Айтарым бар

Жанболат Мелдешев: 

халықаралық бағдарламалар орталығының директоры: 

    Манчестер университеті Малайзияда өз кампусын ашады немесе Малайзияның кейбір университеті әлемдегі үздік университеттің франшизасын сатып алады. Бұндағы оқыту осы университеттің бағдарламасына сәйкес, сол университет мұғалімдерінің қатысуымен жүргізіледі, бірақ құны 10 есе төмен. Сондықтан Малайзияға британдық жоғары оқу орындарының дипломы үшін оқуға түсу бүгінгі таңда кең етек алған, ал Малайзия үшін бұл «білім беру туризмін дамыту» тұрғысынан тиімді. Бізге де сол жолмен жүрсе болады, яғни әлемнің жетекші университеттері үшін Қазақстанда оқу орындарын ашу мүмкіндігін беру. Соның нәтижесінде Үндістан, Қытай, Өзбекстан, Иран және басқа елдерден келген студенттерді Қазақстанда оқытыпОрталық Азиядағы ірі білім беру орталығына айналар едік. 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 06:58

Робототехника: Инновация мен идея

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

   Әлем төртінші революцияға аяқ басты. Жаһанданудың жаңа кезеңі. Технология мен инновацияны жаңа жобалар мен идеялар күтіп тұр. Қазіргі бәсекелестік нарық ғылымнан бағыт алады. Ал, ғылым бір орында тұрған жоқ. Демек, отандық ғылым саласын ілгерлетудің жолы роботехникаға байлаулы. Соңғы он жылдық көлемінде Қазақстан робототехника бағытына салмақ салды. Десе де, еліміз үшін робототехника әлі де жас сала. Зерттеу мен зерделеуді, тың идеяларды қажет етеді. Себебі әлемде роботтанудың қарқыны үдеп барады. Бұрын таңырқап қарайтын қарапайым роботтар жүк таситын, музыкада ойнайтын, адамдарды қауіпсіздіктен қорғайтын, үй жануарларын бейнелейтін, тіпті ғарышқа ұшатын қызметтерді атқара алатындай қабілетке ие болуда.

   Жалпы робототехника саласының тарихы тым әріде жатыр. Дереккөздерге сүйенсек, Ежелгі Египетте, Вавилонда, Қытайда аяқ-қолы қозғалатын құдайлардың мүсіндері жасалған. Ал, біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырларда римдік ақын Клавдий ғалым Архимед жасаған автоматты құрылғы туралы жазған. Бізге мәлім Андроидты алғаш рет он үшінші ғасырда өмір сүрген алхимик Альберт фон Больштедт жасаған деседі. Уақыт өте келе робототехника бағытында айтулы жаңалықтар пайда болды. Адам әрекетін қайталайтын, сөйлейтін роботтар күні бүгінге дейін ел аузында айтылып келді. Енді робототехниканың арнасы кеңейді. Робот құрастырып шығаруда әлем елдерінің арасынан Жапония, Германия, АҚШ, Корея көш бастады. Себебі жүйелі жолға қойылған. Робототехника бағытында сүлесоқ қарамайтын бұл елдер үшін инновациялық идеялар табыс көзі, әрі қандай да бір әлеуметтік проблемалардың шешілуіне сеп.

  Қазақстанға оралайық. Ауызды қу шөппен сүрту әбестік болар. Қазақ жастарының техникамен тіл табысып, инновациялық жобаларды жасап жүргендері аз емес. Демек, "робототехника қазақ балаларының қолы емес" деуге негіз жоқ. Алайда, көшке ілесуде бұл аздық етіп отыр. Қазақ балаларының қабілетін ашуда Назарбаев зияткерлік мектептері мен дербес білім беру ұйымдары аталған саланы игерудің жолына кірісіп кетті. Мұнан бөлек елімізде "КазРоботикс" республикалық федерациясы құрылып, сала жандана бастады. Қазақстандық инженерлердің жас буынын даярлау арқылы ғылыми-техникалық бағытты дамытуды көздеген федерация бірнеше жылдан бері робототехника бағытында оқушылар арасында республикалық жарыс ұйымдастырып келеді. Аталған ашық жарыстың іріктеу туры Қызылордада жалғасын тапты.

   Робототехника саласы бойынша облыстық іріктеу саласына 70-ке жуық оқушы қатысты. Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығынан 12 оқушы, Назарбаев зияткерлік мектебінен 18 оқушы, №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынан 8 оқушы, Білім инновация лицейінен 20 оқушы, Қазалы ауданынан 2 оқушы, Сырдария ауданынан 2 оқушы, Қармақшы ауданынан 2 оқушы келді.

  Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен ашық жарыс робосумо, кегельринг, робофутбол, биатлон, сызық бойымен жарыс және шығармашылық жобалар кезеңдерін қамтыды.

