Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 20 Қаңтар 2017 09:25

"Министрліктің атын пайдаланған орталықтардың кітапшалары білімді емес, бизнесті көздейді"

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әуелі қаржыны қажет ететін, кейін қайтарымы болатын сала. Әйтсе де, білім саласындағы ре­фор­малар арқылы білімді бизнес­ке айналдырып жүргендер аз емес. Атын айтып, түсін түсте­ме­сек те, түрлі деңгейдегі олимпиа­да­лық жарыстар, жекеленген кон­курстар мен сынақ кітапша­ла­ры бәрі де оқушының қаржы­сы­на қарай дайындалады. Қар­жы­лық мақсатты көздейтіндер үшін де ұлттық бірыңғай тест пайда табудың жолы. 14 жыл­дан бері білімде айналымға еніп келген ұлттық тест ке­зінде жеке орталықтардың шаруасы қызады. Алайда, бұл баланың білім деңгейін арттыруды көздемейді. Мұны ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы ұлттық тестілеу орталығының мамандары айтып отыр. Білім беру базасына сай келмейтін сұрақтарды жинақ етіп, кітапша ретінде мектептерге саудалап жүргендер жекелердің же­ке әрекеттеріне заң жүзінде тосқауыл қойылмайды. Қайт­пек керек? Нені ескеруіміз қажет? Көптің көкейінде жүрген сауалға жауап алу үшін ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының №70 Қызылорда филиалының жетекшісі Асқар Еңсеповке жолығып, білімдегі басы ашық сұрақтарды таразыға салдық.

     - Асқар Әлиұлы, биыл ұлттық тесттің та­лаптары өзгерді. Формат басқаша. Білу­міз­ше, Ұлттық тестілеу орталығының сынақ кі­тап­шалары әлі шықпаған. Десе де, мектеп оқу­шылары жаңа форматтың кітапшала­ры­мен дайындалуда. Бұл қалай?

      - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарайтын Ұлттық тестілеу орталығы бар. Сы­нақты жүргізетін де осы мекеме. ҰБТ ба­­­рысында қолданылатын сұрақтар осы ор­та­лық­та жасалады. Ұлттық тест кезінде  де­­рек­­тер қорына толықтыратын да ұлттық тес­тілеу орталығы. Ал, база қалай жасала­ды? Кім кө­рінген адам тест құрастыра ал­майды. Білім са­ласында қолтаңбасы бар, шә­кірттері үздік атан­ған ұстаздар арнайы ірік­телініп алынады. Мемлекет ұстаз­дар­ды тест құрастырушы құқығын беру үшін ар­найы дайындайды. Олар­ды әлемдік дең­гей­де аты аталып, тестология ғылымы­мен ай­налысып жүрген теоретик­тер оқы­та­ды. Осы­­лайша олар тест сұрақ­та­рын жасауға кіріседі. Ұстаздардан кейін тестіні эксперт ма­мандар тексереді. Көрдіңіз бе, мұғалім­дер­дің өзі бірнеше сараптаудан өтеді. Ек­ше­леніп, стандарт­тал­ған сұрақтар мек­теп­­­тер­­де апробация, яғни сынақтан өтеді. Тест құ­растыру­шы­лар­дың сұрақта­ры­ның ара­­сында грамма­ти­калық, логика­лық, қи­сын­ға кел­мей­­тін сұ­рақтарды анық­тап алу үшін мек­теп­тер­ге практикада сына­лады. Бай­­қап қараса­ңыз, тест сұрақтары бірнеше ке­зеңдерді қам­ти­­ды. Сол себеп­тен де Ұлт­тық тестілеу орта­лы­­ғының кітап­ша­лары бір­­­ден шыға қой­майды.

     Әрине, қазір оқушылар жеке кәсіпкер­лер­­­дің шығарған кітапшаларын пайдала­ну­да. Бірақ ол базаға енбеген, тек қаржы­лық мақсатты көздейтін кітапшалар еке­нін айтуы­мыз керек. Министрліктің атын пай­даланған ор­талықтардың кітап­шасы бі­лімді емес, бизнесті көздейді.

     - Сонда қалай, кез келген адам кітапша құ­растырып, қаржы таба алады ма?

