Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 05 Мамыр 2017 06:58

Түлектер талпынысы – жаңа формат барысы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

      Білім саласында 13 жылдан бері қолданысқа енген ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа фор­матта өтетіндігін жұрт­шылық жақсы біледі. Ал­ғашында, ішкі қарсы­лықтың болғаны рас. Алайда, білімдегі рефор­ма­ларды сынақтан өт­кізіп, тәжірибесі толыс­қан педагогтардың өзі ескі жүйеден айыры­латын кезең жеткендігін айтып келді. Қалай де­сек­ те, түлектердің білі­мін сынға алатын ұлттық тес­тілеудің жаңа фор­маты айналымға еніп, нақ­ты бекіді. Осыған дейін де түрлі пікірлерді тоғыстырып үлгерген ұлт­тық тест баланың бі­лім деңгейін таразы­лау­дың жүйелі жолы бола білді.

   Оқушы мен мектептің білімін таразылайтын ұлт­тық тестілеудің бас­талуына да бір айға жуық уақыт қалды. Мектеп­терде қауырт дайындық, уақыт жақындаған сайын оқушылардың да үміті мен күдігі басым. Оның үстіне, жаңа формат білім алушылардың екі есе да­йындықта болуын қажет етеді. Білім сынына тү­сетін оқушылардың қары­мы қай деңгейде? Бейінді пәндерді игерудің барысы қалай? Аталған сауал­дар­ға жауап іздеуде бір­неше мектептерге барып, ұстаздар мен оқушы­ларды сөзге тарттық.

  Алдымен, жаңа формат жайында аз-кем ақ­парат. Оқушылар екі кезең бойынша сынақтан өте­ді. Қорытынды аттестаттау, бұл мемлекеттік бітіру емтиханы және жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. Түлектер бітіруші емтиханда бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні бойынша таңдау жасайды. Айта кету керек, барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді. Тарқатып айтар болсақ, оқушылар ана тілі және әдебиетінен  белгілі тақырып шеңберінде эссе жаза­ды, ал, алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан тапсырады. Сонымен қатар, Қазақстан тарихынан билет арқылы ауызша емти­хан өткізсе, орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тіл­дерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу сынағы болады. Соңғы пән, яғни таңдау бойынша бір тест жазады. Бір ескеретіні, қоры­тынды аттестаттауды барлық оқушылар тапсы­рады.

   Енді, екінші сынаққа келейік. 2017 жылғы ҰБТ форматына сәйкес түлектер 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына баратын мамандығына байланысты 2-і бейінді тесттен өтеді. Тестілеу уақыты 3 сағат 30 минутты құрайды. Шекті меже бұрынғыша 50 балл өзгеріссіз қалады. Бүгінде жаңа форматтың ерекшеліктері мен сынақ талаптары барлық мектептердегі оқушыларға таныстырылып, ата-ана­ларға да айтылған. Мұны білім саласы қыз­меткерлері растап отыр. Алдын-ала болжам жа­сауға болмас, десе де сынақтың барысын бағамдау үшін қалалық білім бөліміне хабарласып, мән-жайды білдік. Анығы, биыл Қызылорда қаласы бойынша жалпы білім беретін 50 мектепті 1741 оқушы тәмамдайды.

   1741 мектеп бітіруші мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өтіп, оның 1560-ы (89,1%) Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады деген жоспар бар. Сандармен сипаттайтын болсақ, "Алтын белгіге" үміткер саны - 110, "Үздік аттестатқа" үміткер саны - 100 оқушыны құрап отыр.

  Жасыратыны жоқ, мамандықты таңдауда екіұшты ойда жүрген оқушылар аз емес. Ақпарат көп болғанымен, оқушының қабілеті мен қарымы әртүрлі. Білім саласы мамандарының сөзіне сенсек, бүгінгі күні мемлекеттік қорытынды аттестаттау бойынша мектеп бітірушілердің таңдау пәндері нақты анықталды. Айталық, физика пәнін - 535, биология пәнін - 423, география пәнін - 262, жалпы та­рих­ты - 94, химияны - 45, ағыл­шын тілін - 95, қазақ әдебиетін - 62, орыс әдебиетін - 8 бала таңдап отыр. Тиісінше, бұл ақпарат министрлікке жіберіліп, әр бала үшін таңдау пәндеріне сәйкес сұрақ кітапшалары бойынша оқу­шылар дайындалуда.

  Қалалық білім бөлімінің бас маманы Динара Баймұрзаеваның айтуынша, ұлттық бірыңғай тестілеуде таңдауға берілген  2 бейінді пән бойынша талдау жұмыстары жасалған. Нәтижесінде, математика-физика блогын - 551, математика-география блогын - 184, тарих-география бло­гын - 44, химия-биология блогын - 370, биология - география блогын - 110, шет тілі - тарих блогын - 125, әдебиет - тарих блогын - 67, география - шет тілі блогын - 56, химия - физика блогын - 8, тарих-құқық  блогын - 51 бала таңдаған.

   Сынама тест - түлектердің білім көрсеткішін бағалауға мүмкіндік береді. 11 сынып оқушылары қыркүйек-желтоқсан аралығында ҰБТ-ның ескі сұрақ кітапшаларымен, қаңтар-наурыз айларында онлайн режимде kundelik.kz, test­center.kz сайттары арқылы және Юстади оқу орталығында  дайындық жүргізіп, сынақ тапсыруда.

