Айтарым бар

 

НҰРМҰХАМЕД БАЙҒАРАЕВ, саясаттанушы: 

 

         "Мойындауымыз керек, Батыс елдерінде адамның өмір сүру сапасы жоғары. Оның ішіне жалақы, еркіндік, таңдау құқығы, этика, көшедегі тазалық – бәрі кіреді. Әрине, әр адам өзіне жайлы жер іздейді. Ол қалыпты нәрсе. Норма. Егер сенің еліңде сен қалаған жоғарыдағы факторлар болмаса, онда адам оны өзге жақтан іздейді. Білімді жастарды елде алып қалудың бір ғана жолы бар. Ол – өз елімізде де азаматтарға Батыстағыдай жағдай жасау. Және бұл әлемнің болмаса да, аймақтың таланттарын тартуға мүмкіндік берер еді."

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 28 Сәуір 2017 11:38

«Бәсекелік қабілет: кәсіби маман» жастар форумы кәсіби мамандандырудың ашық алаңы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

      Әлеуметтанушы Кетти Деведсон бү­гінгі мектепте отыр­ған оқушы­лар­дың 65 па­йызы ержеткен кез­­­де қазір өмірге ке­ліп үлгермеген бей­мәлім кәсіптермен шұ­­ғыл­данатындығын ай­тады. Бұл алдағы уа­қытта нарық эко­но­мика­сын­да жаңа ма­ман­дықтар пайда бо­лады деген сөз. Тех­­­нологиялық ре­во­лю­цияның бета­лы­сы­на қарасақ, таяу он­жыл­дық уа­қытта қа­з­іргі кәсіп­тер­дің жар­­тысы жойылып ке­теді. Мұ­ны Ел­басы жа­қында жа­рия­ла­ған мақала­сында да сал­мақ­тады.

   Қазақстан төр­тінші өнеркәсіптік ре­волю­цияға аяқ бас­ты. Жаңа этап ав­томаттандыру, ро­бо­тотехника, на­но­тех­нология, ІТ са­ла­ла­рына арқа сү­йейтін кезең келген­дігінің көрінісі. Демек, бо­лашақ мамандар сұ­ранысты қажет ете­тін мамандықтарға мойын бұруы керек.

  Қазірде бірін-бірі қайталайтын кәсіп иелері қыс­­қарып, мамандықтардың аясы кеңейді. Десе де, әлі де бірқатар бағыттарда маман қажеттігі се­зіледі. 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша сұ­ранысқа ие мамандықтардың мониторингіне назар салатын болсақ, елге оператор, электрик, құ­рылысшы, әр түрлі техника жүргізуші, ма­ши­нист, слесарь, инженер, статист, зертханашы, дә­рі­гер, мейірбике мамандықтарына кадр қажет. Аталған міндеттерді орындауда билік құр қарап отырған жоқ. Қызылорда аймақтар арасында ал­ғаш болып жастардың мамандық таңдауына бағыт беретін "Bilim fest: "Ұлт табысы - бәсекеге қа­білеттік" атты оқу орындарының көрмесі ұйым­дастырылды.

  Бүгінде оқушылар арасында мамандық таң­дауда екіұдай пікірде жүргендер аз емес. Бірі білі­мі­не, ендігісі мамандықтың болашақтағы қажет­ті­лігіне алаңдайды. Осы себепті Қызылорда қа­ла­сы әкімдігі аймақтағы жоғары оқу орындары мен ар­­наулы орта білім беру ұйымдарын бір алаңға жи­нап, мамандықтар көрмесін өткізді. Та­нымдық-ба­­залық көрмеде өңірдегі 13 колледж, 3 жоғары оқу орны мектеп бітіруші түлектеріне арнап ақ­па­рат­тық-насихаттық жұмыстарын жүргізді. Әрбір оқу ор­­ны мамандықтар тізбесіне орай, түлектерге арнап түр­лі бағыттағы парақшалар та­ратып, қызмет көр­сетті.

  Орталық алаңдағы көрме жұмысында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қы­зылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қарабалаев болашақ жас мамандарға арнал­ған мамандықтар көр­ме­сі­нің маңыздылығын атап өтті.

   Шара Елбасының "Тегін кәсіптік техникалық білім беру" жаңа жобасына сәйкес, аймақтағы колледждерде оқытылатын мамандықтарды насихаттау жұмыстарының бір бағытын қамтиды. Оқу­шы­ларды кәсіби мамандандыруға бағыттайтын көрмеге қала мектептерінен 3000-ға жуық оқушы қатыстырылды. Болашақта медицина саласында қызмет етуді мақсат еткен №1 мектеп-гимназиясының 9 "б" сынып оқушысы Нұрайлым Бақытбек аталмыш шараның жастар үшін қажет екенін алға тартты:

  - Ойлана келе, Қызылорда қаласында оқимын деп шеш­тім. Бүгінгі көрмеде оқу орындарының білім беру деңгейін, мүмкіндіктері мен жеңілдіктерімен таныстым. Тоғызыншы сыныптан кейін кол­леджге түсіп, медицина саласының маманы боламын деп мақсат қойдым. Көрмеге келіп, қай оқу орнына баратынымды анықтап алдым. Меңінше, шараның біз се­кілді жастар үшін маңызы зор. Себебі бір күн ішінде аймақтағы барлық білім беру орындарының білім жұмысымен таныстық.