   - Өкінішке орай, бүгін илеген қамы­ры­нан кешке өнім алатын кәсіпкерлер кө­бей­­ді. Бұл білім саласын жайлап алды. Қа­ла­да мұндай жеке орталықтар көп. Тіпті ат­тарынан ша­та­са­сың. Айтып отыр­мын ғой, министрлік атын жамылып, тест құ­рас­тыру заң бұзушы­лық болып табыла­ды. Олар халықты ойлап отыр­ған жоқ. Егер ха­лыққа жаны ашитын таза кә­сіпкер болса, "Ұлт­тық бірыңғай тест тек ұлттық тестілеу ор­талығы базасы негізінде жазы­ла­ды. Біз­дің сұрақтар соған ұқсас құрас­ты­рылған" деп ескертуі керек еді. Бірақ олай емес. Мем­лекеттік органның атын пайдалану - таза кәсіпкерлікке жатпайды.

   

     - Жеке орталықтардан бөлек, базарда да өнімдер сатылып жатқан жоқ па?

   - Дұрыс айтасыз, біздің шығарған кі­тап­ша­лар мен әдістемелік кітаптардың кө­шір­ме нұс­қаларын базарда сатып жүр­ген­дер бар. Бағасы төмен, себебі көшір­ме. Әри­­не, ақша - ата-ананыкі. Бі­лім баланы­кі. Біз айтуымыз қа­жет. Меніңше, мұндай мә­­­селені мектеп дирек­ция­сы, мұғалім, ата-ана жан-жақты қара­ғаны жөн. Қазір мек­­­тептерде сынама тесттер өт­кі­зі­ліп жа­тыр. Бәрі де жекенің шығарған өнім­дері. Тест­­тен өткіздік екен деп жарнамасы жер жар­­ған жекенің тесттерін емес, мемлекет ұсын­­ған базамен жұмыс жүргізген дұрыс.

   Халық арасында айтылатын тағы бір мә­­селе бар. 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін мек­­­теп­терде білім тексеру сынақтары жүр­гі­зіледі екен. Оны ұлттық тест дайындаған сұ­­рақтар де­ген жансақ пікір бар. Осы ретте ай­та кете­тіні, министрлік жанындағы ұлт­тық тестілеу ор­талығы оқу жетістігін сырт­тай бағалау тестін 4, 9, 11 сыныптарда ғана шығарады. Онда да сы­нақ басталуға екі ай уақыт қалғанда жүр­гі­зі­леді. Қалған сынып­тар бұл тесті­ден өту мін­детті емес. Оқу же­тістіктерін сырттай бағалау мо­ниторинг мақ­сатында жүргізіледі. Алайда, оны кей­бір мұғалім­дер баланың білім деңгейі­мен өл­шеп, тіпті «қорытынды бағаға әсер ете­ді» деп оқушыларды қорқытатын көріне­ді. Оқу жүйесін сырттай ба­ғалау (ОЖСБ) тоқ­сандық бағаға әсер ет­пейді. Ал, басқа сыныптардың білім баға­лауға ар­налған кі­тапшаларды тек жекелер шыға­рып жатыр.

    - Асқар Әлиұлы, елімізде ҚР Білім және ғы­лым министрлігі қарайтын түрлі департа­менттер бар. Қаржылық мақсатты көксейтін жекелердің жұмысына департа­мент­тер неге шектеу қой­майды?

    - Жалпы байқау сынақтары ерікті түрде ұйым­­дастырылады. Заңдылығы солай. Оның қанша мәрте өтетін ата-аналар мек­теп ди­рек­циясымен ақылдасып ше­шеді. Бұл ретте заң­дық органдардың емес, ата-ана­лардың жа­уап­кершілігін ерекше атар едім. Егер ата-ана ба­ласының қандай кітап­пен дайындалып отыр­ға­нына қарап, сұрау сал­са, мәселеге мән бе­ретін еді. Әрине, бә­рін кінәлай алмаймыз. Ал, сол ата-ана­лар­ға мектеп мұғалімдері ұлттық тес­тілеу орта­лығының кітапшаларын пайда­лану қажет­тілігін ескертуі тиіс.

    Ашық айту керек, ел аузында "жеке орта­лық­тардың тест сұрақтарын көбірек өткізіп берген адамдарға пайыздық сыйақы береді" деген де әңгімелер айты­лады. Осы сұхбатты пай­­­даланып айтқым ке­леді, қай жерден тес­тіні алатыңызды сіз шешесіз, себебі ақша сіз­­­дікі. Талап ата-ана тарапы­нан болуы керек.

