Айтарым бар

Жанболат Мелдешев: 

халықаралық бағдарламалар орталығының директоры: 

    Манчестер университеті Малайзияда өз кампусын ашады немесе Малайзияның кейбір университеті әлемдегі үздік университеттің франшизасын сатып алады. Бұндағы оқыту осы университеттің бағдарламасына сәйкес, сол университет мұғалімдерінің қатысуымен жүргізіледі, бірақ құны 10 есе төмен. Сондықтан Малайзияға британдық жоғары оқу орындарының дипломы үшін оқуға түсу бүгінгі таңда кең етек алған, ал Малайзия үшін бұл «білім беру туризмін дамыту» тұрғысынан тиімді. Бізге де сол жолмен жүрсе болады, яғни әлемнің жетекші университеттері үшін Қазақстанда оқу орындарын ашу мүмкіндігін беру. Соның нәтижесінде Үндістан, Қытай, Өзбекстан, Иран және басқа елдерден келген студенттерді Қазақстанда оқытыпОрталық Азиядағы ірі білім беру орталығына айналар едік. 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 06:31

Шәкірттерін шыңдаған ұстаз

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Ұстаз - ұлы тұлға. Ұстаз ең­бегіне ұлы педагог Ыбы­рай Алтынсарин "Мұғалім - мектептің жүрегі" деп баға берген. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: "Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ­тың қолында, ал жас ұр­пақ­тың тағдыры ұстаздар­дың қолында" деп ұстаз­дардың қоғамдағы орнына дәл баға берді.

  Сондай ұстаздардың бірі Гүлжан Жарыл­қапқызы Алипбаева №211 А.Бай­тұрсынов атын­дағы орта мектепте 1990 жыл­дан бері география пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп келеді. Бала­ны еңбекке, имандылыққа, білім­паз­дыққа тәр­биелеу жолында атқарған жұмыста­ры­ның қиын­шылықтарын, жетістіктері мен кем­ші­ліктерін анықтау мақсатында еңбек етуде. Қиындығы мен қызығы мол ұстаз еңбегін абыроймен атқарып жүрген ол оқушының терең әрі сапалы білім алуына көп көңіл бөледі. Әр сабағының маз­мұнды өтуіне ерекше мән беріп, өтілетін тақы­рыптың мазмұнын жан-жақты ашу үшін көр­не­кілікті, жаңа әдістер мен технологияларды ұтымды пайдаланады. Өзінің ізденімпаздығы арқасында жүргізген үлгілі сабақтары облыс, қала мектеп­терінде жоғары бағаға ие болуда. Гүлжан Алип­баеваның шәкірттері облыстық, қалалық пәндік олимпиаданың І, ІІ, ІІІ орын иегерлері, ҚазҰУ пән­дік олимпиадасының ІІІ орын иегер­лері, ҰБТ-да оқушылары жоғары баллдық көрсет­кіштерге жетті. Қалалық пәндік олим­пиадада 7-сынып оқушысы Аружан Ертай І орын иегері атанды. 2016-17 оқу жылында Түркіс­тан қаласында өткізілген Қ.А.Ясауи атындағы Ха­лықаралық қазақ-түрік универ­си­тетінің ұйым­дастыруымен өткен ІҮ Респуб­ликалық "Яссауи" пән­дік олим­пиадасында оқу­шысы Еламан Ибрагим жүлделі орынға ие болып, грант негізінде білім алу серти­фикатын ұтып алды.

  Гүлжан Жарыл­қапқызы қалалық пән мұғалім­де­рі арасындағы түрлі сайыстардың жеңімпазы. Мек­­теп өміріне ара­ласқаны үшін, нәтижелі еңбегі үшін мектепішілік, қалалық білім бөлімінің, об­лыс­­тық білім жетілдіру институтының грамо­та­­­лары, алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қа­тар, қала әкімінің құрмет грамотасымен мадақталған.

  "Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы" дегендей, апайдың мектеп бітіріп кеткен түлектері грант иегері болып, ел азаматтары болып абыройлы қызмет атқарып жатқандары қаншама.

  Гүлжан Жарылқапқызына болашақта алар асулары, көрінер белестері көп болсын дей отырып, шығармашылық табыс, зор денсаулық, шәкірт­те­рінің тек қана жеңістеріне бөленіп жүре берсін деген тілегімді білдіремін.

Гүлназ ҚАРАЕВА,

А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Оқылды: 269 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 06:36

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Наурызды қандай киіммен тойлағанды құп көресіз?

Дәстүрлі киім - 29.3%
Басқа ұлт өкілдерінің дәстүрлі киімі - 36.6%
Мейрамға арнап тапсырыспен тіктірілген киім - 9.8%
Классикалық киімде - 24.4%
Өз таңдауыңмен киіну - 0%

Total votes: 41
The voting for this poll has ended on: 30 Нау 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C