   Оқушылар әр білім ордасының жанына барып, қа­жетті ақпараттарын ала білді. Жаңадан ашылған мамандықтармен танысып, көкейде жүрген сауалдарын қоя білді. №9 мектеп-гимназиясынан келген Айя Еркебай да мамандық таңдауда білім деңгейін таразылап алуды құп көретіндігін жеткізді:

  - Біз Қызылордада оқысақ та, көптеген колледждерді білмейді екенбіз. Университтермен танысып, мүмкін­ші­лік­терін қарап жатырмын. "Есеп және аудит" мамандығын таңдап отырмын. Оқу орын­дарының көптеп ашылуы білімдегі бәсекені арттырады. Әлі де таңдауын жасай алмай жүрген оқушылар осы мүм­кіндікті пайдаланып, таң­дау­ларын жасады. Мен де қаламыздағы маңызы зор шаралардың көптеп ұйымдастырылып жатқанына қуаныштымын.

  Шындығына келсек, қазір оқушылардың таңдауына мұғалім ықпал ете алмайды. Себебі таңдау еркіндігін оқу­шының өзі шешеді. "Қазіргі оқушылардың талғамын бұрынғымен салыстыруға келмейді. Бұл білім ордаларының бәсекеге қабілеттіктерін арттырып, материалдық әлеуетін дамытуды қажет етеді" дейді Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ахметкәрім Есниязов.

   - Экономиканы дамытудың басты проблемасы - кадр даярлау. Себебі нарықтық бәсекелестік ортада кәсіп­орындарға білікті мамандар қажет. Техникалық бағыттағы маман иелеріне сұраныс жылдан-жылға артуда. Орта буын оқу орындары мемлекеттік бағ­дарламалар аясында кәсі­би мамандарды даярлаудың жаңа технологиясына көшіп жа­тыр,-дейді Ахметкәрім Смағұл.

  Танымдық-базалық көр­ме оқу орындары жастарының шығармашылық кон­цер­­тімен сабақтастырылып, "Бәсекелік қабілет: кәсіби маман" атты мектеп бітіруші түлектеріне арналған жастар форумына ұласты.

  Форумның пленарлық мәжілісіне қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, "Қазақстан жас­тары конгресі" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Айдын Сабитов, облыстық білім бас­қармасы басшысының орынбасары Ерлан Қарабалаев, "Мағжан и К" ЖШС-нің директоры Мағжан Ералиев, Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің ағылшын тілі мамандығы бойынша грант иегері Мөлдір Абайдулла қатысты.

  Жастармен жүздесуде қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы білім беру саласының даму деңгейін, бүгіні мен ертеңі турасында ой бөлісіп, жастардың замана сұранысына жауап беретін бәсекеге қабілетті болуға шақырды.

  - Қазір Қазақстан әлемнің алпауыт мемлекеттерімен білім саласында бәсекелестік таныта алады. Уақыт зымырап өтеді. Болашағы зор маман иелері болу керек. Ғылымды игерген, жаңа технологияны өндіріске енгізе алған, инновацияға көш бастаған мемлекеттер көш басына шығады. Дамыған отыз елдің қатарына жету жолында қажырлы еңбек жастардың білімі арқылы келеді. Кез келген кәсіпті үйрену арқылы өздеріңе де, мемлекетке де пайда әкелесіңдер. Елдің қуаты білім арқылы келеді,-деді Н.Нәлібаев.

   Айта кететіні, "Қазақстан жастары конгресі" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Айдын Сабитов білім беруге арналған мемлекеттік бағдарламалар турасында ой қозғап, жастардың жан-жақты дамуына, перспективалық ойлау деңгейін қалыптастыруға күш салатынын жиында мәлім етті.

  Мұхит асып, білім алу кез келгеннің жастың қолынан келе бермейді. Елде жүріп, биік мінбелерді бағындыруға болады. Жастар жиынында білім саласының мамандары кезінде колледжде білім алған, бүгінде жауапты салалардың тізгінін ұстаған мамандарды жастарға үлгі етті. Айталық, ақын Шөмішбай Сариев, бір кездері ҚР Білім және ғылым министрі болған Шәмша Беркімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских сынды ел азаматтары арнаулы білім ордаларында білім алған.

  Форумда мектеп бітіруші оқушылардың 2050 жылғы түлектерге үндеуі оқылып, болашаққа бағытталған осы үндеу Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайына табыс етілді.

   Түйін. Уақыт - алтын, білім - бақ. Оқушылардың таңдау жасауына аз ғана уақыт қалды. Қазірде қалалық білім бөліміне қарасты мектептерде 11 сынып бітіруші 1741 оқушы болса, оның 102 "Алтын белгіге", 99 "Үздік аттестатқа" үміткер. Ал, 3653 оқушы 9 сыныпты аяқтайды, оның 298 оқушысы "Үздік куәлікке" үміткер болып отыр. Қалай десек те, "Бәсекелік қабілет: кәсіби маман" форумы екіұшты ойда жүрген жастардың бағытын бекемдеп, таңдау жасауына түрткі бола білді.

 Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Оқылды: 437 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Бүгінгі күні жұмысқа тұру мүмкін бе?

Ізденсен табуға болады - 27.3%
Таныс-тамыр арқылы орналасуға болады - 33.3%
Пара беріп кіруге болады - 12.1%
Уақытша жұмыстарға тұруға болады - 27.3%

Total votes: 33
The voting for this poll has ended on: 13 Қаң 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C