  - Ұлттық тестілеу орталығының жаңа форматтағы кітапшалары шықпағандықтан болар, оқушылар жекеленген орталықтар­дың кітап­шалары алып жатқаны...

    - Әлі жаңа форматтағы сұрақтардың соң­ғы нұсқаларына қатысты бұйрық шыққан жоқ. Ұлттық тестілеу орталығы заңдық негіздемесі болмай тұрып, әлі бекімеген дүниеге байқау сынақтарын шығара алмай­ды. Қазір жұмыстар жүргі­зілуде. Қаңтар айы­ның соңғы аптасы не ақпан айының ба­сында жаңа кітапшалар шы­ғады. Әзірге біз­де ескі базалық сұрақ­тар. Бір айта кете­тіні, жаңа формат деген жаңа сұрақтар деген сөз емес. Өздеріңіз білесіздер, оқуға түсу ке­зін­де оқушы 5 сабақтан емтихан тапсы­рады. Оның үшеуі міндетті, екеуі таңдау, бейінді пән­дер. Мысалы, медицина ма­ман­­ды­ғын таңдай­тын бала бейініне сәйкес химия-биология пән­дерін тапсыра­ды. Әр таңдау пәніне 30 сұрақ бе­ріледі. Осы сұрақ­тардың 20 сұрағы бұрынғы фор­мат негізінде жаса­лады. Жаңар­тылған бі­лім форматы деп сұ­рақ­тардың бәрін жаңалап тастаған жоқпыз.

    - Сынақта кездесетін сұрақтар тура­сында айтсақ. Биыл қандай өзгерістер күтіп тұр?

   - Оқу сауаттылығы деген сөзден біз қо­рық­па­­уымыз керек. Әрине, жаңа фор­матты түсін­бей жүрген оқушылар бар шы­ғар. Алайда, жаңа форматқа енгелі тұрған сұрақ­тар бұрын­ғыға қарағанда же­ңі­лірек. Себебі сұрақтар өмір­де кездесетін оқиға­лар­дан алады. Бұрын қан­дай еді? Бала сұрақтың басын оқып, бір жа­уап­ты бел­гілей салатын еді. Қазір олай емес. Жа­сы­рып жаба­тыны жоқ, өмірінде ертегі оқы­май кет­­кен балалар да ұлттық тестіні тапсырды. Ме­нің­ше, орта­дан жоғары білім деңгейі бар оқи ала­тын, оқығанды түсіне алатын ба­лаға тест сұрақ­та­ры оңай болмаса қиын болмайды.

    Биылғы жылы мектеп бітіру емтихан­да­рында тыңдалым деген бөлім бар. Яғни, ба­ла ау­­диожазбаны тыңдай отырып, беріл­ген сұ­раққа жауап береді. Оған үрке қарап, шу шы­ғарудың керегі жоқ. Бір мысал айтайын. Ауыл­дық жерде білім алатын бала бұрынғы жыл­дары орыс тілі пәнінің 25 сұ­рақтың жиыр­­ма­сы­нан асы­рып жауап бере­тін. Бірақ сол оқу­шылар орыс тілінде нан алып жей­тіндей сауаты аз. Яғни мәтінмен жұмыс жүргізе білу керек.

    Қорыта келе, айтатыным, Қазақстан тер­ри­­то­­риясында таралып жатқан кітап­ша­лар­дың барлығын ұлттық тестілеу орталық­тары шығар­майды. Осыны ескеру керек. Ұлт­тық тестілеу орталығының арна­йы жеке сай­ты бар. Мұнда барынша қажетті ақпарат көздерін оқуға бо­лады. Әрі сынама тестте­рі­не ұқсас сұрақтарды көшіріп, дайын­далуға бо­лады. Мүмкіндікті ба­рын­ша пайдала­нып, дұрыс бағытта дайында­луға міндеттіміз.

    - Асқар Әлиұлы, ұлттық тест алдында кез­десетін маңызды сауалдарға нақты жауап бер­ге­ніңіз үшін алғыс білдіреміз. Осы сұхбат­тан кейін оқу­шылар қандай кітапшалармен жұмыс жа­сайтынын ескереді деп ойлаймыз.

Сұхбат жүргізген

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Оқылды: 764 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер