Айтарым бар

 

НҰРМҰХАМЕД БАЙҒАРАЕВ, саясаттанушы: 

 

         "Мойындауымыз керек, Батыс елдерінде адамның өмір сүру сапасы жоғары. Оның ішіне жалақы, еркіндік, таңдау құқығы, этика, көшедегі тазалық – бәрі кіреді. Әрине, әр адам өзіне жайлы жер іздейді. Ол қалыпты нәрсе. Норма. Егер сенің еліңде сен қалаған жоғарыдағы факторлар болмаса, онда адам оны өзге жақтан іздейді. Білімді жастарды елде алып қалудың бір ғана жолы бар. Ол – өз елімізде де азаматтарға Батыстағыдай жағдай жасау. Және бұл әлемнің болмаса да, аймақтың таланттарын тартуға мүмкіндік берер еді."

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 04 Мамыр 2017 11:46

Кәсіби құзіреттілік – сапалы білімде

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    Қазақстанның әлемдік қо­ғамдастыққа ықпалдасуы үшін білім беру саласының алдында озық тәжірибелерді зерделеп мек­тептік тәжірибеге енгізу міндеті тұр.

  Күрделі де қиын жауапкер­ші­лікті арқалаған мектеп ди­ректорларының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасарлары кәсіби құзыреттіліктер аясында білім жетілдірумен, инновациялық ізденіс жолында педагогикалық-психологиялық өрісін өсіріп оты­руға міндетті. Мемлекет тарапы­нан көптеген қаражаттар бөлі­ніп, еліміздің көптеген жер­ле­рінде басшылар мен педагог­тердің біліктілігін көтеру курс­тары өткізілуде.

  Осындай жаңартылған маз­мұнда құрылған білім беру мен тәрбиелеуде, жаңа технология­лар­ды игеруде басшы кадрлар­дың біліктілігін арттыратын бірден-бір тиімді білім беретін ұйым "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызмет­кер­лерінің біліктілігін артты­ратын республикалық инс­титуты екені баршаға мәлім.

   2017 жылдың 24 сәуір мен 5 мамыр аралығында Қызылорда қаласындағы И.Әбдікәрімов атын­дағы агро-техникалық кол­ледж базасында аталмыш инс­титут мамандары мектеп дирек­тор­­ларының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасарларына "Бі­лім беру маз­мұ­нын жаңарту жағ­дайында білім беру ұйым­дары директорлары­ның бейінді оқыту жөніндегі орын­басарла­рының кәсіби құзы­реттілігін дамыту" тақыры­бын­да біліктілік арттыру курсын өтті. Бұл курсқа Қызыл­орда об­лысының барлық аймақ­та­рынан жиналған мектеп ди­рек­торының бейінді оқыту ісі жө­ніндегі орын­басарлары қа­тысты.

   Курс жетекшісі "Педагогика және инклюзивті білім беру" ка­федрасының аға оқытушысы, пе­дагогика ғылымдарының ма­гист­рі Сандуғаш Көмекова жалпы курс мақсаты мен оқу-та­қырыптық жоспар мазмұнын таныстырудан бастап, "Білім беру ұйымдарының қызметі мен пе­дагогтар жұмысын реттейтін нормативті-құқықтық заң шы­ғарушы құжаттар", "Бейіндік оқыту бойынша білім беру ұйымдарындағы менеджмент және оның ақпараттық қамтама­сыз етілуі: теория мен техно­ло­гия", "Басқару және оқытудағы көш­басшылық" және т.б. тақы­рыптар аясында қызықты дәріс­тер оқыды, семинар-тренингтер өткізді. Білім беру ұйымдарын­дағы бейіндік оқыту бойынша түрлі жұмыстар аясында әріптес­терімізбен бірлесе отырып, ынтымақтастықта орындаған көптеген тапсырмалар орындауда қызу пікірталасқа түсуіміздің өзі біздің көзқарасымыздың өзгеруі­не түрткі болды. Сондай-ақ, жаңаша кәсіби ой қалыптасты­р­уы­мызға, бейіндік кәсіптік құзыреттілігімізді дамытуға зор үлесін қосты. Курс барысында өзіндік, жоба жұмыстары мен шағын-сабақтарды дайындадық. Күнделікті берілген түрлі бағытта құрылған дәріс-тренингтерді кері байланыс арқылы қорыту, сол күнгі жұмыстың нәтижесінің шағын хабарламасы болып жинала берді. Осындай қызуы да қызықты жұмысымызды бас­қарып, қазіргі оқыту үрдісінің жүрісін талдап, бейінді оқыту ісін қалай ұйымдастыру қажеттігін ұғындыру барысында бізге жаңа құлшыныс пен тың идеяларды ұсынып, көшбасшы бола білген тобымыздың тренері педагогика және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы Сандуғаш Оралханқызына құр­метіміз шексіз. Осы курстың жо­ғары деңгейде өтілуіне Қызыл­орда облыстық оқу орталығының директоры С.Асқаров пен Қы­зылорда аграрлық техникалық жоғары колледж директоры С.Тәуіпбаев өз үлестерін қосты.

