бұл мәселеге алдағы уақытта толыққанды түсініктеме беріліп, көңілге қонымды жауап естиміз деген сенімдеміз. Ал, газетіміздің келесі нөмірінде басты тақырыпқа айналған бастауыш сыныбының мәселелеріне қатысты пікірлерді жариялайтын боламыз.

М.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ

 

Оқылды: 528 рет Соңғы рет өзгертілді: Жұма, 20 Қаңтар 2017 09:48

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C