  Қалалық бюджеттен  ұлт­тық тесттің жаңа форматына бағытталған сынама тест кітапшаларына қазынадан 14 млн.теңге қаржы бөлініп, қазірде республикалық тест орталығымен келісім-шарт жасалып, 17 мың сынама кітапша пайдалануға берілуде.

  - Бүгінгі күні мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мен Ұлттық бірыңғай тес­тілеуге дайындау бекітілген іс-шара  жоспары бойынша жүр­гі­зілуде. Дайындық жұмыстары қосымша сабақтар, жыл бойы жұмыс жасайтын "Талдысу" қосымша білім беру орталықтарындағы курстар,  бі­лікті, жоғары деңгейлі мамандармен жеке репетиторлық  сабақтар арқылы және түрлі ақылы оқу орталықтарында жүрді. Жаңақорған ауданында орналасқан "Талдысу" лагерінде 2016 жылдың қараша-желтоқсан айларында 250 бала, 2017 сәуір айында 260 бала дайындықтан өтті,-дейді Динара Баймұрзаева.

  Мұнан бөлек, қаладағы бірқатар мектептерде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 20 ғалымы, облыстық қазақ-тү­рік лицейдің 5 оқытушысы ша­қыртылып, түлектерге қо­сымша сабақ беруде. Тыңғылықты дайындықтан түлектердің жаңа форматты игеруіне мүмкіндік беріп отыр.

Естеріңізде болса, өткен аптада бітіруші түлектердің мамандық таңдау бағытына жәрдем беретін қалалық жастар форумы ұйымдастырылды. Өмірлік қадам жасауға бел буған түлектер қай бағыттағы оқу орнына баратындығын мәлімдеді. Көрсеткіштерге көз салсақ, жоғары оқу орнына - 1560, оның ішінде пе­дагогикалық, медициналық, өнер мамандықтарға - 615, техникалық мамандық­тар­ға - 985, әскери оқу орын­дар­ға - 10, колледждерге - 139, әскер қатарына барғысы келетіндер - 10, жұмысшы мамандықтардың қысқартылған курстарға - 23 бала білім алуға ниеттеніп отыр.

   Түйін. Ұлттық тест - тек оқу­­шының ғана емес, ұстаз бен бі­лім ордасының білім деңгейін анықтайды. 

  Қазірде Қызылорда қаласы бойынша ҰБТ орташа балы ақпан айында - 83,8, наурыз айында - 83,7, сәуір айында - 93,4 ұпайды құрап отыр. Баға беріп, салыстыру әлі де ерте. Уақыт тезіне салсақ, сынақтың болар күні алыс емес.

 Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Данияр Жанәлі, №7 орта мектебінің

11 "а" оқушысы:

     - Ұлттық тестілеудің биылғы жаңашылдығы бір қарағанда қиын бо­луы мүм­кін, дегенмен сұ­рақтардың бәрі де білім саласындағы бағ­дар­­ла­марға сәйкес еке­нін кө­ріп жатырмын. Қи­сынға кел­мейтін сұрақ­тарды өз ба­сым кездес­тір­ген жоқ­пын. Шығарма­шылық бағытты таңда­ған­дықтан, әдебиет пен дүние жүзі пән­деріне басым­дық беріп отырмын. Сынама тестінің қорытын­дысы бойынша қазіргі күні 85-90 баллға қол жет­кізіп жатырмын. Аптасына екі рет сынақ тапсы­ру­дамыз. Эссе жазу, мәтінмен жұмыс жа­сауда мұға­лімдеріміз бағыт-бағдар беріп, прак­тикалық бағытта тапсырма­ларды орындап келеміз. Мате­ма­тикалық сауат­тылық, логикаға құрылған тап­сыр­маларды күрделі деп айта алмас едім. Са­нау­лы уақыт ішінде мектепте, қосымша курс орта­лық­­тарына барып, білімімді жетіл­дірудемін. Ата-ана­мыз бен ұстаздары­мыздың қолдауын жақсы сезі­ніп келемін. Алла қаласа, сынақты сәтті тапсырамыз деген ниет бар.

 






Гүлзат Айдарбекова, №235 орта мектебінің

11 "ә" оқушысы:

   - Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа фор­матына алғашқыда үй­ренісе алмағынымыз рас. Себебі таңдаған пәндеріміздің бағыты­на келетін бейінді пән­ді тап­сыратын болдық. Алайда, биылғы ерек­шелік бізге аса қиындық тудырды деп айта ал­май­мын. Сұрақтардың берілу формасы да өзгерек. Оқылым, тыңдалым, жазбаша нысан­дағы жұ­мыстарды меңгеріп алдық. Таңдау пәнім - биология. Талапқа сәйкес, бейінді пә­нім химияны да қоса тапсырамын. Екі бағытқа күш салып жатырмын. Жаңа форматтың тиімділігі, екі пәнді тапсыру ар­қылы ма­мандықтарды таңдау мүмкіндігі кеңейеді. Қазір сынама тестілеуді тапсырудамыз. Әзірге 118,123 ұпайды жинап отырмын. Десе де, да­йындықты күн санап күшейтіп келемін. Бола­шақ­та медицина саласының маманы боламын. Күн са­нап уақыттың жақындағаны ма, өз ішімізде қобалжу бары рас.

 

 


 

Оқылды: 675 рет Соңғы рет өзгертілді: Жұма, 05 Мамыр 2017 07:18

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C