   Курс аясында тәжірибе алмасу мақсатында 29 сәуір күні Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауда­нындағы М.Әуезов атындағы №251 орта мектеп базасында "Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында стратегиялық және тактикалық жоспарлаудың мәні мен қызметі" тақырыбында ұйым­дастырылған көшпелі-практикалық тәжірибе сабағында болдық. Мектеп директоры Нұр­лан Сұлтанұлы мен директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Тұтқабай Қалтайұлы мектепті басқарудағы стратегия­лық және тактикалық жоспар­лау­дың мәні мен қызметі және бейінді бағдарлау жұмыстары бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

   Күн сайын командалық жұ­мыс жасаудың арқасында курсқа келген бейінді орынбасарлар берілген тапсырма орындау жолдарын түрліше етіп құрасты­рып көрсетуіміз, айтар ойы­мыздың маңыздылығын ашып, әр қырынан жеткізу - біздің сыни ойлауымыздың нәтижесі. Бағ­дарламада берілген құқықтық-нормативті, басқарушылық, мазмұндық, педагогикалық-психологиялық және техноло­гиялық модульдегі жаңа мазмұнда берілген дәрістер мен тренинг-семинарларда теориялық тұр­ғыдан игеріп қана қоймай, оны күнделікті жұмыс тәжірибемізде жүзеге асырамыз деп сенім білдіреміз.

   Бүгінгі білім беру саласында басшы кадрлар үшін өте қажет осындай біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырған "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ филиалы Қазақ­стан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын респуб­ликалық институтының дирек­торы, профессор п.ғ.д. Жансауле Мақатова және институт оқыту­шыларына басшы басқару шебер­ліктерін жетілдіре білгені үшін үлкен алғыс білдіреміз.

   Республикалық институт басшыларына жаңа бағытта заман талабына сай ұйымдасты­рылған курстардың тыңдау­шыларға берген жаңалықтары мол. Көкейімізде жүрген қажетті сауалдарға қанағаттанарлық жа­уаптар алғанымызды айта оты­рып, №68 топ тыңдаушыла­рының атынан "басшы кадрларға ар­налған курстардың онлайн жүйе­сінен гөрі жүздесіп, бетпе-бет білім беру жүйесіндегі жаңалық­тарды кеңінен талқы­лап, бірлесе атқарған жұмыстар­дың құн­дылығын баса айта оты­рып, шалғай аймақтарда мек­тептегі басқаруға қатысты дөң­гелек үстел, семинар-тренингтер жиі ұйымдастырылса екен" деген ұсыныс айтамыз.

Қызылорда облысы аудандары мен қаласының

директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлары,

№68 топ тыңдаушылары

 

Оқылды: 182 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 11:52

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Бүгінгі күні жұмысқа тұру мүмкін бе?

Ізденсен табуға болады - 27.3%
Таныс-тамыр арқылы орналасуға болады - 33.3%
Пара беріп кіруге болады - 12.1%
Уақытша жұмыстарға тұруға болады - 27.3%

Total votes: 33
The voting for this poll has ended on: 13 Қаң 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C