  Роботтар байқауына "КазРо­ботикс" республикалық федерация­сы­ның президенті Айжан Жекеева, облыстық білім басқармасының бас­шысы Бақытжан Сайлыбаев, жо­ғары оқу орындарының ақпарат­тық-технологиялық саласының маман­дары қатыстырылды.

 

    Дамира Жанбаева мен Зейнулла Дулат аймақтық жарысқа ерекше жобамен келген. №137 орта мекте­бінің оқушылары "Валли" атты жоба­ны ұсынып отыр. Бұл робот әлеу­меттік жағдайы төмен, жүру мүмкін­ші­лігінен айырылған адамдарға ерек­ше көмегін береді. Қимыл-қозғалыс тапсырмаларын орындау­мен бірге шаңсорғыш қызметін бір мезетте игереді. Күн энергиясынан қуат алатын "Валли" роботы жарық сөнген жағдайда ұялы телефондарды қуаттандыра алады.

  Ізденіс жолында жүрген жастар­дан идеяның қайдан алғандарын сұ­ра­дық. Жетекшілермен жүргізген жо­ба екі апта уақыт ішінде жүзеге асқан.

  - Әмбебап робот "Валли" - қазіргі заманға лайық, жан-жақты жабдық­талған робот. Жоба идеясын әлемді қоқыстан тазартатын Валли мульт­фильмінен алдық. 3 оқушы болып құрастырып, ро­ботты жүзеге асыр­дық. Болашақта әлі де жетілдіретін тұс­тары бар. Прак­ти­када күнделікті қол­дануға болады,- дейді Дамира Жан­баева.

  Тағы бір жобаға назар аудардық. Қор­­шаған ортаны зерттеуге арналған кеме робот та көптің көзіне түсті. №4 дарынды балаларға арналған мектеп ин­тернатынан кел­ген Бибайша Абу­бакир мен Айару Камалдың кеме роботының өзіндік ерекшелігі бар. Айталық, жоба прог­рамма арқылы адамның басқаруын­сыз қозғалыс жасайды. Алдына ка­мера орнату арқылы адам бара ал­майтын жерлер­ді зерттеуге мүмкіндік береді. "Бола­шақтың зерттеуші ке­месі" деп атау берген оқушылар мұ­ны­мен тоқталып қалғысы келмейді. Себебі робото­техникамен енді ғана айналысуда.

  Робототехника - программалау. Бұл бірнеше саламен қабысып жа­тыр. Информатика, механика, элект­роника, физиканы жете меңгеру керек. "Казроботикс" республикалық феде­рациясының аймақ­тағы өкілі Раушанбек Сариев роботехника байқауы­ның берері мол екенін айтады. Ай­туынша, робото­тех­ника арқы­лы оқушы­ларды бір­не­ше салаға бағыт­тауға болады.

   Аймақтық іріктеу жарысында тек І орын­ға "Сызық бойы­мен жарыс" бағы­тын­да Р.Кенжәлі, М.Іс­кен­дір, "Биатлон" бо­йынша О.Абдуллаев, Р.Үмбетов, "Робосумо" бағытынан 10-16 жас аралығында Д.Та­забекова, А.Орын­бек, 17-21 жас аралығында К.Вла­димир, Д.Мұңайт­пас иеленді.

  Ал, "Робофутбол" саласы бо­йынша жүлделі І орын Н.Балғабай, Ә.Садуақасқа бұйырды. "Кегель­ринг" бағытында Р.Бейбарыс, Х.Те­мір­лан топ жарды. Шығармашылық жоба бағытында жобаларды қорғаған оқушылардың арасында 17-21 жас аралығында Ж.Махметқожа, Б.Скен­­дір, 10-16 жас аралығында Т.Шарип, А.Өмірбекова жүзден жүйрік атанып, І орынға қол жеткізді.

   Түйін. Роботехника - табысты сала. Бүгінде көрші Ресей әскери роботтарды дамытуға күш салып жатыр. Демек, жыл санап әлеуеті артып барады. Медицинаның да қордаланып қалған түйіндерін шешуге ықпалы бар. Робототехникаға Қазақ­с­танның да қосар үлесі бар. Тек бұл саламен кез келген мектептің оқушы­лары айналыса алмайды. Себебі бар­лық мектептің инновациялық жоба­ларды жүзеге асыратын материалдық әлеуеті көтермейді.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Оқылды: 759 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Мұғалім мәртебесі Жиналысқа бардыңыз ба? »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Наурызды қандай киіммен тойлағанды құп көресіз?

Дәстүрлі киім - 29.3%
Басқа ұлт өкілдерінің дәстүрлі киімі - 36.6%
Мейрамға арнап тапсырыспен тіктірілген киім - 9.8%
Классикалық киімде - 24.4%
Өз таңдауыңмен киіну - 0%

Total votes: 41
The voting for this poll has ended on: 30 Нау 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C