Айтарым бар

 

НҰРМҰХАМЕД БАЙҒАРАЕВ, саясаттанушы: 

 

         "Мойындауымыз керек, Батыс елдерінде адамның өмір сүру сапасы жоғары. Оның ішіне жалақы, еркіндік, таңдау құқығы, этика, көшедегі тазалық – бәрі кіреді. Әрине, әр адам өзіне жайлы жер іздейді. Ол қалыпты нәрсе. Норма. Егер сенің еліңде сен қалаған жоғарыдағы факторлар болмаса, онда адам оны өзге жақтан іздейді. Білімді жастарды елде алып қалудың бір ғана жолы бар. Ол – өз елімізде де азаматтарға Батыстағыдай жағдай жасау. Және бұл әлемнің болмаса да, аймақтың таланттарын тартуға мүмкіндік берер еді."

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 21 Сәуір 2017 11:57

Баланың бейіміне бағыт берген байқау

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Бүгінгі заманауи педагогика баланың еркін білім алуына жол ашуы тиіс. Себебі замана сұранысына жауап беретін жастардың ашық ойлы, зият­керлік қабілетінің жоғары болуы берілген білімнің деңгейіне байланысты. Бұл тұрғыда оқушылардың таным көкжиегін анықтап, бейіміне қарай бағыттайтын байқаулардың берері мол. Педагогтар бала тәр­биесінде оқушының бейімін жоғарғы сыныпқа келген кезде анықтау дұрыс емес деп есептейді. Мұның бірнеше себебі бар. Бала бо­лаша­ғына қажетті бағытқа өзгелердің ықпалы арқылы барады. Көңілге қонбаған дүниенің аз уақытта нәтиже беруі екіталай. Тағы бір кедергі, оқушы оқуға түсер алдында бейіміне қарай мамандық түрін таңдайды. Бұл уақыттарда бала білігіне қарамай, тек таңдау жасайды. Себебі уа­қыт қысымы әлеуметтік шешімнің қабылдануына кері әсерін береді.

   

   Расында, айтылған екі бір­дей мәселе өмірлік практикаға еніп кеткелі қашан. Бала бойындағы жасырын қабілетті ашуда тек күнделікті сабақ процесімен шектелу аздық етеді. Түрлі форматтағы байқаулар арқылы білімді жетілдірудің жолдарын қарауға болады. Қазірде зияткерлік танымды арттыруға бағытталған байқау көп емес. Бір­неше жылдан бері республиканың барлық аймақтарындағы оқушылардың білім мен білігін таразыға салған интеллектуалдық марафон Сыр елінде бірнеше жылдан бері бастау алып келеді. Биыл байқауға облыс бойынша 101 бала жолдама алыпты. Қызылорда облысы білім басқармасының облыстық "Дарын" ғылыми-практикалық орталығы мен UCMAS­KA­ZAKH­­STAN халықаралық зияткерлік академиясы, "КАДУ" мектепке дейінгі мекемелердің қазақстандық ассоциациясы және "Асыл бала" республикалық қорының ұйытқы болған интеллектуалды марафон «Бі­лімге апарар жол!» тақырыбына арқау болды.

   - Мақсат - оқушылардың ой-өрісін дамыту, ізденісін арттыру, зияткерлік қабілетін ұштау. Бірнеше бағыттар бойынша түрлі сынақтарды өткізу арқылы оқу­шылардың бейімін анықтауға мүм­кіндік аламыз. Марафонға балабақша, бастауыш сыныптың 1-2 сынып оқушылары, инклюзивті білім беретін мектеп-интернаттардың оқушыларын қа­тыстырдық,- дейді "Дарын" ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Гүлжамал Ахметова.

 Оқушылар "Мирас", "Полиглот", "Логика", "Математика", "Қазақ тілі және әдебиеті", "Өзін-өзі тану", "Шығармашылық", "Спорттық", "Discoverty", "Квест" сынды бекеттерден өтіп, бірнеше тапсырмалар бо­йынша сынға түсті. Бір айта кетерлігі, "бұл оқушыларды сайыстырып, мықтыны анықтауды көздемейді, баланың шығармашылыққа баулып, таным деңгейін арттыру" дейді ұйымдастырушылар.

 Республиканың бірнеше аймағында бастау алған марафон білім беру саласында қолға алынған байыпты бастамалардың бірі.

А.ҚАРАКЕСЕК

Оқылды: 322 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Бүгінгі күні жұмысқа тұру мүмкін бе?

Ізденсен табуға болады - 27.3%
Таныс-тамыр арқылы орналасуға болады - 33.3%
Пара беріп кіруге болады - 12.1%
Уақытша жұмыстарға тұруға болады - 27.3%

Total votes: 33
The voting for this poll has ended on: 13 Қаң 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C