Айтарым бар

Жасұлан СЕРІКОВ,   сарапшы:

   - Израиль Үкі­меті бизнесте та­быс­қа жеткен кә­сіп­кер­лерді мектепке шақырып, оқушыларды кәсіп­керлікке үйретеді. Бұл оқу курсын оқып келген  мұғалімнен әлде­қайда нәтижеге жақындайды. Өмірде белеске жеткен бизнесменнің өмір жолы, кәсіп ашудағы кедер­гілері мен қадамдарын оқушылар меңгереді. Ал, бізде білім саласында бюрократия басым. Табысты кәсіпкер мектепке, не жоғары оқу орнына сабақ беру үшін оның арнайы педагогикалық білімі болуы керек. Кейде тәжірибелі маманның дәрісі әлдеқайда тиімді. Меніңше, біздің елде кәсібін жол­ға қойған кә­сіпкерлерді шақырып, дәрісін алса, кез келген кәсіпкер оқушылармен кездесуден қашпайды. Мұны жергілікті білім басқармалары реттеу керек. Баланы бизнеске қызықтыру үшін ол өнер­кәсіп­тің ортасында, іскерлік алаңда сабақ ұйымдастырылу керек.

   Қазір «Үкімет өлтірмейді» деген қасаң қағидадан арылатын кезең келді. Жалдамалы жұмысшы боламын деген түсініктен арылып, өзімнің шағын кәсі­бімді ашып, жұмыс орнын ашамын деп мақсат ету керек. Бұл үшін баланың фундаменталды білімі болуы тиіс. Ол үшін қаржылық сауаттылық қажет.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 05:50

4603 жас жұмысшы мамандығын меңгереді

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

        Оқу оқуға қыруар қаражат керек екені белгілі. Бү­гінгідей нарықтық уақытта оқу орындарының бағасы да шарықтап тұр. Әрине, білімге салынған капиталдың қайтымы болады. Десе де, сұранысты қажет ететін ма­мандықтарды мемлекеттік бағдарламалар арқылы тегін оқуға мүмкіндік бар. Мектепті тәмамдаған кез келген жас жұмысшы мамандығын таңдай отырып, тегін оқудың жолын ала алады. Биыл кәсіптік сала бағытын­да айтарлықтай жаңалық бар. Оған себеп Елбасының өткен жылғы тапсырмасына сәйкес "Баршаға арнал­ған тегін кәсіби-техникалық білім беру" жобасы жүзеге асатын жыл.

   Еске сала кетейік, өткен жылы Үкімет "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасын бекітті. Аталған бағдарлама өз кезегінде жұмысшы мамандығын даярлауды екі бағытта жүзеге асырады. Ал­ғаш­­қысы колледждерде техникалық және кәсіптік білімі бар жұмысшы мамандарын  даярлау болса, екін­ші­сі қысқа мерзімді курстарда қайта даярлау. Тегін оқудың мүмкіндіктері мен бағдарлама барысы туралы кеше Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қарабалаев журналистермен кездесіп, саладағы сұрақтарға жауап қайырды.

  Ерлан Жағыппарұлының айтуынша, бағдарлама бойынша үстіміздегі жылы негізгі мектеп пен орта мектепті бітірушілерді, сонымен бірге өткен жылы орта мектепті бітіріп, кәсіптік біліммен қамтылмай қалған 4603 жасты аймақ экономикасының сұранысына қажет мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім берумен қамту жоспарланған. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 1515, жергілікті бюджет есебінен 3088 мектеп бітіруші кәсіптік біліммен қамтылмақ.

  Жұмысшы кластерін дамытудың жолына айнал-ған бағдарлама шеңберінде мемлекеттік тапсырыс көлемі 38,2%, оның ішінде жұмысшы мамандығы бойынша тапсырыс көлемі 2 есеге артқан. Бұл дегеніңіз әрбір мектеп бітіруші тегін техникалық және кәсіптік білім алуына мүмкіндік алады деген сөз.

  - Өткен оқу жылы орта мектепті бітірген 6452 ба­ланың 95,0 % колледждер мен университеттерде кәсіптік білім алуға қол жеткізген болса, биыл­ғы жылғы 6196 бітірушінің 97,0 % білім алумен қамтылып отыр. Ал, үстіміздегі оқу жылы 11-сыныпты бітіруші 6196 түлектің 70,1 %, яғни 4123-сы жоғары білім алу ниетімен ҰБТ-ге қатысты. Қал­ған 1810 оқушыны, сонымен бірге, ҰБТ-ден шекті 50-ден төмен балл алған 147 бала мен өткен оқу жылы кәсіптік біліммен қамтылмай қалған 355 түлекті, барлығы 2362 бітірушіні бірінші кезекте тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту жүзеге асырылды,-дейді Е.Қарабалаев.

   Биыл барлығы 1190 орын мемлекеттік тапсырыс бойынша кәсіптік білім алатын болады. Осы аталған орындардың 825-і жергілікті бюджеттен, 365-і "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021" бағдарламасы бойынша беріліп отыр.

   Брифинг барысында басқарма мамандары қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына қатысты жаңалықтарды да назарға салды. Айталық, қысқа мерзімді курстар 35 мамандық бойынша 19 оқу орны мен 2 оқу орталығында жүзеге асады. Ол үшін оқу орындары тарапынан дуальді оқытуға негізделген үш жақты келісім шарттар жасалыпты. Нәтижесінде 1044 адам қысқа мерзімді оқыту курстары арқылы кәсіптік білім алуда. Қысқа курсты оқитын жастар еңбек сұранысына қажетті "Аспазшы", "Электр газбен дәнекерлеуші", "Слесарь-жөндеу­ші", "Компьютерлік сауаттылыққа оқыту", "Даяшы", "Электрик", "Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист", "Тігінші", "Шаштараз шебері", "Сылақшы", "Жеміс-көкөніс өсіруші", "Жиһаз жинақтаушы", "Наубайшы" сынды мамандықтар бойынша білімін жетілдіруде.

   Қазірде бағдарламаға қатысушы 1 адамға 46759 теңге қаралған. Аталған қаржының 30 мың теңгесі оқуға бағытталса, 16759 теңгесі шәкіртақы ретінде қаралған.

А.ҚАРАКЕСЕК

 

 

Оқылды: 214 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Бүгінгі күні оқушылар мамандықты қалай таңдайды?

Күнтізбе

« Ақпан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C